Зайсан ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 37-8/3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 сәуірде № 5820 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № VIII-21-23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 27.03.2024 № VIII-21-23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зайсан ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Тусупов
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

  Зайсан аудандық мәслихатының
2019 жылғы 15 наурыздағы
№ 37-8/3 шешіміне қосымша

Зайсан ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже

1. Жалпы ереже

      1. Зайсан ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және Зайсан ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) наградтауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

2. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша талаптар

      1. Құрмет грамотасы:

      1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, денсаулық сақтаудағы, спорттағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі, қайырымдылық жасаудағы елеулі жетістіктері үшін;

      2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту, қоршаған ортаны қорғау, жастарға тәрбие беру, бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін марапаттау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.

      2. Құрмет грамотасымен:

      1) Зайсан ауданының дамуына қомақты үлес қосқан азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;

      2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары;

      3) азаматтығы жоқ адамдар және шет мемлекеттердің азаматтары наградталады.

      3. Құрмет грамотасымен:

      1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар марапаттала алмайды.

      4. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде ауданның Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды.

      5. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.

3. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      1. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты аудан әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұсынады.

      2. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыныс хат тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), жұмыс орнын (Жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), білімі туралы мәліметтерді, лауазымы бойынша саладағы жалпы еңбек өтілі, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып ұсынылуы тиіс. Ұсыныс хатқа мекеме басшысының қолы қойылып, мөрімен бекітіледі. Ұсыныс хатқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі тіркеледі.

      3. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кем мерзімде келіп түскен ұсыныс хат аудан әкімінің қарауына қабылданбайды.

      4. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін аудан әкімі жанындағы марапаттау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады.

      5. Комиссияның оң қорытындысы алынғаннан кейін ұсыныс аудандық қоғамдық кеңесте мақұлданып, аудандық мәслихат хатшысының келісімі алынып, аудан әкімі (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) "Құрмет грамотасымен наградтау туралы" шешім шығарады.

      6. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырады.

      7. "Зайсан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ Құрмет грамотасымен наградталған азаматтардың есебін жүргізеді.

4. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      Құрмет грамотасы папкадан және ішіне салынатын айқарма беттерден тұрады. Папка көк түстен дайындалады. Папканың бет жағында 8х8 сантиметр көлемінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде "ЗАЙСАН АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЗАЙСАНСКОГО РАЙОНА" жазуы жазылған.

      Құрмет грамотасы А3 форматында дайындалады, қағазы жылтыр, тегіс, салмағы 25 грамм, түрлі-түсті басу, сыртында Зайсан ауданының логотипі, төменгі бөлігінде алтын түсті қазақтың ұлттық оюы бейнеленген.

      Айқарма беттің ішкі бөлігі алтын түсті өрнекпен жиектелген, жоғары жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан.

      Сол жағында қазақ тілінде наградталушының тегі, аты, әкесінің аты, наградталушының ауданға сіңірген айрықша еңбегінің қысқаша сипаттамасы, "наградталды" сөзі бар мәтін орналасады.

      Төменгі бөлігінде аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының аты-жөні және қолы үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрмен расталады, мемлекеттік тілде марапаттау туралы шешім номері, күні көрсетіледі.

      Айқарма беттің ішкі оң жағында: қазақ тіліндегі мәтіннің орысша аудармасы орналастырылады.

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басты куәландыратын құжатына сәйкес көрсетіледі.

      Ұйым, мекеме немесе шығармашылық ұжымның атауы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес көрсетіледі.

      Айқарма бет компьютермен терілген көлбеусіз қара көк түсті шрифтермен толтырылады.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Зайсанского района

Решение Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 15 марта 2019 года № 37-8/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 1 апреля 2019 года № 5820. Утратило силу решением Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27 марта 2024 года № VIII-21-23

      Сноска. Утратило силу решением Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.03.2024 № VIII-21-23 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Зайсанский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о награждении Почетной грамотой Зайсанского района согласно приложению настоящего решения.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Т. Тусупов
      Секретарь районного маслихата Д. Ыдырышев

  Приложение
к решению Зайсанского
районного маслихата
от 15 марта 2019 года № 37-8/3

Положение о награждении Почетной грамотой Зайсанского района

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Зайсанского района (далее – Почетная грамота) разработано в соответствии Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок представления к награждению Почетной грамотой Зайсанского района (далее – Почетная грамота) и ее вручения.

