РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2018 жылғы 15 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Жаңа тілек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі Жаңа тілек ауылының көшелерінің атауы:
1) Колхозная көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесі;
2) Училищная көшесі Алакөл көшесі;
3) 50 лет Казахстана көшесі Әлия Молдағұлова көшесі;
4) 30 лет Победы көшесі Рақымжан Қошқарбаев көшесі;
5) Зубакина көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі;
6) Юбилейная көшесі Кенесары хан көшесі болып қайта аталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдансын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңа тілек ауылдық округінің әкімі | А. Омаров |