Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2019 жылғы 26 наурыздағы №5 хаттамасы негізінде, Жәнібек ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жәнібек ауданы әкімінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы №4 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5524 тіркелген, 2019 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Молдағалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.