Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 04.05.2019 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2019 жылғы 15 қаңтардағы хаттамасы негізінде, Жәнібек ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБАЛДАДЫ:
1. Жәнібек ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Абдолов Жаксылык Каримуллинович тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Мулдагалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Ж.К.Абдоловқа жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Сафималиев |