БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларында:
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру кезінде:
"00" коды формулярды Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін 16 жасқа дейінгі балаларға беруге толтыру кезінде көрсетіледі, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда туу туралы куәліктің деректері жазылады, баланың тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болуына тексеру жүргізілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) формулярдың сыртқы жағындағы бос орынға көрсетіледі.
Балалардың жеке басын сәйкестендіру үшін олардың жеке қатысуы талап етіледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ және туу туралы куәліктерінде ЖСН-ы көрсетілмеген 16 жасқа толмаған балаларға оны генерациялау ХҚТ ТП ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі.
Балаларға ЖСН генерациялау үшін ата-аналарының (заңды өкілдерінің) біреуі баланың туу туралы куәлігін, ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуінің жеке куәлігін ұсынады.
Шет тілінде жазылған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуы тиіс. Аудармашы қолтаңбасының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылады.
Балалардың айқындамалық деректері туу туралы куәлігіне сәйкес жазылады, күні, нөмірі және оны берген органның атауы көрсетіледі.
Республикадан тыс жерде туылған адамдарға ЖСН-ды генерациялау үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері берген туу туралы куәліктерді қоспағанда, "Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы" 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Конвенция) сәйкес ресімделген туу туралы куәлік ұсынылады.
ЖСН-ды генерациялауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АӨО" РМК) ХҚТ ТП-ға өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні мерзімде жүргізеді.
ЖСН-ның қайталануына жол бермеу мақсатында, "АӨО" РМК деректер базасында салыстыра тексеру жүргізеді, мәліметтер болмаған жағдайда, генерацияланған ЖСН ХҚТ ТП-ға жолданады.
Генерацияланған ЖСН нөмірі туу туралы куәлікке қосымша парақта осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген ЖСН-мен бірге көрсетіледі, уәкілетті қызметкер қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады.
"01" коды 16 жасқа толған адамдар үшін формуляр ресімдеу кезінде көрсетіледі, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда Қазақстан Республикасының жеке куәлігіне және паспортына ресімдеу кезінде туу туралы куәліктің деректері жазылады.
Егер құжатталушы адам 16 жасқа толғанға дейін жеке басын куәландыратын құжат алған жағдайда, 9, 10, 11-жолдарда бұрын берілген деректері жазылады.
"00" немесе "01" коды бойынша формулярды ресімдеу кезінде:
"Деректер базасы бойынша тексеріс жүргізу және Қазақстан Республикасының азаматтығын растау үшін ата-анасының бірінің жеке куәлігі ұсынылады (ата-анасының жеке қатысуы талап етіледі), оның нөмірі, күні және берген орган формулярдың бос орында көрсетіледі;
ата-аналарының азаматтығы әртүрлі болған кезде шетелдік ата-анасынан баласының Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын алуы үшін нотариалды расталған өтініш-келісім ұсынылады (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде және ата-аналарының азаматтығы әртүрлі болғанда, бірі бала туылған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және ата-аналарының екеуі де сол уақытта Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқан жағдайда);
республикадан тыс жерлерде туылған адамдарға формулярларды толтыру Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері берген туу туралы куәліктерді қоспағанда, Конвенцияға сәйкес ресімделген туу туралы куәліктердің негізінде жүргізіледі;
Формулярды толтыру кезінде "04" коды Т.А.Ә. (ол болған кезде) өзгерген кезде көрсетiледi, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бұрынғы құжаттың деректерi, ал 5-жолда – бұрынғы тегi, ал 3 және 4-жолдардың астында – бұрынғы аты, әкесiнiң аты жазылады.
Некеге тұру немесе бұзу кезінде таңдалған тегі некеге тұру (бұзу) туралы куәліктегі жазбаға, заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес көрсетіледі, олардағы деректер формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға жазылады;
"05" коды туған күнiн өзгерткен кезде көрсетiледi, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бұрынғы жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi жазылады. Формулярдың сыртқы бетiндегi бос орында туу туралы куәліктің деректерi көрсетiледi.
Айқындамалық деректерді өзгерту бойынша Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, жеке куәлiгін беруге формулярды толтыру некеге тұруы (бұзуы) бойынша, ұлты қазақ адамдардың ұлттық дәстүрге байланысты тегін және әкесінің атын өзгерту жағдайларын қоспағанда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындамалық деректерді өзгерту туралы қорытынды (бұдан әрі – айқындамалық деректерді өзгерту туралы қорытынды) шығарылғаннан кейін жүргiзiледi.
Айқындамалық деректерді ауыстырудың шынайылығын анықтау үшін уәкілетті қызметкер тексеру материалдарын қалыптастырады:
азаматтың айқындамалық деректерін өзгерту туралы еркін нысандағы өтініші;
айқындамалық деректерін өзгерту туралы куәліктің көшірмесі (ол болған кезде);
қайта берілген туу туралы куәліктің көшірмесі (ол болған кезде);
туу туралы акт жазбасының көшірмесі (азамат қайтадан алған туу туралы куәлік ұсынған кезде).
Айқындамалық деректерді ауыстыру туралы өтініштің негізділігін растау кезінде уәкілетті қызметкер екі жұмыс күні мерзімде айқындамалық деректерді өзгерту бойынша қорытынды шығарады, оны Ішкі істер басқармасының (бөлімнің) бастығы немесе оның орынбасары бекітеді. Қорытындыны тіркеу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындамалық деректерін, ұлтын, туған жерін ауыстыру, жеке басын тексеру бойынша және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру, 1974 жылғы үлгідегі паспортты жоғалту туралы қорытындыларды тіркеу журналында (бұдан әрі – қорытындыларды тіркеу журналы) жүргізіледі. Тексеру материалы жеке номенклатуралық іске қалыптастырылады.
"06" коды шығарылған жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазуларда сәйкес келмеулер анықталған жағдайда көрсетiледi. 9, 10, 11-жолдарда сәйкес келмеулер анықталған құжаттың деректерi жазылады.
Егер дайындалған жеке басты куәландыратын құжаттарда өндiрiстiк ақауға жол берiлсе, жаңадан ресiмделген формулярмен бiрге бұрынғы формулярды және жiберiлген қатесi бар құжатты жалпы тiзiмге енгiзбей, жеке тiзiлiммен ІІМ КҚҚК-ге жолданады, ал жеке басты куәландыратын құжаттарды қайта дайындау "АӨО" РМК-ның есебінен жүргізіледі. Жаңа құжат дайындалғаннан кейiн бұрынғы (қатесi бар) құжат өндiрiстiк ақау ретiнде "АӨО" РМК-да жойылады, ал формулярдың екеуі де дайындалған құжатпен бiрге оларды толтыру орны бойынша қайтарылады. Егер жазудағы сәйкес келмеулер формулярды толтыру кезінде уәкілетті қызметкерлердің кiнәсiнен жол берiлген болса, ІІМ КҚҚК-ге жаңадан толтырылған формуляр енгізілген мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттың көшірмесімен бірге жолданады. Формулярдың сыртқы бетiне қате табылған жол көрсетiле отырып, елтаңбалы мөрмен расталған жазба жүргізіледі, қате жіберілген құжат Қаулының 47,48-тармақтарына сәйкес жойылады.
Құжатталатын адамның фотосуретінің деректер базасындағы жеке басты куәландыратын құжаттағы фотобейнемен сәйкес келмейтіні анықталған кезде уәкілетті қызметкер құжатталатын адамның жеке басын және құжаттардағы сәйкессіздіктердің себептерін тексергеннен кейін формулярды "06" коды бойынша толтырады.
Жеке басты растау үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтың жеке басын тану хаттамасы (бұдан әрі – жеке басты тану хаттамасы) толтырылады. Жеке басты тану хаттамасы оның фотокарточкасы мен біруақытта ұсынылған танылатын адамның сыртқы келбетімен мүмкіндігінше ұқсас келетін басқа адамдардың кемінде үш фотосуреті бойынша басқа адамдардың фотокарточкаларымен бірге жақын туыстарын немесе азаматты кемінде 10 жылдан бері білетін адамдарды тарта отырып, толтырылады.
Екі жұмыс күн ішінде қорытынды шығарылып, формулярмен және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарамсыз жеке басты куәландыратын құжаттарды, 1974 жылғы үлгідегі паспорттарды, шекара аймағы тұрғынының куәлігін, толтыру кезінде бүлінген формулярлардың бланкілерін жою туралы актімен (бұдан әрі – жою туралы акті) бірге осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жарамсыз жеке басты куәландыратын құжаттарды жою себептерінің тізбесіне сәйкес құжаттың жарамсыздық себептерін көрсете отырып, ІІМ КҚҚК-ге жолданады, қорытындыны тіркеу қорытындыларды тіркеу журналында жүргізіледі;
"07" коды құжат пайдалануға жарамсыз болған жағдайларда (бүліну, ескіру, техникалық ақаулар, паспорттың барлық беттерін пайдалану, жеке басын куәландыратын құжатта ЖСН болмауы және т.б.) көрсетіледі.
