Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 30.06.2020 № 271 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 97 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5859 тіркелген, 2019 жылдың 19, 26 сәуірінде "Қалба тынысы" аудандық газетінде және 2019 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жарма ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданының әкімі | А. Нургожин |
Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "16" қазандағы № 301 қаулысына қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р/н | Ұйымның атауы | Жұмышылар саны | Квота мөлшері (% ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан) | Жұмыс орындарының саны, адамдар |
1 | "Горняк" старательдер артелі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 375 | 1 | 4 |
2 | "Георгиевский завод насосного оборудования" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 109 | 1 | 1 |
3 | "Теміржол жөндеу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – "ПМС Шар" филиалы | 140 | 1 | 1 |
4 | "Қамқор локомотив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Шар локомотив жөндеу депосы" филиалы | 105 | 1 | 1 |
5 | Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің –атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Еңбек-Өскемен" № 110 филиалы | 421 | 1 | 4 |
6 | "Васильевское" тау-металургиялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы | 115 | 1 | 1 |
7 | "Жарма Құрылыс - Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 74 | 1 | 1 |