РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 2 тамызында жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 5-16-143 нөмірімен тіркелген) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2018 жылдың 2 шілдедегі № 27-6 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 тармақ келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) көпбалалық және/немесе отбасында Тарбағатай ауданының мектепке дейінгі ұйымдарына баратын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың болуы.";
3), 6) және 8) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:
"3) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген адамдар;
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшыраған адамдар;";
келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) мектепке дейінгі ұйымдарға баратын көпбалалы отбасылардағы балалар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.";
8 тармақ келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Осы Қағидалардың 7 тармағының 14) тармақшасында көрсетілген алушылар санаты үшін жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің алты еселік мөлшерінде бекітілсін.";
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Жақаев |