Бүлінуіне, ескіруіне, жеке басын сәйкестендірудің мүмкін болмауына байланысты пайдалануға жарамсыз құжат формулярды толтыру кезінде алынады.
Сонымен, "07" коды формулярды деректер базасында "талап етілмеген құжаттар" ретінде жарамсыздар разрядына енгізілген құжаттың негізінде ресімдеу кезінде көрсетіледі.
"08" коды Қазақстан Республикасының азаматы өз ұлтын өзгерткен кезде көрсетіледі.
Формулярды "08" код бойынша толтыру кезінде ұлтының өзгеруіне байланысты мыналарды басшылыққа алу қажет:
азаматтардың паспорттарында және жеке куәліктерінде ұлты туралы жазбаны өзгерту олардың жазбаша өтініштері бойынша туу туралы куәліктерінің және қолдаухаттың негізділігін растайтын өзге де құжаттардың негізінде жүргізіледі;
паспортта және жеке куәлікте ұлты туралы жазба ата-аналарының ұлтына сәйкес жүргізіледі. Ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде Қазақстан Республикасының азаматы ұлтын әкесінің немесе анасының ұлты бойынша еркін таңдайды;
одан әрі өтініш бойынша ұлты тек басқа ата-анасының ұлтына өзгереді.
Ерекше жағдайларда қуғын-сүргін кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшірілген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарында, жеке куәліктерінде ұлты туралы жазбаны өзгертуге рұқсат етіледі. Ұлтын өзгерту "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін ақталғаны туралы анықтаманың негізінде жүргізіледі.
Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлiгiндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту жөнiндегi даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.
Формуляр ұлтын өзгерту туралы өтініштің негізділігі расталғаннан және Полиция басқармасының (бөлімнің) бастығы немесе оның орынбасары бекіткен екі жұмыс күні мерзімде шығарылған және қорытындыларды тіркеу журналында тіркелген ұлтын өзгерту бойынша қорытындыдан кейін толтырылады және тіркеледі. Тексеру материалдары жеке номенклатуралық істе қалыптастырылады.
Формулярдың 9, 10, 11-жолдарында бұрынғы жеке куәліктің (немесе паспорттың – шетелде тұратындар үшiн) деректерi жазылады, ал формулярдың сыртқы бетiндегі бос орында паспорттық елтаңбалы мөрмен расталатын ұлтын өзгерту туралы қорытындының нөмiрi мен күнi жазылады. 8-жолда азаматтың жаңа ұлты, ал 8-жолдың астына бұрынғы ұлты жазылады.
Біруақытта 8-жол бойынша формуляр ресімдеу кезінде уәкілетті қызметкер азаматқа ұлты туралы жазбаның өзгертілгені туралы анықтама береді, ол азаматтық хал актілеріндегі тиісті жазбаларда ұлты туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу үшін тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал актілері жазбалары (бұдан әрі – АХАТ) органдарына ұсынылады.
Осы "08" код азамат жеке басын куәландыратын құжаттарын оларда ұлтын көрсеткiсi келмеуiне байланысты ауыстырған кезде формулярды толтыру кезiнде көрсетiледi. 8-жол толтырылмайды, онда "999" коды қойылады.
"09" коды жеке басты куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасы азаматының паспортынан басқа) жоғалтуына байланысты формулярды толтыру кезінде көрсетiледi.
Жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан адамдар ішкі істер органдарына осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттың қайда, қашан және қандай жағдайда жоғалғанын көрсете отырып, жазбаша өтініш береді.
Жеке басын растауды тексеру және жоғалған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер беруді уәкілетті қызметкер деректер базасында жүргізеді.
Картотекада формуляр болмаған кезде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша формулярдың жоғалғаны (болмауы) туралы акт жасалады.
Жеке басын және жоғалған жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді растау үшін ІІМ КҚҚК деректер базасынан ІІМ КҚҚК-нің елтаңбалық мөрімен куәландырылған фотосуреті бар ақпарат сұратылады.
Жоғалған жеке басын куәландыратын құжаттар басқа өңірлерде алынған адамдар өтініш білдірген жағдайда, ХТҚ ТП жоқ көші-қон қызметі бөліністері құжат иесінің сәйкестігін растау және жоғалған құжат туралы мәліметтер беру үшін осы Қағидаларғы 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреттері бар формулярдың (1-нысан) көшірмелерін ұсыну туралы сұрау салу жолдайды.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың, 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттардың жоғалуына байланысты сұрау салулар азаматтардың өтініштері келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күннен кешіктірілмей жолданады, ал формулярдың көшірмесін беру туралы сұрау салуға жауаптар осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салу бастамашыларына олар келіп түскеннен кейін 48 сағаттан кешіктірмей жолданады.
Формулярдың 9, 10, 11-жолдарында жоғалған не қолда бар жеке басты куәландыратын құжаттың деректерi жазылады. Формулярдың сыртқы бетіне жоғалған құжатты қалпына келтiру туралы құжатталушы адамның өтінішінің нөмiрi және күнi жазылады.
"10" коды құжатталушы адам тіркелген мекенжайын ауыстырған кезде, егер жеке басты куәландыратын құжатта толық тіркелген мекенжайы көрсетілген жағдайда және ол жаңа тіркелген мекенжайына сәйкес келмейтін (облыс, қала, аудан, көше, үй, пәтер) болған кезде көрсетiледi.
9, 10, 11-жолдарда жеке басты куәландыратын құжаттың деректерi жазылады және 14-жол (бұрынғы тіркелген мекенжайы) толтырылады.
"11" коды бойынша формулярды ресімдеуді мынадай тәртіпте уәкілетті қызметкер жүзеге асырады:
1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспорттар бойынша азаматтардан жеке басты куәландыратын құжаттарды уақтылы алмау себептерiн көрсете отырып, еркін нысандағы өтініш, барлық тұрған, оқу, жұмыс орындары көрсетілген толық өмірбаяны, 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттары бойынша қабылданады.
Осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген тәртіпте уәкілетті қызметкер куәландырған 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының көшірмесі тексеру материалына тігіледі.
Паспорттардағы тіркеу мөртабанының түпнұсқалылығы күмән тудырған не олар болмаған кезде уәкілетті қызметкер азаматтың азаматтығын растау үшін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелу заңдылығына тексеру жүргізеді. Тіркеу туралы мәліметтер аумақтық ішкі істер органдарының мекенжай-анықтамалық мұрағаты, селолық, ауылдық округтердің шаруашылық кiтаптары бойынша тексеріледі. Тіркелу фактісін анықтау үшін бұрынғы тұрған орны бойынша сұрау салулар жүргізіледі.
Осы адамға паспорттың берiлгенін және фотосуреттердiң ұқсастығын растау, сондай-ақ ерекше белгiлерiнiң (шет мемлекеттің азаматтығы, паспортты ауыстыру, жоғалту, құзыреттi органдардың сұрау салулары туралы) болуын тексеруді жүзеге асыру үшiн уәкілетті қызметкер осы паспортты берген органға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша суреті бар (1-нысан) формулярдың көшірмесін және оның берілгенін растайтын 1974 жылғы үлгідегі паспорттарды есепке алатын 2-нысанды кітаптан (бұдан әрі - 2-нысанды кітап) жазбаларды ұсыну туралы сұрау салу жолдайды. Формулярдың көшірмесін ұсыну туралы (1-нысан) сұрау салуға жауап осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолданады.
Паспорттық елтаңбалы мөрмен расталған 1-нысан көшiрмесi және 2-н кітабынан алынған жазбалары бар мәліметтер тексеру материалына тiгiледi.
Уәкілетті қызметкер азаматты Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы не оны жоғалтуы, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуі, республика аумағына шетелдік ретінде тіркелуі жөніндегі есептер бойынша тексеруді жүргізеді. Тексеру бойынша мәліметтер тексеру материалдарына тiгiледi.
Жеке басын анықтау үшін уәкілетті қызметкер азаматтың фотосуреті мен онымен бірге ұсынылған танылатын адамның сыртқы келбетімен мүмкіндігінше ұқсас келетін басқа адамдардың кемінде үш фотосуреті бойынша жақын туыстарын немесе азаматты кемінде 10 жылдан бері білетін адамдарды тарта отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамның жеке басын тану хаттамасын толтырады.
Азаматтың жеке басын анықтау және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін растау кезінде уәкілетті қызметкер осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке басын анықтау және Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын растайтын құжаттарды беру бойынша қорытынды (бұдан әрі – жеке басын анықтау бойынша қорытынды) шығарып, қорытындыларды тіркеу журналына тіркейді, оның нөмірі мен күні формулярдың сыртқы бетінде бос жерге көрсетіліп, паспорттық елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде 1992 жылғы 1 наурызға тұрақты тіркелгенін растайтын құжаттар болмаған кезде, егер азаматтар Қазақстан Республикасында тіркеу есебінен шығарылған және тоғыз ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жаңа келген орны бойынша тіркелмеген болса, уәкілетті қызметкер азаматтың азаматтығын анықтауға тексеру жүргізеді.
