Жарма ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 36/296-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 6081 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 10/206-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 05.01.2024 № 10/206-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Сахметжанова
      Мәслихат хатшысы А. Сахметжанова

  Жарма аудандық мәслихатының
2019 жылғы 16 шілдедегі
№ 36/296-VI шешімімен
бекітілді

Жарма ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже

1. Жалпы ереже

      1. Жарма ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және Жарма ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) марапаттауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

2. Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша талаптар

      2. Жарма ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылым, мәдениет және білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және заңдылықты нығайту, қызмет көрсету саласындағы, қоршаған ортаны қорғау,жастарға тәрбие беру, дене шынықтыру мен спорттағы, әскери, қоғамдық және мемлекеттік және өзін-өзі басқару қызметтерін дамытудағы елеулі жетістіктері, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтудағы табысты жұмыстары, қайырымдылық қызметпен айналысатын және белсенді еңбегі мен қоғамдық-саяси қызметі үшін еңбектерін ардақтау белгісі ретінде аудан азаматтары наградталады.

3. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      3. Құрмет грамотасы сыртқы бетінде алтын түспен Елтаңба белгісі салынған, бас әріппен мемлекеттік тілде "JARMA AY`DANYNYN` QURMET GRAMOTASY", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЖАРМИНСКОГО РАЙОНА" деп жазылған, қосымшасы бар көк түсті папка. Қосымшасы A3 форматындағы тығыз жылтыр қағаздан екі бүктелген түрде типографиялық әдіспен дайындалады.

      4. Қосымшаның сыртқы бетіне алтын түспен Елтаңба белгісі салынып, түгелдей бас әріппен мемлекеттік тілде "JARMA AY`DANYNYN` QURMET GRAMOTASY", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЖАРМИНСКОГО РАЙОНА" деп жазылады. Ішкі жағы алтын түстес өрнекпен жиектеліп, сол жақ бетіне мемлекеттік тілде, оң жақ бетіне орыс тілінде марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбектері көрсетіліп жазылады. Құрмет грамотасы аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының қолдарымен расталады. Берілген уақыты көрсетіледі.

4. Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібі

      5. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныс тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, білімі туралы, жұмыс орны мен атқаратын лауазымы, тиісті ұйымдағы сәйкес кәсібі немесе лауазымы бойынша саладағы жалпы еңбек өтілі, жетістіктері және марапаттары мен атақтары туралы көрсетілген мәліметтер аудан әкімдігіне жолданады.

      6. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы (тиісті ұйым басшысының қолы және мөрімен) ұсынысты еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді .

      7. Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және марапаттау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін марапаттау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.

      Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкімі арқылы Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім қабылданады.

      8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат хатшысы, немесе олардың тапсырысы бойыша өзге тұлға тапсырады.

      9. "Жарма ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ Құрмет грамотасымен марапатталған азаматтардың есебін жүргізеді.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Жарминского района

Решение Жарминского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 16 июля 2019 года № 36/296-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 19 июля 2019 года № 6081. Утратило силу решением Жарминского районного маслихата области Абай от 5 января 2024 года № 10/206-VIII.

      Сноска. Утратило силу решением Жарминского районного маслихата области Абай от 05.01.2024 № 10/206-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Жарминский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Положение о награждении Почетной грамотой Жарминского района согласно приложению к данному решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Сахметжанова
      Секретарь маслихата А. Сахметжанова

  Утвержден
решением Жарминского
районного маслихата
от 16 июля 2019 года
№ 36/296-VІ

Положение о награждении Почетной грамотой Жарминского района

1. Общее положение

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Жарминского района разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок представления к награждению Почетной грамотой Жарминского района (далее – Почетная грамота) и ее вручения.

2. Требования по награждению Почетной грамотой

      2. Почетной грамотой Жарминского района (далее – Почетная грамота) награждаются граждане района, в знак признания их заслуг за значительные достижения в экономике, социальной сфере, науке, культуре и образовании, здравоохранении, в укреплении законности и правопорядка, в сфере оказания услуг, в охране окружающей среды, воспитании молодежи, физической культуры и спорта, в воинской, общественной и государственной службе и самоуправлении, за плодотворную работу по укреплению дружбы и солидарности между народами и культурных связей, занимающиеся благотворительной деятельностью, за активную общественно-политическую и трудовую деятельность.

3. Описание Почетной грамоты

      3. Почетная грамота представляет собой папку синего цвета с изображением на лицевой стороне золотистым цветом Герба и надписью заглавными буквами на государственном языке "JARMA AY`DANYNYN` QURMET GRAMOTASY" и на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЖАРМИНСКОГО РАЙОНА" со вкладышем. Вкладыш изготавливается типографическим способом в развернутом виде из плотной лощеной бумаги формата A3.

      4. На лицевой стороне вкладыша располагается изображение Герба золотистым цветом, с надписью заглавными буквами на государственном языке "JARMA AY`DANYNYN` QURMET GRAMOTASY" и на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЖАРМИНСКОГО РАЙОНА". С внутренней стороны вкладыша по сторонам нанесен орнамент золотистого цвета, на левой стороне на государственном, на правой стороне на русском языках указываются фамилия, имя, отчество и заслуги награждаемого. Почетная грамота заверяется подписями акима района и секретаря районного маслихата.

4. Порядок награждения Почетной грамотой

      5. Представление о награждении Почетной грамотой направляется в акимат района, в котором указываются фамилия, имя, отчество, число, месяц, год рождения, сведения об образовании, о месте работы и занимаемой должности, общих стаж работы в отрасли, в соответствующей организации по соответствующей профессии или должности, о достижениях и об имеющихся наградах и званиях.

      6. Представление о награждении Почетной грамотой (с подписью и печатью руководителя соответствующей организации) от имени трудовых, творческих коллективов, районных представительных и исполнительных органов, общественных объединений вносят их руководители.

      7. Поступившие документы по награждению Почетной грамотой для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению направляются в комиссию при акиме района по награждениям (далее - Комиссия).

      Решение о награждении Почетной грамотой принимается акимом района и секретарем районного маслихата (или лиц исполняющих их обязанности) согласно положительного заключения Комиссии путем издания совместного распоряжения.

      8. Вручение Почетной грамоты производится в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким района или секретарь районного маслихата либо иное лицо по их поручению.

      9. Государственное учреждение "Аппарат акима Жарминского района" реализует мероприятия по документационному и иному обеспечению, а также по учету лиц, награжденных Почетной грамотой.