Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V "Катонқарағай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 маусымдағы № 28/235-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 маусымда № 6010 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/134-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 10/134-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V "Катонқарағай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 3328 нөмірімен тіркелген, аудандық "Арай" газетінде 2014 жылғы 23 мамырда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешіммен бекітілген қағидалар жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Ережепов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Бралинов

  Катонқарағай
аудандық мәслихатының
2019 жылғы 20 мамырдағы
№ 28/235-VІ шешімімен бекітілген

Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерге әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің тәртібін және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Катонқарағай ауданының бөлімі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Катонқарағай ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылатын комиссия;

      4) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ауданның атқарушы органы;

      8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық округ әкімінің өкімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Катонқарағай ауданының жергілікті атқарушы органы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Осы Қағидалар Катонқарағай ауданының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет немесе мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы орташа табыстың шегін белгілеудің тәртібі

      7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін Катонқарағай ауданының жергілікті атқарушы органы белгілейді және Катонқарағай аудандық мәслихатының шешімдерімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      4) көпбалалық және/немесе мектепке дейінгі ұйымдарға баратын, отбасыда ерекше білім беру қажеттіліктерімен балалардың болуы негіздеме болып табылады.

      8. Осы қағиданың 13-тармағы 14) тармақшасында көрсетілген санаттағы алушылар үшін жан басына шаққандағы орташа табысының шегі ең төмен күн көріс деңгейінің алты еселік мөлшерінде белгіленсін.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 8,1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      10. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын және амбулаториялық емделудегі азаматтардың жол шығындарына және қосымша тамақтануларына ай сайынғы әлеуметтік көмек медициналық мекеменің тізімі бойынша, табыстарын есептемей, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.

      11. Облыстық медициналық мекемеге емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша жіберілген онкологиялық ауруы бар тұлғаларға автобус билетінің құнын өтеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      12. Табиғи апат салдарынан зардап шеккен тұлғаларға (отбасыларына) әлеуметтік көмек мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде қарастырылсын.

      13. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

      1) жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;

      3) арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар;

      4) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі ерте психофизикалық даму мүмкіндіктері шектелген балалар;

      5) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функциялары тұрақты бұзылған тұлғалар;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген тұлғалар;

      7) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын тұлғалар;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшыраған тұлғалар;

      9) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғалар;

      11) пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;

      12) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан зиян алған тұлғалар;

      13) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы белгілеген шектен аспайтын тұлғалар (отбасылар);

      14) мектепке дейінгі ұйымдарға баратын көпбалалы отбасылардың балалары және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың келесідегідей санаттарына көрсетіледі:

      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару және интернационалист жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан – басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға- 5 айлық есептік көрсеткіш;

      төрт және одан көп бiрге тұратын кәмелет жасқа толмаған балалары бар көп балалы отбасылар, оның iшiнде орта, кәсiптiк, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орнында күндiзгi оқу нысаны бойынша оқитын балалар, кәмелет жасқа толғаннан кейiн оқу орнын аяқтаған уақытқа дейiн (жиырма үш жасқа толғанға дейiн) – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына - 25 айлық есептік көрсеткіш;

      4) Жеңіс Күні - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына - 215 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде қалаларда қызмет атқарған, қорғанысқа қатысқан, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек еткен жылдарына әрекеттегі армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы есептелген әскери қызметшiлерге, бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде әрекеттегі армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездерде қалаларда болған, қорғанысқа қатысқан, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек еткен жылдарына әрекеттегі армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы есептелген адамдарға - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандарға - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу – көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу–көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталғандарға – 25 айлық есептік көрсеткіш;

      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 4,5 айлық есептік көрсеткіш;

      5) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға - 4,5 айлық есептік көрсеткіш.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      15. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Катонқарағай ауданының әкімдігі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.

      16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауылдық округтың әкіміне өтiнiшке қоса мынадай құжаттар ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтер;

      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актi және/немесе құжат.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан залал келтірілген адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табысын есептемей көрсетіледі.

      17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсетудің қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      24. Уәкiлеттi орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтiнiш берушiнiң құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсетудің қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      25. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      26. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталғанда;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқанда, жалтарғанда;

      3) әлеуметтiк көмек көрсету үшiн, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген шектен артқанда.

      27. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      28. Әлеуметтік көмектің тоқтатылуы:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Катонқарағай ауданының шегінен тыс тұрақты басқа жаққа тұруға кеткенде;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiбергенде;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке байланысты қайтарылуға тиісті.

5. Қорытынды ереже

      30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 22/157-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Катон-Карагайского района"

Решение Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 7 июня 2019 года № 28/235-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 13 июня 2019 года № 6010. Утратило силу решением Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 26 декабря 2023 года № 10/134-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 26.12.2023 № 10/134-VIII ( вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Катон-Карагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 22/157-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Катон-Карагайского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 3328, опубликовано в районной газете "Луч" 23 мая 2014 года) следующее изменение:

      Правила, утвержденные указанным решением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Б. Ережепов
      Секретарь районного маслихата Д. Бралинов

  Утверждены решением
Катон-Карагайского
районного маслихата
от 20 мая 2019 года
№ 28/235-VІ

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Катон-Карагайского района

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", от 29 декабря 2008 года № 114-IV "О специальных социальных услугах", от 13 апреля 2005 "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) уполномоченная организация – отдел Катон-Карагайского района по обслуживанию населения филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Восточно-Казахстанской области (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      3) специальная комиссия – комиссия, создаваемая постановлением акимата Катон-Карагайского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      4) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Восточно-Казахстанской области;

      5) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      6) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      7) уполномоченный орган – исполнительный орган района в сфере социальной защиты населения, финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;

      8) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая распоряжением акима сельского округа для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом Катон-Карагайского района в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      4. Настоящие Правила распространяются на лиц, зарегистрированных на территории Катон-Карагайского района.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно или периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).

