"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 10029 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтері комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
А. Жумагалиев |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін және оның құрылымын айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) "бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;
2) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) – перспективаларын зерттеу, талдау және тәуекелдерді барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жаңа тәсілдерді енгізу;
7) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
8) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша білетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет.
3. Тізілімді жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді анықтау және тізілімге енгізу, көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
4. Тізілімді жүргізу мақсаттары:
1) көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру;
2) көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді есепке алу және талдау.
5. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді.
2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі
6. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;
2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;
4) тізілімге оның мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) тұрғысынан мониторинг жүргізу;
5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту).
7. Тізілімге енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыруға бағдарланған болуы;
2) дара тәртіппен жүзеге асырылуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағдарлануы.
8. Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
9. Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:
1) тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге жыл сайын түгендеу жүргізеді;
2) уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды және (немесе) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге толықтырулар енгізу жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
10. Уәкілетті орган тізілімді басшысының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның бұйрықпен бекітеді және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
3-тарау. Тізілімнің құрылымы
11. Тізілім Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша әзірленеді.
12. Тізілім:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
2) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті (жеке және (немесе) заңды тұлға); мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын; көрсетілетін қызметті берушінің атауын;
3) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауын және/немесе мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетілген жағдайда, "электрондық үкіметтің" веб-порталын және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы көрсетуді;
4) мемлекеттік қызметті көрсету нысанын (электрондық (толық немесе ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ проактивті/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін);
5) мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуын;
6) пилоттық режимнің болуы туралы мәліметтерді көздейді;
7) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы.
13. Тізілім сыныптамасы:
1) қоғамдық қатынастар саласына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін бөлімдерден;
2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін кіші бөлімдерден;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлерінен тұрады.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейдегі кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгілер түріндегі сегізмәнді жеке сыныпталған код беріледі.
Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:
1) бірінші бөлік – 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласындағы бөлімді білдіреді;
2) екінші бөлік – 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;
3) үшінші бөлік – 3 цифрдан тұрады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші бөлім ішіндегі реттік нөмірін білдіреді.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке сыныпталған кодты уәкілетті орган береді.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар нысаны
Р/с № | Құрылымдық бөліктері | Қолданыстағы редакция | Ұсынылып отырған редакция | Негіздеме |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар нысаны
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Көрсетілетін қызметті алушылардың санаты | Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өтініштерді және ресімделген құжаттарды беруді қабылдауды жүзеге асыратын ұйымдар | Ақылы | оның ішінде: | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерінің нысаны | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі (болжанатын мерзімдер, құжаттар тізілімі және тағыда басқа) | Ескертпе (Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негізі) | |
Құқықтық негіз | төлем мөлшері | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің құрылымы
Р/с № | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті (жеке және (немесе) заңды тұлға) | Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) "электрондық үкіметтің" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысын көрсету | Ақылы не тегін болуын | Мемлекеттік қызметті көрсету нысанын (электрондық (толық немесе ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ проактивті/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін) | Пилоттық режимнің болуы туралы мәліметтер | Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы
Бөлім | ||
Ішкі бөлім | ||
Атауы | ||
001 | Құжаттау | |
00101 | Жеке басты куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды және мәртебені алу | |
00102 | Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес құқықтарды қамтамасыз ететін құжаттарды алу | |
002 | Жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу | |
