Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде:
80-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
80. | Сұлукөл көлі | 267 га | Лубенка ауылынан батысқа қарай 11 км |
".
келесідей мазмұндағы 10-1, 17-1, 48-3, 48-4, 78-4 жолдармен толықтырылсын:
"
10-1. | Красная өзбойы көлі | 32 га | Мерген ауылынан солтүстікке қарай 8 км |
";
"
17-1. | Тихонов тоғаны | 5,7 га | Тихоновка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км |
";
"
48-3. | Фермер тоғаны | 27 га | Зеленое ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7,5 км |
48-4. | Жилое тоғаны | 30 га | Озерное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,0 км |
";
"
78-4. | Колузанов өзбойы көлі | 3,8 га | Ақсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8,5 км |
".
2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Р.С.Шауенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Н. Есқалиевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.