2. Требования по награждению Почетной грамотой

      1. Почетная грамота является одной из форм поощрения и стимулирования за:

      1) значительные достижения в экономике, социальной сфере, науке, культуре, образовании, спорте, в воинской и государственной службе, правоохранительной и общественной, благотворительной деятельности;

      2) осуществление плодотворной деятельности по укреплению дружбы и солидарности между народами и культурных связей, в охране окружающей среды, в воспитании молодежи и подрастающей поколении.

      2. Почетной грамотой награждаются

      1) граждане, работники учреждений, предприятий и организаций внесшие значительный вклад в развитие Зайсанского района.

      2) коллективы хозяйствующих субъектов независимо от форм собственности, организаций, учреждений, творческие коллективы, достигшие высоких показателей в труде, общественно-политической деятельности;

      3) лица без гражданства и граждане иностранных государств.

      3. Почетной грамотой не могут быть награждены:

      1) лица, имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент награждения;

      2) лица, признанные судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;

      3) лица, признанные судом виновными в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения

      4. Одно и то же лицо (коллектив, организация) не может дважды представляться к награждению Почетной грамотой района в течение пяти лет.

      5. Награждение приурочивается к национальным, государственным, профессиональным и иным праздникам Республики Казахстан.

3. Порядок награждения Почетной грамотой

      1. Ходатайство к награждению Почетной грамотой направляется в аппарат акима района не позднее чем за 10 (десять) календарных дней до дня проведения мероприятий учреждениями, организациями, предприятиями независимо от форм собственности, местными исполнительными и представительными органами, общественными организациями, творческими объединениями, органами местного самоуправления.

      2. В ходатайстве указываются фамилия, имя, отчество (если есть), место работы (официальное название организации и занимаемой должности по учредительным документам), дается характеристика с изложением информации об образовании, общего стажа в занимеамой должности, конкретных трудовых и творческих заслуг и наград. Ходатайство подписывается руководителем и скрепляется печатью. К ходатайству прилагается копия удостоверения личности кандидата.

      3. Не правильно оформленные и поступившие менее чем 10 (десяти) календарных дней до награждения ходатайства не рассматриваются акимом района.

      4. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению направляются в наградную комиссию района (далее – Комиссия).

      5. Решение о награждении Почетной грамотой принимается акимом района (или лицом, исполняющего его обязанности) по согласованию секретаря районного маслихата согласно положительного заключения Комиссии после предварительного одобрения районным общественным советом.

      6. Почетную грамоту лично в торжественной обстановке вручает аким и (или) секретарь районного маслихата.

      7. Государственное учреждение "Аппарат акима Зайсанского района" ведет учет награжденных Почетной грамотой и обеспечивает документальные и другие необходимые меры.

4. Описание Почетной грамоты

      Почетная грамота состоит из папки и вкладыша. Папка изготавливается из синего цвета. На лицевой стороне папки изображен Государственный Герб Республики Казахстан размером 8х8 сантиметра и надпись на казахском "ЗАЙСАН АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", на русском "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЗАЙСАНСКОГО РАЙОНА".

      Почетная грамота изготавливается в формате А3, бумага глянцевая, гладкая, вес 25 грамм, печать цветная, на лицевой стороне изображен логотип Зайсанского района, снизу казахский национальный орнамент золотистого цвета.

      Внутрь вкладыша оформлен золотистой рамкой, в верхней части расположен Государственный Герб Республики Казахстан.

      На левой стороне распологается текст на государственном языке, который содержит фамилию, имя, отчество награждаемого, краткое описание заслуги награждаемого и слово: "наградталды".

      В нижней части располагается текст для подписи акима района и секретаря районного маслихата на государственном языке, подпись заверяется гербовыми печатями, после подписи указывается номер решения и дата награждения на государственном языке.

      На правой стороне внутри вкладыша располагается: русский перевод текста.

      Фамилия, имя, отчество награждаемого указываются согласно удостоверений личности.

      Наименование организации, учреждения или творческого коллектива указывается в соответствии с учредительными документами.

      Вкладыш заполняется путем компьютерного набора, шрифтами темно синего цвета, без наклона.