00201 | Жеке тұлғаларды тіркеу/ мәртебесін, тұрғылықты жерін, Т.А.Ә. және басқа деректерін ауыстыру | |
00202 | Шетелде болу | |
00203 | Қазақстан Республикасына келу | |
003 | Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу | |
00301 | Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
004 | Отбасы және балалар | |
00401 | Отбасын құру | |
00402 | Туу, қамқоршылық және бала тәрбиелеу | |
00403 | Балаға білім беру және бос уақыт | |
00404 | Баланы бағу және қамтамасыз ету | |
005 | Мүлік және зияткерлік меншік құқығы | |
00501 | Жылжымалы мүлік | |
00502 | Жылжымайтын мүлік | |
00503 | Зияткерлік меншік | |
00504 | Мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
006 | Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау | |
00601 | Медициналық көмек | |
00602 | Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00603 | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы | |
00604 | Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
007 | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау | |
00701 | Халықты жұмыспен қамту | |
00702 | Халықты жұмыспен қамту саласында рұқсат құжаттарын беру | |
00703 | Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру | |
00704 | Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау | |
00705 | Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер | |
00706 | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
008 | Білім және ғылым | |
00801 | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім | |
00802 | Білім және ғылым саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00803 | Білім және ғылым саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
009 | Бизнес және кәсіпкерлік | |
00901 | Бизнестің немесе жеке кәсіпкерліктің басталуы | |
00902 | Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметінің тоқталуы | |
00903 | Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00904 | Өнімдердің жекелеген түрлерін өндіруге рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00905 | Өнімдердің жекелеген түрлерін сатып алуға, өткізуге және сақтауға (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00906 | Кәсіпкерлік қызметті қолдау | |
010 | Туризм | |
01001 | Туризм саласындағы өзгеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
011 | Көлік және коммуникация | |
01101 | Автомобиль көлігі | |
01102 | Әуе көлігі | |
01103 | Теміржол және су көлігі | |
01104 | Көлік және коммуникация саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
012 | Қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін, табиғи ресурстарды қорғау | |
01201 | Қоршаған ортаны қорғау | |
01202 | Су ресурстарын пайдалану | |
01203 | Орман ресурстарын пайдалану | |
01204 | Жануарлар дүниесін пайдалану | |
01205 | Жер қойнауын пайдалану | |
013 | Ауыл шаруашылығы | |
01301 | Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
01302 | Ауыл шаруашылығы саласында рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
014 | Өнеркәсіп, индустрия және технология | |
01401 | Отын және энергетика | |
01402 | Технологиялар | |
01403 | Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01404 | Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
015 | Мұнай-газ саласы | |
01501 | Мұнай-газ саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01502 | Мұнай-газ саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
016 | Салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп, аудиторлық қызмет | |
01601 | Салықтық әкімшілендіру | |
01602 | Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік | |
01603 | Аудиторлық қызмет | |
017 | Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау | |
01701 | Банктер қызметі саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01702 | Зейнетақы қорларының қызметі саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01703 | Сақтандыру қызметтері нарығы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01704 | Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
018 | Кеден ісі | |
01801 | Кеден ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
019 | Қауіпсіздік, қорғаныс және сот әділдігі | |
01901 | Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01902 | Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
020 | Бәсекелестікті қорғау | |
02001 | Бәсекелестікті қорғау саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
021 | Дін | |
02101 | Дін саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
022 | Жер қатынастары, геодезия және картография | |
02201 | Жер қатынастары | |
02202 | Геодезия және картография | |
023 | Мәдениет, ақпарат және байланыс | |
02301 | Байланысты ұйымдастыру және ұсыну саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
02302 | Ақпарат | |
02303 | Мәдениет | |
024 | Төтенше жағдайлар | |
02401 | Төтенше жағдайлар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
025 | Дене шынықтыру және спорт | |
02501 | Дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
026 | Сәулет-қала құрылысы қызметі | |
02601 | Сәулет-қала құрылысы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
02602 | Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
027 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | |
02701 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
028 | Сыртқы саясат және шетел істері | |
02801 | Сыртқы саясат және шетел істері саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
029 | Табиғи монополияларды реттеу | |
02901 | Табиғи монополияларды реттеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
030 | Мемлекеттік қызмет | |
03001 | Мемлекеттік қызмет саласындағы басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
031 | Басқа | |
03101 | Ғарыш кеңістігін пайдалану | |
03102 | Апостиль қою | |
03103 | Статистикалық ақпаратты ұсыну | |
03104 | Мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттік меншік | |
03105 | Анықтамалар беру |