Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.03.2020 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5628 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
облыс әкімінің бірінші орынбасары | М. Манкеев |
2019 жылғы 23 қазандағы № 274 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
|
2019 жылғы 12 сәуірдегі №91 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге | |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 94 379 | 943 790 | |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 20 000 | 31 456 | 629 120 | ||
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 100 000 | 685 | 68 500 | |
3. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 3 948 | 592 200 | |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | 225 000 | 1 450 | 326 250 | ||
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 200 | 975 590 | 195 118 | |
Барлық сомасы | 2 754 978 | |||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||||
1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||||
1.1 | отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік | сатып алынған бас | 150 000 | 114 | 17 100 | |
1.2 | Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген | 225 000 | 32 | 7 200 | ||
2. | Сүт өндіру құнын арзандату: | |||||
2.1 | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 1 153 661 | 23 073,2 | |
2.2 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 10 | 1 373 070 | 13 730,7 | ||
15 | 28 510 | 427,7 | ||||
2.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 10 | 287 500 | 2 875 | ||
3. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауылшаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы | 5000 | 1 316 | 6 580 | |
Барлық сомасы | 70 986,6 | |||||
Етті құс шаруашылығы | ||||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 600 | 47 000 | 28 200 | |
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||||
2.1 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 60 | 1 800 000 | 108 000 | |
Барлық сомасы | 136 200 | |||||
Жұмыртқалық құс шаруашылығы | ||||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | |||||
1) | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 2,2 | 120751082 | 265 652,4 | |
Барлық сомасы | 265 652,4 | |||||
Қой шаруашылығы | ||||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылысу маусымы | 2 500 | 19169 | 47 922,5 | |
1.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 1 500 | 119 007 | 178 510,5 | ||
2. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 8 000 | 1 309 | 10 472 | |
3. | Қозы өткізу құнын арзандату | өткізілген бас | 3 000 | 15 000 | 45 000 | |
Барлық сомасы | 281 905 | |||||
Жылқы шаруашылығы | ||||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 62 | 6 200 | |
Барлық сомасы | 6 200 | |||||
Барлығы | 3 515 922 |
Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы;
АҚШ – Америка Құрама Штаттары.