Тексеру аяқталғаннан кейін азаматтарға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығымен (бұдан әрі – ІІМ-нің № 85 бұйрығы) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13391 болып тіркелген) Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау Қағидаларына 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін растайтын анықтама (бұдан әрі – 13 нысанды анықтама) беріледі.
13-нысанды анықтама Қазақстан Республикасының азаматын паспортпен және жеке куәлікпен құжаттандыру туралы шешім қабылдауға негіз болып табылады, 13-нысанды анықтама және 1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспортының берілгенін растайтын 1-нысан көшірмесі болған кезде тексеру материалдарын қалыптастыру жүргізілмейді, бұл ретте 1-нысан көшірмесін азаматтық және иммиграция бөлімі 13-нысанды анықтамамен бірге ұсынады.
Формулярды ресімдеу кезінде 13-нысанды анықтаманың нөмірі мен күні және анықтаманы берген орган формулярдың бос орында көрсетіледі және паспорттық елтаңбалы мөрмен расталады.
1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспорттың жоғалуына байланысты "11" код бойынша формуляр ресімдеу үшін азаматтардан:
жеке басын куәландыратын құжаттарды жоғалту және уақтылы алмау себептерiн көрсете отырып, еркін нысандағы өтініш;
барлық тұрған, оқыған, жұмыс істеген жерлері көрсетілген толық өмірбаян қабылданады.
Уәкілетті қызметкер осы адамға паспорттың берілгенін және фотосуреттердің ұқсастығын растауға, Қазақстан Республикасының азаматтығын растау үшін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелу заңдылығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу не одан айырылу, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу, республика аумағында шетел азаматы ретінде тіркелу мәніне азаматты тексеру жүргізеді. Тексеру бойынша мәліметтер тексеру материалдарына тiгiледi.
Азаматтың фотосуреті мен біруақытта ұсынылған танылатын адамның сыртқы келбетімен мүмкіндігінше ұқсас келетін басқа адамдардың кемінде үш фотосуреті бойынша, жақын туыстарын немесе азаматты кемінде 10 жылдан бері білетін адамдарды тарта отырып, адамның жеке басын тану хаттамасы толтырылады.
Азаматтардың 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттарын жоғалту туралы өтініштерінің негізінде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1974 жылғы үлгідегі паспортты жоғалтқаны туралы іс басталады. Осы іске тіркеу нөмірі беріледі: алымы – өтініштердің тіркеу нөмірі, бөлімі – ағымдағы жылдағы істердің реттік нөмірі. 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттарын жоғалту туралы істер осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1974 жылғы үлгідегі паспорттарды жоғалту туралы істерді тіркеу журналында тіркеледі.
Азаматтың жеке басы анықталған және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі расталған кезде, уәкілетті қызметкер екі жұмыс күні ішінде жеке басын тексеру нәтижелері және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру бойынша қорытынды шығарады, оны Ішкі істер басқармасының (бөлімінің) бастығы не оның орынбасары бекітеді және қорытындыларды тіркеу журналында тіркеледі.
Формулярдағы 9, 10, 11-жолдарда жоғалған 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының деректері, ал формулярдың бос орынға паспорттық елтаңбалы мөрмен куәландырылған жоғалту туралы істің нөмірі мен күні жазылады.
Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде 1992 жылғы 1 наурызға тұрақты тіркелгенін растайтын құжаттар болмаған кезде, егер азаматтар Қазақстан Республикасында тіркеу есебінен шығарылған және тоғыз ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жаңа келген орны бойынша тіркелмеген болса, азаматқа оның азаматтығын анықтау үшін тексеру жүргізіледі, аяқталғаннан кейін оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (және паспортын) әзірлеу үшін формуляр ресімдеу туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын 13-нысанды анықтама беріледі.
13-нысанды анықтама және 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының берілгендігін растайтын 1-нысанның көшірмесі болған кезде тексеру материалдарын қалыптастыру жүргізілмейді, бұл ретте 1-нысанның көшірмесін азаматтық және иммиграция бөлімі 13-нысанды анықтамамен бірге береді.
Формулярды ресімдеген кезде 13-нысанды анықтаманың нөмірі мен күні және анықтаманы берген орган формулярдың бос орында көрсетіледі және паспорттық елтаңбалы мөрмен расталады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар беруге алғаш рет өтініш білдірген және туу туралы куәлігін ұсынған 18 жастан асқан адамдарға формулярды ресімдеу олардың жеке басын тексеріп, Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі анықтағаннан кейін жүзеге асырылады.
"11" коды бойынша көрсетілген санаттағы адамдарға формуляр ресімдеу үшін азаматтан:
жеке басты куәландыратын құжатты уақтылы алмау себебi көрсетілген еркін нысандағы өтініш;
барлық тұрған жері, оқу, жұмыс орындары көрсетілген толық өмiрбаяны;
туу туралы куәлiгi (салыстырып тексергеннен кейін қайтарылады);
ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстырып тексергеннен кейін қайтарылады) қабылданады.
Осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген тәртіппен уәкілетті қызметкер куәландырған туу туралы куәліктің, ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері тексеру материалына тігіледі.
Ұсынылған туу туралы куәлiкті растау үшін АХАТ органдарынан туу туралы акті жазбасының көшірмесі сұратылады.
Уәкілетті қызметкер азаматтың фотосуретімен біруақытта ұсынылған танылатын адамның сыртқы келбетімен мүмкіндігінше ұқсас келетін басқа адамдардың кемінде үш фотосуреті бойынша, жақын туыстарын немесе азаматты кемінде 10 жылдан бері білетін адамдарды тарта отырып, адамның жеке басын тану хаттамасын толтырады.
Екі жұмыс күні ішінде жеке басын тексеру нәтижелері бойынша қорытынды шығарылады, оны Полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы не оның орынбасары бекітеді, содан кейін ол қорытындыларды тіркеу журналында тіркеледі.
Формулярдағы 9, 10, 11-жолдарда туу туралы куәліктің деректері формулярдың бос орынға паспорттық елтаңбалы мөрмен куәландырылған жеке басын тексеру қорытындысының нөмірі мен күні жазылады.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары және Қазақстан Республикасында кәмелеттік жасқа толғанға дейін тұрақты тiркеуі жоқ 18 жастан асқан адамдарға олардың азаматтығын анықтауға тексеріс жүргізіледі, аяқталғаннан кейін оларға Қазақстан Республикасының азаматын паспортпен және жеке куәлікпен құжаттандыру туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын 13-нысанды анықтама беріледі.
13-нысандағы анықтама болған кезде тексеру материалдары жүргізілмейді.
Формулярды ресімдеу кезінде 13-нысанды анықтаманың нөмірі, күні және анықтаманы берген орган формулярдың бос орында көрсетіледі және паспорттық елтаңбалы мөрмен расталады.
Азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтылығына тиесілігі туралы 13-нысанды анықтамаларды ұсыну кезінде оларды берген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін азаматтар 13-нысанды анықтаманы қайта алуға жіберіледі.
13-нысанды анықтамалар (не оның телнұсқалары) аумақтық бөліністерде ұдайы сақталуға жатады.
"12" коды Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдарға формуляр толтыру кезінде көрсетiледi. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда ІІМ-нің № 85 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, Қазақстан Республикасының азамттығын қалпына келтіру туралы анықтаманың (бұдан әрі - 7-нысанды анықтама) деректері жазылады. 15-жолда – бұрынғы азаматтығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған күні (азаматтығы жоқ адамдар үшін – АЖА "990" коды) көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының (бұдан әрі – Жарлық) нөмірі не Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау туралы ішкі істер органдарының қорытындылары формулярдың бос орында көрсетіледі және паспорттық елтаңбалы мөрмен расталады.
Бұрын ата-аналарымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған балаларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортына формулярлар ресімдеу олардың ата-аналарының 7-нысанды анықтамасының немесе анықтамалардың телнұсқалары негізінде жүзеге асырылады. Формулярдың сыртқы жағындағы бос орынға туу туралы куәліктің нөмірі, күні, оны берген орган көрсетіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы Жарлықтың не ішкі істер органдарының қорытындысы көрсетіледі.
Туу туралы куәлік олардың заңдастыруы не апостиль қоюы болмауы себепті формулярды ресімдеу үшін негіз бола алмаған жағдайларда, балаларды ресімдеу ішкі істер органдары олардың ата-анасына балаларының айқындамалық деректерін көрсете отырып, беретін 7-нысанды анықтамалардың ұсынылған телнұсқалары бойынша жүзеге асырылады.
