Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 21.09.2020 № 61-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 30-3 "Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек көрсету" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-168 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 27 қазанында аудандық "Достық" газетінде және 2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын.
"1. Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек жылына бір рет 31 104 (отыз бір мың бір жүз төрт) теңге мөлшерде көрсетіледі.";
2 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын.
"2) Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлға немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі еркін түрде өтінішпен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағында көрсетілген құжаттарды береді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ф. Мұхаметқалиев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Ыдырышев |