      6. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акиматом Восточно-Казахстанской области.

2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи, установления размеров социальной помощи и порога среднедушевого дохода

      7. Перечень категорий получателей, предельные размеры социальной помощи, сроки обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара, устанавливаются местным исполнительным органом Катон-Карагайского района и утверждаются решениями Катон-Карагайского районного маслихата.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами в кратном отношении к прожиточному минимуму;

      4) многодетность и/или наличие в семье детей с особыми образовательными потребностями, посещающие дошкольные организации.

      8. Установить порог среднедушевого дохода в размере шестикратной величины прожиточного минимума для категорий получателей указанной в подпункте 14) пункта 13 настоящих Правил.

      9. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи. Предельный размер социальной помощи составляет – 8,1 месячных расчетных показателей.

      10. Оказывать ежемесячную социальную помощь без учета доходов гражданам, больным активной формой туберкулеза и находящимся на амбулаторном лечении, на проезд и дополнительное питание в размере 6 месячных расчетных показателей по списку медицинского учреждения.

      11. Оказывать социальную помощь в виде возмещения стоимости автобусного билета лицам, имеющих онкологическое заболевание по направлению лечащего врача в областное медицинское учреждение.

      12. Для лиц (семей), получивших вследствие стихийного бедствия предусмотреть размер социальной помощи в пределах 100 месячных расчетных показателей.

      13. Перечень категорий получателей социальной помощи:

      1) дети сироты и оставшиеся без родительского попечения;

      2) безнадзорные несовершеннолетние, в том числе девиантного поведение;

      3) несовершеннолетние, находящиеся в специальных организациях образования, организациях образования с особым режимом содержания;

      4) дети от рождения до трех лет с ограниченными возможностями раннего психофизического развития;

      5) лица, со стойкими нарушениями функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;

      6) лица, с ограниченной жизнедеятельностью вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих;

      7) лица, неспособные к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидности;

      8) лица, подвергшиеся жестокому обращению, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации;

      9) бездомные (лица без определенного места жительства);

      10) освобожденные из мест лишения свободы;

      11) лица, находящиеся на учете службы пробации;

      12) лица, получившие ущерб вследствие стихийного бедствия или пожара;

      13) лица (семьи), со среднедушевым доходом семьи, за квартал, предшествующий кварталу обращению, не превышающим установленного порога;

      14) дети из многодетных семей и дети с особыми образовательными потребностями, посещающие дошкольные организации.

      14. Единовременная социальная помощь памятным датам и праздничным дням предоставляется следующим категориям граждан:

      1) День вывода войск с территории Афганистана, День памяти воинов-интернационалистов – 15 февраля – участникам боевых действий на территории других, а именно:

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств; военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий; военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий; военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР; рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий – 35 месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, при исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия -35 месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия - 35 месячных расчетных показателей;

      2) Международный женский день – 8 марта:

      многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа" и "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", а также награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени – 5 месячных расчетных показателей;

      многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, высших учебных заведениях, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания ими учебных заведений (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) – 5 месячных расчетных показателей:

      3) Международный день Памяти жертв радиационных аварий и катастроф – 26 апреля:

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавших непосредственно в ядерных испытаниях и учениях – 35 месячных расчетных показателей;

      участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах - 35 месячных расчетных показателей;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения 35 месячных расчетных показателей;

      лицам, ставшим инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей- 25 месячных расчетных показателей.

      4) День Победы – 9 Мая:

      инвалидам и участникам Великой Отечественной войны – 215 месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившим в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 г. в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии – 35 месячных расчетных показателей;

      лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшим штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившихся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии – 35 месячных расчетных показателей;

      лицам, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг – 35 месячных расчетных показателей;

      лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований – 35 месячных расчетных показателей;

      работникам спецформирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, переведенных в период Великой Отечественной войны на положение военнослужащих и выполнявших задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также членов экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств – 35 месячных расчетных показателей;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда" – 35 месячных расчетных показателей;

      бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны – 35 месячных расчетных показателей;

      вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне, не вступившим в повторный брак - 35 месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 25 месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее 6 месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 4,5 месячных расчетных показателей;

      5) День памяти жертв политических репрессий - 31 мая - жертвам политических репрессий, лицам, пострадавшим от политических репрессий - 4,5 месячных расчетных показателей.

3. Порядок оказания социальной помощи

      15. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням, оказывается, по спискам, утверждаемым акиматом Катон-Карагайского района по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      16. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи представляет в уполномоченный орган или акиму сельского округа заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к "Типовым Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      Лицами (семьями), находящимися в трудной жизненной ситуации, вследствие стихийного бедствия или пожара, заявление подается в течение трех месяцев со дня наступления события.

      Единовременная социальная помощь лицам, получившим ущерб, вследствие стихийного бедствия или пожара, оказывается без учета доходов лица (членов семьи).

      17. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      18. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким сельского округа в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      19. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 и направляет их в уполномоченный орган или акиму сельского округа.

      Аким сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      20. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      21. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      22. Уполномоченный орган в течении одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      23. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      24. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 19 и 20 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима сельского округа.

      25. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      26. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного порога для оказания социальной помощи.

      27. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных местным бюджетом района на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      28. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Катон-Карагайского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      29. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

4. Заключительное положение

      30. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".