Формулярдың бос орынға 7-нысанды анықтаманың телнұсқасы атына берілген ата-анасының жеке куәлігінің нөмірі және берілген күні, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған Жарлықтың нөмірі көрсетіледі.
Бұрын ата-анасымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, бірақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды уақтылы алмаған 18 жастан асқан адамдарды ресімдеу көрсетілген адамдарға ішкі істер органдары қайта берген 7-нысанды анықтамалардың негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтыққа қабылдау туралы анықтамалар (не олардың телнұсқалары) аумақтық бөліністерде тұрақты сақталуға жатады;
"13" коды тек паспортын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарына формуляр толтыру кезінде көрсетiледi. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда жеке куәліктің деректері жазылады, ал формулярдың бос орынға паспорттық елтаңбалы мөрмен куәландырылған азаматтың паспортын қалпына келтіру туралы өтінішінің нөмірі мен тіркелген күні көрсетіледі.
16 жасқа дейінгі балаға дайындалған паспорт жоғалған кезде, құжатын қалпына келтіру туралы өтінішті оның ата-анасының біреуі немесе заңды өкілі ұсынады.
"14" код формулярды елдi мекен атауының өзгеруіне байланысты толтырған кезде көрсетiледi. 14-жол толтырылмайды, ал 9, 10, 11-жолдарда бар құжаттың деректері жазылады.
"15" коды формулярды Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшiн шетелден қайтып оралған Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiкке толтыру кезінде көрсетiледi. Бұл ретте 14-жол (бұрынғы тұрғылықты жерi) толтырылады, ал 9, 10, 11-жолдарда Қазақстан Республикасы азаматының қолында бар паспортының деректерi көрсетіледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден Қазақстан Республикасының аумағына уақытша болу мақсатында келген Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының паспорты негізінде болу орны бойынша уақытша тіркеу ресімделеді.
Республикадан тыс жерлерден тұрғылықты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары паспортын, бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжатты не бұрын тұрған елінің құзыретті органы берген азаматтығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады.
Бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжаты, азаматтығы жоқтығы туралы анықтама болмаған кезде, азамат бұрын тұрған елінен көрсетілген құжаттардың бірі сұратылған (алынған) кезеңге уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеледі.
Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары азаматқа берген Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты тіркеу есебінен шығу туралы мөртабан басылған мекенжайдан кету парағының түпнұсқасы оны берген күнінен бастап үш айдан астам мерзімге ұсынылған кезде уәкілетті ішкі істер органы тіркеудің және бұрын тұрған елдің азаматтығында болу мәніне тексеріс жүргізеді.
Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері берген қайтып оралуға арналған куәлік бойынша Қазақстан Республикасына келген Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу одан әрі жоғалған құжатты қалпына келтіре отырып, осы құжат бойынша жүргізіледі, бұл ретте мекенжайдан кету парағын ұсыну талап етілмейді.
"16" коды құжаттардың түрлерiнiң өзгеруiне байланысты иесiнiң қалауы бойынша жеке куәлiкке және паспортқа формуляр толтыру кезінде көрсетіледі.
"17" коды қолындағы жеке куәлігі немесе паспорты негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын не жеке куәлігін алу үшін формуляр толтыру кезінде көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда қолындағы жеке куәлігінің немесе паспортының деректерi жазылады.
"18" коды жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты формуляр толтыру кезінде көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бар жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi жазылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Он күн сайын жоғалған, ұрланған, күші жойылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ қайтыс болғаны, Қазақстан Республикасының азаматтығынан иелерінің шығуы не одан айырылғаны туралы ақпарат бар кезде алынбағаны, жеке басты куәландыратын құжаттарды берудің негізсіздігі туралы мәліметтер Полиция департаменттерінің (бұдан әрі – ПД) көші-қон қызметі бөліністерінде жинақталады және одан әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде алып қою және ІІМ КҚҚК-нің деректер базасына түзетулер енгізу үшін жолданады. Жоғалған, ұрланған, сондай-ақ негізсіз берілген және алынбаған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер он күн сайын ПД Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қазақстан Республикасындағы "Интерпол" Ұлттық орталық бюросына жолдайды.
ТАӘ (олар болған жағдайда), ұлтын, туған жерін, күнін ауыстыруға байланысты формулярларды толтыру кезінде ҚСжАЕАЖК-ның аумақтық басқармасына әр айдың 15 және 30-ы күніне жоғарыда көрсетілген айқындамалық деректерді ауыстыруға байланысты жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру мәселесі бойынша аудандық және қалалық ішкі істер органдарына жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәліметтер жолданады.";
16-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдарды тексеру аяқтағаннан кейін уәкілетті қызметкер екі жұмыс күні ішінде олардың жеке басын анықтау және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру бойынша қорытынды шығарады, оны Полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы немесе оның орынбасары бекітеді, содан кейін қорытындыларды тіркеу журналына тіркейді. Жеке басын куәландыратын құжаттарды беруге формулярды толтыру кезінде, қорытындының нөмірі мен күні формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға көрсетіледі және паспорттық елтаңбалы мөрмен куәландырылады.";
екінші абзацы алынып тасталсын;
сегізінші абзацы алынып тасталсын;
он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"11-жол қысқартусыз толтырылады, құжатты берген қалалық, аудандық органның атауы, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атауы толық көрсетiледі.";
17-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Формулярдың 12-жолында Қазақстан Республикасының аумағында туған адамдар үшiн көрсетілген құжатқа сәйкес тиiстi жолдарда – облыс, республикалық маңызы бар қалалар, аудан және оларға тиiстi кодтар, елдi мекен жазылады. Шетелде туған адамдарға тиiстi жолдарда тек елдің атауы жазылады, коды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес елдердің анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.";
19-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Формулярларды ресімдеуге рұқсаты бар уәкілетті қызметкерлер ауысқан кезде олардың дербес кодтары жарамсыз деп есептеледі, ал жаңадан тағайындалғандарға жаңа дербес кодтар осы бөліністе пайдаланылмаған, бос реттік нөмірлердің қатарынан келесі код белгісін көрсете отырып беріледі. Дербес кодтардың әріптік индекстерін ІІМ КҚҚК береді, цифрлық индекстерді ПД жаңартады және ПД бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. ЭЦҚ алу үшін ПД уәкілетті қызметкерлерді тағайындайды, олар өтінім беру, аумақтық бөліністердің уәкілетті қызметкерлерін сәйкестендіру процесін өткізу және тіркеу куәліктерін алу үшін жауапты болады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. ЭЦҚ қайта алу үшін мерзімі өтерден он күн бұрын жаңа өтінім беру қажет. ХҚТ ТП және ШҚТ ТП-да жұмысты жүзеге асыратын уәкілетті қызметкерлер ауысқан кезде, ЭЦҚ алынбалы тасымалдағышпен бірге ПД-ге тапсырылады. ПД-ның уәкілетті қызметкері тіркеу куәлігін кері шақыртып алуға өтінім береді.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Электрондық формулярды толтыру үшін құжаттар үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті және жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу себебіне байланысты төменде санамаланған құжаттардың бірін ұсыну қажет:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алуға электрондық формулярды ресімдеу кезінде:
туу туралы куәлік;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
7-нысанды анықтама;
азаматтығы жоқ адамның куәлігі.
2) Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат алу үшін электрондық формуляр ресімдеу кезінде:
жарамды ұлттық паспорты;
шетелдіктің тұруына ықтиярхат.
3) азаматтығы жоқ адамның куәлігін алу үшін электрондық формулярды ресімдеу кезінде:
қолданылу мерзімі өткен шетелдік паспорт;
азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы);
әскери билет;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
шыққан елінің құзыретті органы берген шыққан елінің азаматтығын тоқтатқандығы туралы анықтама;
туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеген кезде);
Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлік (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде).";
алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
""04" коды - Т.А.Ә (ол болған кезде) өзгерткен кезде көрсетіледі. Неке қию, бұзу, айқындамалық деректерді өзгерту туралы куәліктің, қайта берілген туу туралы куәліктің, заңды күшіне енген сот шешімінің (олар болған кезде) нөмірін, күнін және оны берген органды, шетелдіктің ұлттық паспортының нөмірін және берген күнін уәкілетті қызметкер электрондық формулярдың "қосымша негіз" жолына енгізеді;";
он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
""07" коды - құжат пайдалануға жарамсыз болған (бүлінуі, ескіруі, техникалық ақаулар, паспорттың барлық беттерінің пайдаланылуы, жеке басын куәландыратын құжатта ЖСК-ның болмауы және т.б.) жағдайларда көрсетіледі. Электрондық формулярды ресімдеу негіздемесі ретінде жарамсыз құжаттың деректері жазылады, ал "қосымша ақпарат" жолында құжаттың жарамсыз болуының нақты себебі көрсетіледі. Бүлінуіне, жеке адамды сәйкестендірудің мүмкін болмауына байланысты пайдалануға жарамсыз құжат формулярды толтыру кезінде алынады;";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Электрондық формулярды толтырғаннан кейін азаматтарға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру және жеке қолын растау үшін ақпараттық парақ басылып шығарылады.
