ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 22 мамырдағы № 461 ұсынысы негізінде Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің "Манақ" шаруа қожалығының аумағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің "Манақ" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Екпін ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 07 желтоқсандағы № 19 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-158 тіркелген және 2018 жылғы 28 желтоқсан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Әкім | Б. Сербатыров |