Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2019 жылғы 21 мамырдағы №113/450 ұсынысы негізінде Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының аумағындағы ұсақ мүйізді қара мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М.Молдаш) осы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.