Ақпараттық парақ ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөліністерінде азаматтар дайын құжатты алғанға дейін сақталады және акті толтырусыз жойылады.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Деректер базасындағы электрондық формулярлардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған ресімдеу кодтары сәйкес келмеген, графикалық ақпарат сапасыз жасалған (суреті, қолтаңбасы) кезде электрондық формулярлар "АӨО" РМК-дан қайтару себебін көрсете отырып құжаттарды дайындамай электрондық өтінімдерді ІІМ КҚҚК арқылы ХҚТ ТП, ШҚТ ТП-ға қайтарылады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Түзетулерді жасау, дайындалған жеке куәліктер мен паспорттарды "АӨО" РМК-дан ІІМ КҚҚК-ға және ПД-ға жолдау тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына дайындалған паспорттарды және (немесе) жеке куәліктерді беру осы Қағидалардың 51, 53, 54, 55, 56, 57-тармақтарында бекітілген тәртіпте жүргізіледі.";
43-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілген құжаттар қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жазасын өтеуші адамды құжаттандыру туралы қолдаухатымен, мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртекпен бірге тиісті көші-қон қызметі бөлінісінің уәкілетті қызметкеріне ұсынылады.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Формулярлар толтырылғаннан кейін аудандық (қалалық) көші-қон қызметі бөлімдері деректер базасы не формулярлар картотекасы бойынша азаматтарға бұрын берілген жеке басты куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ қызметтік белгілердің бар болуына тексерісті жүзеге асырады. Барлық деректер мен фотосуреттердің ұқсастығы салыстырылады.
Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін алуға ресімделген формулярлар үшін тексеру мерзімі – 2 жұмыс күнін құрайды, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алуға ресімделгендер – бір жұмыс күні, бұл ретте формулярды толтыру күні есептелмейді.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Тексеру жүзеге асырылғаннан кейін, аудандық (қалалық) көші-қон қызметі бөліністері осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт данада формулярларды жөнелту үшін аудандық (қалалық) ішкі істер органдарында тізілім толтырады, онда тізілімге енгізілген формулярлардың нөмірлері, азаматтың Т.А.Ә. (ол болған кезде), толтыру күні, себебі, формулярлар саны көрсетіледі. Бұл ретте тізілімдер құжаттардың түрлері және толтыру себептерінің кодтары бойынша жеке қалыптастырылады:
"01";
"00", "07", "09", "10", "13", "14", "15", "16", "17", "18";
"03","04", "05", "08";
"06";
"11";
"12";
"пысықтау";
"тергеу-қамауындағылар";
"сотталғандар";
"ШЫХ";
"АЖА".
Тiзiлiмнiң үш данасы формулярлармен бiрге ПД-ға жолданады.
1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының ауыстырылуына, олардың жоғалуына байланысты, 18 жастан асқан адамдарға туу туралы куәлігінің негізінде ресімделген формулярлар ПД-ға жеке тізілімдермен тексеру материалдарын қоса бере отырып, құжаттарды жедел дайындағаны үшін төлем қабылдаусыз жолданады.
Тексерістен кейін 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттар бойынша, 18 жастан асқан адамдарға туу туралы куәліктері бойынша, 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттарының жоғалуы бойынша, олар болған кезде материалдарда: тексерген күні, ПД халықты құжаттандыру және ішкі көші-қонды бақылау бөлімінің оларды ресімдеудің негізділігі мен дұрыстығын тексерген қызметкердің тегі, лауазымы және қолы қойылады, одан кейін материалдар аудандық (қалалық) көші-қон қызметі бөліністеріне қайтарылады.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Формулярлардың толтыру дұрыстығы мен негізділігіне тексергеннен кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға байланысты ресімделген адамдарды Жарлықпен және жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдаған адамдар бойынша тізімдермен салыстыра тексергеннен кейін ПД аудандық (қалалық) бөлiністерден алған тiзiлiмдер мен формулярлардың негізінде формулярларды ПД-дан ІІМ КҚҚК-ға жөнелту үшін аудандық, қалалық көші-қон қызметі бөлiнісінің атауын, аудандық, қалалық тiзiлiмдердiң шығыс нөмiрлерiн және толтырылған күнiн, оларға енгізілген формулярлардың санын көрсете отырып, осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жиынтық тiзiлiм толтырады.
Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін алуға ресімделген формулярларды ПД-да тексеру – келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алуға ресімделгендер – келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды. Жиынтық тiзiлiмге ПД халықты құжаттандыру және ішкі көші-қонды бакылау бөлiмiнiң бастығы қол қояды және аудандық (қалалық) бөлiністер тiзiлiмдерiнiң екi данасын қоса бере отырып, ІІМ КҚҚК-ға жолданады, жиынтық тізілімнің бір данасы және аудандық (қалалық) бөліністің жиынтық тізілімінің бір данасы ПД-ның жеке номенклатуралық iсiнде қалады.
ПД-да тексеру кезінде анықталған пысықтау үшін кері қайтаруға жататын формулярлар алу себебін көрсете отырып, аудандық, қалалық бөлiністер тiзiлiмдерiнен алып тасталады және жиынтық тiзiлiмдерді құрастырған кезде есепке алынбайды.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. ІІМ КҚҚК деректер базасындағы бар адам туралы мәліметтердің сәйкес келмеуіне байланысты "АӨО" РМК-дан формулярларды кері қайтару кезінде негізсіз құжаттандыру фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді.
Формулярларды дұрыстығына және толтыру негізділігіне, сондай-ақ (қағаз тасымалдағышта толтырылған) іздестірудегі адамдарды автоматтандырылған база бойынша тексерілгеннен кейін аудандық, қалалық бөліністердің формулярлары және ПД бөлімінің жиынтық тізілімімен құжаттар дайындау үшін ІІМ КҚҚК-дан "АӨО" РМК-ға өндіріске беріледі, бұдан кейін формулярлармен және дайын болған құжаттармен бірге оларды одан әрі ПД-ға жолдау үшін қайтарылады.
Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруға ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін алуға ресімделген формулярларды ІІМ КҚҚК-ға тексеру – келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күнін, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алуға ресімделгендер (қағаз тасымалдағышта) – келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күнді құрайды.
"АӨО" РМК-дан дайындалған құжаттар "Іздестіру" белгісімен келіп түскен кезде ІІМ КҚҚК оларды іздестірудегі адамды ресімдеген орны бойынша ПД Көші-қон қызметі басқармасына оларды жеке тізіліммен жолдайды.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. "АӨО" РМК-да жеке куәліктер мен паспорттарды әзірлеу мерзімі: құжаттарды жеделдетіп әзілеуге толтырылған формулярлар үшін – бір жұмыс күнді, жалпы тәртіпте толтырылғандарға – формулярлардың өндіріске келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күнді құрайды.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін дайындау мерзімі: құжаттарды жеделдетілген түрде дайындауға толтырылған формулярлар үшін – бір жұмыс күнді, жалпы тәртіпте толтырылғандарға – формулярлардың өндіріске келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнді құрайды.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. ІІМ КҚҚК, "АӨО" РМК және ПД жiберiлген қателерi немесе сәйкес келмеулері, сапасыз графикалық ақпарат үшiн аумақтық ішкі істер органдарына пысықтауға қайтарылған формулярлар аудандық, қалалық көші-қон қызметінің бөліністеріне келіп түскен күнінен бастап кемiнде екі жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде пысықталады, содан кейін олар жеке тiзiлiмдермен құжаттарды дайындауға қайта жолданады. Бұл ретте iлеспе хатта пысықтауға қайтарылған осы формулярлар бойынша тiзiлiмдерiнiң бұрынғы шығыс нөмiрлерi көрсетiледi (әрбiр формуляр бойынша шығыс нөмірін жеке көрсету қажет). ПД, ІІМ КҚҚК, "АӨО" РМК-дан пысықтауға қайтарылған формулярлар осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пысықтауға қайтарылған формулярларды тiркеу журналында есепке алынады.";
51-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қалалық, аудандық ішкі істер органдары тексеріс аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ПД-ға тексеріс материалдарын қоса бере отырып, түзету қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жолдайды. Аумақтық ішкі істер органдарынан келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде ІІМ КҚҚК-ге тексеріс материалдарының көшірмелерін қоса бере отырып, түзету қажеттілігі туралы ПД жазбаша негіз жолдайды.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Дайындалған жеке басты куәландыратын құжаттарды ПД-ға жолдау кезінде ІІМ КҚҚК осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада дайындалған құжаттарды, формулярларды ІІД КҚҚК-ден ПД-ға, ПД-дан ҚАІІБ-ге жолдау үшін тiзiлiм құрастырады. Бiр данасы ІІМ КҚҚК-де қалады, ал тiзiлiмнiң екiншi данасы тiзiлiмге енгiзiлген формулярларды және дайын құжаттарды жолдауға "АӨО" РМК-ның ілеспе хатымен формулярлармен және дайын құжаттармен ПД-ға жолданады.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. ПД-ға келiп түскен дайындалған құжаттары мен формулярлары бар тiзiлiмдерді ішкі істер органдары жалпы тәртіппен тiркейдi, аудандық (қалалық) бөлiністер бойынша бөледi және дайындалған құжаттарды жөнелтуге арналған тізілімдер бойынша береді.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Пысықтау бойынша құжаттарды дайындауға формулярларды жолдауға, дайындалған құжаттарды жолдауға арналған тізілімдер "АӨО" РМК-ның ілеспе хатымен бірге аудандық, қалалық бөліністерде, ПД, ІІМ КҚҚК-де жеке номенклатуралық iсте сақталады.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Берiлген жеке басты куәландыратын құжаттарға арналған формулярлар ішкі істер органдарында арнайы картотекаларда сақталады. Бұл ретте бір адамның айқындамалық деректеріне түрлі себептер бойынша ресімделген формулярлар бекітіледі және бірге сақталады. Құжатталушы адамның тегін өзгертуі бойынша ресімделген формуляр картотекада әліпби бойынша басқалардан бөлек қойылады, соңғы формулярда формулярдың нөмірі мен жаңа айқындамалық деректерін көрсете отырып, айқындамалық деректердің өзгергені туралы белгі қойылады.
