Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2019 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ананың төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.
2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 54 "2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5081 тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.Сағынгереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Р.Тұрмағамбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Есалиев |
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 15 қаулысына қосымша |
2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Ай сайын тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге) | |
3 жасқа дейін (көп емес) | 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) | ||||
Бөбекжай (жергілікті бюджет) | |||||
Шыңғырлау ауылы | "Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 52 | 30 706,32 | 7 500 | 8 500 |
Ақбұлақ ауылы | Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің "Балауса бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 30 706,32 | 7 500 | 8 500 |
Ақтау ауылы | Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің "Қарлығаш бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 30 706,32 | 7 500 | 8 500 |
Шыңғырлау ауылы | "Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Бөбек бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 60 | 30 706,32 | 7 500 | 8 500 |
Ақшат ауылы | Шыңғырлау ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің "Арай" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 30 706,32 | 7 500 | 8 500 |
Шыңғырлау ауылы | "Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қызғалдақ бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 30 706,32 | 7 500 | 8 500 |
Шыңғырлау ауылы | "Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Балдырған бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 30 706,32 | 7 500 | 8 500 |
Бөбекжай (республикалық бюджет) | |||||
Шыңғырлау ауылы | "Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Болашақ бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 290 | 37 099,31 | 7 500 | 8 500 |