Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.04.2019 № 91 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы №256 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 тамызда №17306 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2019 жылғы 28 қаңтардағы № 31 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге | |
Етті мал шаруашылығы | ||||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||||
1.1 | Тауарлық аналық бас | бас | 10 000 | 103 934 | 1 039 340 | |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас | бас | 20 000 | 26 456 | 529 120 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 86 | 8 600 | |
3. | Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу | бас | 150 000 | 778 | 116 700 | |
4. | Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу | бас | 225 000 | 2 260 | 508 500 | |
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату | Тiрiдей салмағының бір килограмы | 200 | 975 590 | 195 118 | |
Барлық сомасы | 2 397 378 | |||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||||
1. | Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | |||||
1.1 | Отандық немесе ТМД елдерінен импортталған | бас | 150 000 | 486 | 72 900 | |
2. | Сүт өндіру құнын арзандату: | |||||
2.1 | Бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір килограмы | 20 | 480 000 | 9 600 | |
2.2 | Бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағы-ның бір килограмы | 10 | 816 630 | 8 166,3 | |
2.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | сынақ салмағы-ның бір килограмы | 10 | 287 500 | 2 875 | |
3. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауылшаруашылығы кооперативтерінде ірі қарамалдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 5000 | 170 | 850 | |
Барлық сомасы | 94 391,3 | |||||
Етті құс шаруашылығы | ||||||
1. | Отандық және шетелдік шаруашылықтардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | бас | 600 | 23 600 | 14 160 | |
Барлық сомасы | 14 160 | |||||
Жұмыртқалық құс шаруашылығы | ||||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату: | |||||
1) | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,2 | 37 972 727 | 83 540 | |
Барлық сомасы | 83 540 | |||||
Қой шаруашылығы | ||||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||||
1.1 | Асыл тұқымды аналық бас | бас | 2 500 | 18 769 | 46 922,5 | |
1.2 | Тауарлық аналық бас | бас | 1 500 | 118 245 | 177 367,5 | |
2. | Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | бас | 8 000 | 1 240 | 9 920 | |
3. | Қозы өткізу құнын арзандату | бас | 3 000 | 15 000 | 45 000 | |
Барлық сомасы | 279 210 | |||||
Жылқы шаруашылығы | ||||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 6 | 600 | |
Барлық сомасы | 600 | |||||
Барлығы | 2 869 279,3 |
Ескерту:аббревиатураның толық жазылуы:
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
2019 жылғы 28 қаңтардағы № 31 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшембірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу | ||||
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 150 000 | 1749 | 262 350 |
Барлық сомасы | 262 350 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
3. | Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату: | ||||
2) | бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық | кг | 15 | 28 510 | 427,7 |
Барлық сомасы | 427,7 | ||||
Барлығы | 262 777,7 |
Ескерту:аббревиатураның толық жазылуы:
кг – килограмм.
2019 жылғы 28 қаңтардағы № 31 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына 2-қосымша |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 қазандағы №233 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5354 тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қарашадағы №259 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 қазандағы №233 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5400 тіркелген, 2018 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №288 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 қазандағы №233 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5433 тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.