Картотека оларды толтыру орны бойынша ішкі істер органдарының өрт-күзет сигнализациямен, терезелерi торлармен жабдықталған, есiктері металмен қапталған жеке оқшауланған үй-жайларында орналасады.
Дайындалған құжаттарға арналған формулярларды жоғалтпау, картотекамен жұмыс iстеу үшiн оның сақталуына жауап беретiн функциялық мiндеттер жүктелетiн қызметкерлер бөлiнедi. Функционалдық мiндеттерiне осы жұмыстар жатпайтын қызметкерлердiң картотекаға рұқсат етілмейді.
Формулярды картотекаға орналастыру құжаттарды иелерiне негізді беру фактiсiн ішкі тексеру комиссиясы тексергеннен кейiн және 2- нысанды кітаппен салыстыра тексергеннен кейiн жүргiзiледi.
Формулярларды картотекаға орналастыру қатаң түрде әлiпби бойынша жүргiзiледi.
Тегi бiрдей әрiптен басталатын адамдарға арналған формулярлар терiлiп алынады және тегiнiң екiншi әрпi бойынша, одан кейiн үшiншi т.с.с. әліпби ретiмен орналастырылады.
Мысалы: Абдыхалықов, Авдеев, Ағыбергенов;
Базаров, Байытов, Бақтұрсынов және т.б.
Тегi бiрдей адамдарға арналған формулярлар картотекаға аты мен әкесiнiң аты бойынша әлiпби ретiн сақтай отырып, орналастырылады.
Мысалы: Азаров Алексей Антонович, Азаров Алексей Артемович, Азаров Алексей Васильевич және т.б.
Формулярда тегi, аты, әкесiнiң аты бiрдей болған жағдайда туған жылы бойынша өсу ретiмен, одан кейiн туған жерiнiң қала, аудан, елдi мекендерi бойынша әлiпби ретiмен орналастырылады.
Мысалы: Баринов Аркадий Исаевич, 1963 ж. т., туған жерi Алматы,
Баринов Аркадий Исаевич, 1963 ж.т., туған жерi Балқаш,
Баринов Аркадий Исаевич, 1966 ж. т., туған жері Өскемен.
Мемлекеттiк тiлде толтырылған формулярлар мынадай тәртiппен әліпби бойынша орналастырылады:
Ә әрпi А әрпiне орналастырылады, бұдан әрi сәйкесiнше: Ғ-Г; I-И; Қ-К; Ң-Н; Ө-О; Ү-Ұ-У; Һ-Х.
ІІМ КҚҚК-ның деректер базасындағы фотосуреттерді қалпына келтіру үшін, сондай-ақ ПД-ның заңсыз құжаттандыру фактілері бойынша қызметтік тексеріс жүргізуі үшін сұрау салуларын қоспағанда, формулярларды анықтама алу, көшiрмесiн түсiру, қызметтiк белгiлер қою үшiн картотекадан бір жұмыс күннен артық мерзiмге алуға жол берiлмейдi. Уақытша алынған формуляр жұмыс күнiнiң соңында картотекаға қайтарылуы тиіс. Формулярды картотекадан уақытша алған кезде алынған формулярдың орнына формулярдың алу себебi және күнi, формуляр уақытша қолында болатын адамның Т.А.Ә. (ол болған кезде) мен лауазымы жазылған қызметкердiң қолымен куәландырылған формулярдың көшiрмесi салынады. Формулярды басқа мемлекеттiк органдардың қызметкерлеріне және өзге де адамдарға беруге рұқсат етілмейді.
Қазақстан Республикасының құжаттандырылатын халқының деректер базасы қалыптастырылатын формулярлардың көшірмелері сұрау салулар бастамашыларына "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес беріледі (жіберіледі).
Азаматтарға формулярдың көшірмесі берілмейді.
Формулярдың түпнұсқасы картотекада болмаған кезде, формулярдың түпнұсқасының жоғалғандығы туралы акт жасалады.
Картотекаға енгізу үшін ІІМ КҚҚК-ның деректер базасынан ІІМ КҚҚК-ның елтаңбалы мөрімен расталған фотосуреті бар мәліметтер сұратылады.";
2-қосымшадағы "Қазақстан Республикасының облыстары, аудандары кодтарының анықтамалығы" осы бұйрыққа 1 - қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7, 16, 17, 18, 19 - қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6 - қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОБЛЫСТАРЫ, АУДАНДАРЫ КОДТАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Облыс | Облыстың коды | Ауданның коды | Атауы (қазақша) | Атауы (орысша) |
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ | 1902 | 204 | АҚКӨЛ АУДАНЫ | АККОЛЬСКИЙ РАЙОН |
1902 | 207 | АСТРАХАН АУДАНЫ | АСТРАХАНСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 210 | АТБАСАР АУДАНЫ | АТБАСАРСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 211 | ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ | ЖАРКАИНСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 212 | ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ | ЗЕРЕНДИНСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 214 | САНДЫҚТАУ АУДАНЫ | САНДЫКТАУСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 217 | АРШАЛЫ АУДАНЫ | АРШАЛЫНСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 218 | ЕСІЛ АУДАНЫ | ЕСИЛЬСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 220 | ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ | ЕРЕЙМЕНТАУСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 222 | ЖАҚСЫ АУДАНЫ | ЖАКСЫНСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 227 | ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ | ЕГИНДЫКОЛЬСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 230 | ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ | КОРГАЛЖЫНСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 234 | БҰЛАНДЫ АУДАНЫ | БУЛАНДЫНСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 246 | ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ | ЦЕЛИНОГРАДСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 249 | ШОРТАНДЫ АУДАНЫ | ШОРТАНДИНСКИЙ РАЙОН | |
1902 | 250 | БУРАБАЙ | БУРАБАЙСКИЙ | |
1902 | 255 | БІРЖАН САЛ АУДАНЫ | БИРЖАН САЛ РАЙОН | |
1902 | 402 | КӨКШЕТАУ | КОКШЕТАУ | |
1902 | 403 | АТБАСАР | АТБАСАР | |
1902 | 406 | СТЕПНОГОР | СТЕПНОГОРСК | |
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ | 1904 | 206 | АЛҒА АУДАНЫ | АЛГИНСКИЙ РАЙОН |
1904 | 209 | БАЙҒАНИН АУДАНЫ | БАЙГАНИНСКИЙ РАЙОН | |
1904 | 214 | ЫРҒЫЗ АУДАНЫ | ИРГИЗСКИЙ РАЙОН | |
1904 | 220 | ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ | АЙТЕКЕБИЙСКИЙ РАЙОН | |
1904 | 230 | ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ | КАРГАЛИНСКИЙ РАЙОН | |
1904 | 234 | МӘРТӨК АУДАНЫ | МАРТУКСКИЙ РАЙОН | |
1904 | 237 | МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ | МУГАЛЖАРСКИЙ РАЙОН | |
1904 | 240 | ХРОМТАУ АУДАНЫ | ХРОМТАУСКИЙ РАЙОН | |
1904 | 248 | ТЕМІР АУДАНЫ | ТЕМИРСКИЙ РАЙОН | |
