РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарма ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 16 наурыздағы № 61 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3825 тіркелген, 2015 жылдың 09 сәуіріндегі "Қалба тынысы" аудандық газетінде және 2017 жылы 10 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);
2) 2017 жылғы 15 мамырдағы № 113 "Ауданның жергілікті атқарушы органының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5047 тіркелген, 2017 жылдың 09 маусымдағы "Қалба тынысы" аудандық газетінде және 2017 жылы 17 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);
3) 2018 жылғы 27 маусымдағы № 185 "Жарма ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-146 тіркелген, 2018 жылдың 20 шілдедегі "Қалба тынысы" аудандық газетінде және 2018 жылы 31 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
2. "Жарма ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Жарма ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Узбековқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Н. Нургалиев |