Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тасқала ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Баяндыковқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | А. Баяндыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің
Тасқала ауданының полиция бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________Н.Шамғалиев
"25" қараша 2019 жыл
Аудан әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 295 қаулысына қосымша |
Тасқала ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Көтермелеудің түрлері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) Құрмет грамотасы;
2) Алғыс хат;
3) Ақшалай сыйақы.
Көтермелеудің тәртібі
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Тасқала ауданы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға "Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Тасқала ауданының полиция бөлімі" (бұдан әрi – полиция бөлімі) ұсынады.
4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
Ақшалай сыйақының мөлшерi
6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгіленеді және ол 10 еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
7. Ақшалай сыйақыны төлеу Полиция департаментінің облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргiзіледi.
8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Полиция бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.
9. Көтермелеуге ақы төлеуге қаражат Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.
10. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшін азаматтарға Құрмет грамотасын, Алғыс хатты, ақшалай сыйақы беруді Тасқала ауданының полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.