1904 | 251 | ОЙЫЛ АУДАНЫ | УИЛСКИЙ РАЙОН | |
1904 | 254 | ҚОБДА АУДАНЫ | ХОБДИНСКИЙ РАЙОН | |
1904 | 258 | ШАЛҚАР АУДАНЫ | ШАЛКАРСКИЙ РАЙОН | |
1904 | 401 | АҚТӨБЕ | АКТОБЕ | |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ | 1907 | 203 | АҚСУ АУДАНЫ | АКСУСКИЙ РАЙОН |
1907 | 204 | БАЛҚАШ АУДАНЫ | БАЛХАШСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 206 | АЛАКӨЛ АУДАНЫ | АЛАКОЛЬСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 208 | ЖАМБЫЛ АУДАНЫ | ЖАМБЫЛСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 211 | ІЛЕ АУДАНЫ | ИЛИЙСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 214 | ҚАРАСАЙ АУДАНЫ | КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 223 | ҚАРАТАЛ АУДАНЫ | КАРАТАЛЬСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 227 | РАЙЫМБЕК АУДАНЫ | РАЙЫМБЕКСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 228 | КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ | КЕРБУЛАКСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 229 | КӨКСУ АУДАНЫ | КОКСУСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 232 | ТАЛҒАР АУДАНЫ | ТАЛГАРСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 233 | ПАНФИЛОВ АУДАНЫ | ПАНФИЛОВСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 236 | ҰЙҒЫР АУДАНЫ | УЙГУРСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 238 | САРҚАНТ АУДАНЫ | САРКАНДСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 242 | ЕСКЕЛДІ АУДАНЫ | ЕСКЕЛЬДИНСКИЙ РАЙОН | |
1907 | 244 | ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ | ЕНБЕКШИКАЗАХСКИЙ Р-Н | |
1907 | 245 | КЕГЕН | КЕГЕНСКИЙ | |
1907 | 401 | ТАЛДЫҚОРҒАН | ТАЛДЫКОРГАН | |
1907 | 404 | ҚАПШАҒАЙ | КАПЧАГАЙ | |
1907 | 405 | ТЕКЕЛІ | ТЕКЕЛИ | |
1907 | 407 | ТАЛҒАР | ТАЛГАР | |
АЛМАТЫ | 1910 | 262 | ӘУЕЗОВ | АУЭЗОВСКИЙ |
1910 | 264 | БОСТАНДЫҚ | БОСТАНДЫКСКИЙ | |
1910 | 267 | ЖЕТІСУ | ЖЕТЫСУСКИЙ | |
1910 | 270 | ТУРКІСІБ | ТУРКСИБСКИЙ | |
1910 | 274 | АЛМАЛЫ | АЛМАЛИНСКИЙ | |
1910 | 278 | МЕДЕУ | МЕДЕУСКИЙ | |
1910 | 279 | АЛАТАУ | АЛАТАУСКИЙ | |
1910 | 280 | НАУРЫЗБАЙ | НАУРЫЗБАЙСКИЙ | |
НҰР-СҰЛТАН | 1914 | 201 | САРЫАРҚА АУДАНЫ | САРЫАРКА РАЙОН |
1914 | 202 | ЕСІЛ АУДАНЫ | ЕСИЛЬСКИЙ РАЙОН | |
1914 | 203 | АЛМАТЫ АУДАНЫ | АЛМАТЫ РАЙОН | |
1914 | 204 | БАЙҚОҢЫР | БАЙКОНЫР | |
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ | 1915 | 204 | БАЛЫҚШЫ АУДАНЫ | БАЛЫКШИНСКИЙ РАЙОН |
1915 | 208 | ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ | КУРМАНГАЗИНСКИЙ РАЙОН | |
1915 | 213 | ИНДЕР АУДАНЫ | ИНДЕРСКИЙ РАЙОН | |
1915 | 215 | ИСАТАЙ АУДАНЫ | ИСАТАЙСКИЙ РАЙОН | |
1915 | 217 | ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ | КЗЫЛКОГИНСКИЙ РАЙОН | |
1915 | 222 | МАҚАТ АУДАНЫ | МАКАТСКИЙ РАЙОН | |
1915 | 227 | МАХАМБЕТ АУДАНЫ | МАХАМБЕТСКИЙ РАЙОН | |
1915 | 239 | ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ | ЖЫЛЫОЙСКИЙ РАЙОН | |
1915 | 401 | АТЫРАУ | АТЫРАУ | |
ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ | 1917 | 201 | АБАЙ АУДАНЫ | АБАЙСКИЙ РАЙОН |
1917 | 207 | АЯГӨЗ АУДАНЫ | АЯГУЗСКИЙ РАЙОН | |
1917 | 208 | ГЛУБОКОВ АУДАНЫ | ГЛУБОКОВСКИЙ РАЙОН | |
1917 | 210 | БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ | БЕСКАРАГАЙСКИЙ Р-Н | |
1917 | 213 | ЗАЙСАН АУДАНЫ | ЗАЙСАНСКИЙ РАЙОН | |
1917 | 215 | ЗЫРЯНОВ АУДАНЫ | ЗЫРЯНОВСКИЙ РАЙОН | |
1917 | 217 | КАТОН-ҚАРАҒАЙ АУДАНЫ | КАТОН-КАРАГАЙСКИЙ Р-Н | |
1917 | 219 | ЖАРМА АУДАНЫ | ЖАРМИНСКИЙ РАЙОН | |
1917 | 222 | КҮРШІМ АУДАНЫ | КУРЧУМСКИЙ РАЙОН | |
1917 | 224 | КӨКПЕКТІ АУДАНЫ | КОКПЕКТИНСКИЙ Р-Н | |
1917 | 237 | ҰРЖАР АУДАНЫ | УРДЖАРСКИЙ РАЙОН | |
1917 | 246 | ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ | ТАРБАГАТАЙСКИЙ Р-Н | |
1917 | 248 | БОРОДУЛИХА АУДАНЫ | БОРОДУЛИХИНСКИЙ Р-Н | |
1917 | 251 | ҰЛАН АУДАНЫ | УЛАНСКИЙ РАЙОН | |
1917 | 254 | ШЕМОНАИХА АУДАНЫ | ШЕМОНАИХИНСКИЙ Р-Н | |
1917 | 401 | ӨСКЕМЕН | УСТЬ-КАМЕНОГОРСК | |
1917 | 405 | КУРЧАТОВ | КУРЧАТОВ | |
1917 | 407 | РИДДЕР | РИДДЕР | |
1917 | 412 | СЕМЕЙ | СЕМЕЙ | |
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ | 1919 | 204 | ЖАМБЫЛ АУДАНЫ | ЖАМБЫЛСКИЙ РАЙОН |
1919 | 207 | ЖУАЛЫ АУДАНЫ | ЖУАЛЫНСКИЙ РАЙОН | |
1919 | 216 | ҚОРДАЙ АУДАНЫ | КОРДАЙСКИЙ РАЙОН | |
1919 | 220 | ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ | ТУРАРА РЫСКУЛОВА Р-Н | |
1919 | 225 | МЕРКІ АУДАНЫ | МЕРКЕНСКИЙ РАЙОН | |
1919 | 228 | МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ | МОЙЫНКУМСКИЙ РАЙОН | |
1919 | 232 | САРЫСУ АУДАНЫ | САРЫСУСКИЙ РАЙОН | |
1919 | 236 | БАЙЗАҚ АУДАНЫ | БАЙЗАКСКИЙ РАЙОН | |
1919 | 240 | ТАЛАС АУДАНЫ | ТАЛАССКИЙ РАЙОН | |
1919 | 244 | ШУ АУДАНЫ | ШУСКИЙ РАЙОН | |
1919 | 370 | ТЕМІРЖОЛ | ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНЫЙ | |
1919 | 401 | ТАРАЗ | ТАРАЗ | |
1919 | 404 | ЖАҢАТАС | ЖАНАТАС | |
1919 | 407 | ҚАРАТАУ | КАРАТАУ | |
1919 | 410 | ШУ | ШУ | |
БАТЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ | 1926 | 204 | БӨРІЛІ АУДАНЫ | БУРЛИНСКИЙ РАЙОН |
1926 | 208 | СЫРЫМ АУДАНЫ | СЫРЫМСКИЙ РАЙОН | |
1926 | 211 | ЖАНҒАЛА АУДАНЫ | ДЖАНГАЛИНСКИЙ РАЙОН | |
1926 | 214 | ЖӘНІБЕК АУДАНЫ | ЖАНИБЕКСКИЙ РАЙОН | |
1926 | 218 | ЗЕЛЕНОВ АУДАНЫ | ЗЕЛЕНОВСКИЙ РАЙОН | |
1926 | 224 | КАЗТАЛОВКА АУДАНЫ | КАЗТАЛОВСКИЙ РАЙОН | |
1926 | 227 | ТАСҚАЛА АУДАНЫ | ТАСКАЛИНСКИЙ РАЙОН | |
1926 | 230 | ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ | КАРАТОБИНСКИЙ Р-Н | |
1926 | 244 | ТЕРЕКТІ АУДАНЫ | ТЕРЕКТИНСКИЙ РАЙОН | |
1926 | 248 | БӨКЕЙОРДА АУДАНЫ | БОКЕЙОРДИНСКИЙ Р-Н | |
1926 | 255 | АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ | АКЖАИКСКИЙ РАЙОН | |
1926 | 258 | ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫ | ЧИНГИРЛАУСКИЙ Р-Н | |
1926 | 401 | ОРАЛ | УРАЛЬСК | |
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ | 1930 | 205 | АҚТОҒАЙ АУДАНЫ | АКТОГАЙСКИЙ РАЙОН |
1930 | 208 | ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ | КАРКАРАЛИНСКИЙ РАЙОН | |
