Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2022 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16426 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мынадай:
ҚҚС асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар (осы құқықты қолдануға қарамастан);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген Республикалық индустрияландыру картасының шеңберінде құны 150 000 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем емес инвестициялық жобаны іске асыратын;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың шеңберінде ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген, салық жүктемесінің орташа коэффициенті 20 пайыздан кем емес салық төлеушілер бойынша осы Қағидалар олардың тікелей өнім берушілеріне;
Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын;
өткізу кезінде ҚҚС сомасын есептеу ҚҚС бақылау шотын пайдалана отырып жүргізілген, сатып алынған (алынған) тауарлар бойынша қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасы бөлігінде ғана қолданылатын ҚҚС бақылау шоты осы Қағидалар олардың тікелей өнім берушілеріне;
халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуді жүзеге асыратын қатысты ғана қолданылады.
Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген салық төлеушілер бойынша өлшемшарттарды пайдалана отырып, бағалаудың нәтижелері бойынша алынған балдардың жиынтық қорытындысы нөлге теңеледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |