Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсай қаласындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 43-4 шешіміне қосымша |
Ақсай қаласындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына
түзету коэффициенттері
Аймақ нөмірі | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері | Аймақтар атауы |
Өндірістік аймақ | 1,5 | 003- өндірістік аймақтың солтүстік-шығысы- темір жолдан солтүстік жағынан бас бөлігі және қалған бөлігі оңтүстіктегі темір жолдан, 001-солтүстік өндірістік аймақ, өндірістік аймақтың резерв аумағы, 002 - темір жолдың бойындағы өндірістік аймағы |
I | 1,2 | 009, 007, 011, 012, 015, 005 бөлігі, 010 бөлігі, 018 бөлігі, (оның ішінде "Карачаганак-1" нақты жобалау жоспары, "Жаңа қоныс" ықшамауданы, "Көктем" ықшамауданы, 2, 3 , 4, 5, 5А, 7, 9, 10, 11, 12, 13 ықшамаудандары), 019 бөлігі |
II | 1,0 | 004, 016, 006, 005 бөлігі (оның ішінде 1 ықшамаудан) - темір жолдан оңтүстік бөлігі, ескі қала |
III | 1,0 |
001- өндірістік аймақтың қоныстану аумағының бөлігі |
IV | 1,1 |
008, 003 бөлігі – темір жолдан оңтүстік жағынан, 010 бөлігі, 019 бөлігі, телеорталық, вахталық қалашық, аудандық орталық поликлиникасы |
V | 0,8 | ескі Қызылтал, ескі Аралтал |