1930 | 212 | АБАЙ АУДАНЫ | АБАЙСКИЙ РАЙОН | |
1930 | 215 | ЖАҢААРҚА АУДАНЫ | ЖАНААРКИНСКИЙ РАЙОН | |
1930 | 220 | НҰРА АУДАНЫ | НУРИНСКИЙ РАЙОН | |
1930 | 224 | ОСАКАРОВ АУДАНЫ | ОСАКАРОВСКИЙ РАЙОН | |
1930 | 226 | ШЕТ АУДАНЫ | ШЕТСКИЙ РАЙОН | |
1930 | 228 | ҰЛЫТАУ АУДАНЫ | УЛЫТАУСКИЙ РАЙОН | |
1930 | 234 | БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ | БУХАР-ЖЫРАУСКИЙ Р-Н | |
1930 | 401 | ҚАРАҒАНДЫ | КАРАГАНДА | |
1930 | 402 | ЖЕЗҚАЗҒАН | ЖЕЗКАЗГАН | |
1930 | 404 | БАЛҚАШ | БАЛХАШ | |
1930 | 406 | ҚАРАЖАЛ | КАРАЖАЛ | |
1930 | 408 | САРАН | САРАНЬ | |
1930 | 409 | СӘТБАЕВ | САТПАЕВ | |
1930 | 411 | ТЕМІРТАУ | ТЕМИРТАУ | |
1930 | 412 | ПРИОЗЕР | ПРИОЗЕРСК | |
1930 | 414 | ШАХТИНСК | ШАХТИНСК | |
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ | 1933 | 204 | АРАЛ АУДАНЫ | АРАЛЬСКИЙ РАЙОН |
1933 | 208 | ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ | ЖАЛАГАШСКИЙ РАЙОН | |
1933 | 213 | ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ | КАЗАЛИНСКИЙ РАЙОН | |
1933 | 216 | ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ | КАРМАКШИНСКИЙ Р-Н | |
1933 | 222 | СЫРДАРИЯ АУДАНЫ | СЫРДАРЬИНСКИЙ Р-Н | |
1933 | 232 | ШИЕЛІ АУДАНЫ | ШИЕЛИЙСКИЙ РАЙОН | |
1933 | 238 | ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ | ЖАНАКОРГАНСКИЙ Р-Н | |
1933 | 401 | ҚЫЗЫЛОРДА | КЫЗЫЛОРДА | |
1933 | 404 | БАЙҚОҢЫР | БАЙКОНЫР | |
1933 | 456 | ТӨРЕТАМ | ТЮРЕТАМ | |
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ | 1937 | 203 | МЕҢДІҚАРА АУДАНЫ | МЕНДЫКАРИНСКИЙ РАЙОН |
1937 | 204 | АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ | АМАНГЕЛЬДИНСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 206 | ЖІТІҚАРА АУДАНЫ | ЖИТИКАРИНСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 210 | ҚАМЫСТЫ АУДАНЫ | КАМЫСТИНСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 214 | ҚАРАСУ АУДАНЫ | КАРАСУСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 216 | ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫ | ЖАНГЕЛЬДИНСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 218 | ҚАРАБАЛЫҚ АУДАНЫ | КАРАБАЛЫКСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 222 | ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ | КОСТАНАЙСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 226 | ҰЗЫНКӨЛ АУДАНЫ | УЗУНКОЛЬСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 232 | НАУРЗЫМ АУДАНЫ | НАУРЗУМСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 236 | ДЕНИСОВ АУДАНЫ | ДЕНИСОВСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 240 | ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ | АУЛИЕКОЛЬСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 244 | ТАРАН АУДАНЫ | ТАРАНОВСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 246 | АЛТЫНСАРИН АУДАНЫ | АЛТЫНСАРИНСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 248 | САРЫКӨЛ АУДАНЫ | САРЫКОЛЬСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 252 | ФЕДОРОВ АУДАНЫ | ФЕДОРОВСКИЙ РАЙОН | |
1937 | 401 | ҚОСТАНАЙ | КОСТАНАЙ | |
1937 | 406 | ЛИСАКОВСК | ЛИСАКОВСК | |
1937 | 408 | РУДНЫЙ | РУДНЫЙ | |
1937 | 410 | АРҚАЛЫҚ | АРКАЛЫК | |
МАНҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ | 1943 | 205 | БЕЙНЕУ АУДАНЫ | БЕЙНЕУСКИЙ РАЙОН |
1943 | 210 | ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ | КАРАКИЯНСКИЙ РАЙОН | |
1943 | 216 | МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫ | МАНГИСТАУСКИЙ РАЙОН | |
1943 | 225 | ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ | ТУПКАРАГАНСКИЙ РАЙОН | |
1943 | 226 | МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ | МУНАЙЛИНСКИЙ РАЙОН | |
1943 | 401 | АҚТАУ | АКТАУ | |
1943 | 404 | ЖАҢАӨЗЕН | ЖАНАОЗЕН | |
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ | 1945 | 204 | БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ | БАЯНАУЛЬСКИЙ РАЙОН |
1945 | 213 | ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ | ЖЕЛЕЗИНСКИЙ РАЙОН | |
1945 | 217 | ЕРТІС АУДАНЫ | ИРТЫШСКИЙ РАЙОН | |
1945 | 222 | ҚАШЫР АУДАНЫ | КАЧИРСКИЙ РАЙОН | |
1945 | 226 | АҚТОҒАЙ АУДАНЫ | АКТОГАЙСКИЙ РАЙОН | |
1945 | 229 | ЛЕБЯЖЬЕ АУДАНЫ | ЛЕБЯЖИНСКИЙ РАЙОН | |
1945 | 232 | МАЙ АУДАНЫ | МАЙСКИЙ РАЙОН | |
1945 | 239 | ПАВЛОДАР АУДАНЫ | ПАВЛОДАРСКИЙ РАЙОН | |
1945 | 242 | УСПЕН АУДАНЫ | УСПЕНСКИЙ РАЙОН | |
1945 | 245 | ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ | ЩЕРБАКТИНСКИЙ РАЙОН | |
1945 | 401 | ПАВЛОДАР | ПАВЛОДАР | |
1945 | 404 | АҚСУ | АКСУ | |
1945 | 408 | ЕКІБАСТҰЗ | ЭКИБАСТУЗ | |
СОЛТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ | 1948 | 204 | ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ | КЫЗЫЛЖАРСКИЙ РАЙОН |
1948 | 207 | М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ | М.ЖУМАБАЕВА Р-Н | |
1948 | 209 | АЙЫРТАУ АУДАНЫ | АЙЫРТАУСКИЙ РАЙОН | |
1948 | 213 | ЖАМБЫЛ АУДАНЫ | ЖАМБЫЛСКИЙ РАЙОН | |
1948 | 216 | ЕСІЛ АУДАНЫ | ЕСИЛЬСКИЙ | |
1948 | 218 | УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ | УАЛИХАНОВСКИЙ Р-Н | |
1948 | 219 | МАМЛЮТ АУДАНЫ | МАМЛЮТСКИЙ РАЙОН | |
1948 | 224 | ТАЙЫНША АУДАНЫ | ТАЙЫНШИНСКИЙ РАЙОН | |
1948 | 226 | ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АУДАНЫ | ГАБИТА МУСРЕПОВА Р-Н | |
1948 | 232 | ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ | ШАЛ АКЫНА РАЙОН | |
1948 | 235 | АҚЖАР АУДАНЫ | АКЖАРСКИЙ РАЙОН | |
1948 | 238 | АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ | АККАЙЫНСКИЙ РАЙОН | |
1948 | 242 | ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ | ТИМИРЯЗЕВСКИЙ Р-Н | |
1948 | 401 | ПЕТРОПАВЛ | ПЕТРОПАВЛОВСК | |
ШЫМКЕНТ | 1959 | 361 | АБАЙ | АБАЙСКИЙ |
1959 | 364 | ӘЛ-ФАРАБИ | АЛЬ-ФАРАБИЙСКИЙ | |
1959 | 368 | ЕҢБЕКШІ | ЕНБЕКШИНСКИЙ | |
1959 | 369 | ҚАРАТАУ | КАРАТАУ | |
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ / ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ | 1960 | 203 | БӘЙДІБЕК АУДАНЫ | БАЙДИБЕКА РАЙОН |
1960 | 208 | ОРДАБАСЫ АУДАНЫ | ОРДАБАСЫНСКИЙ Р-Н | |
1960 | 210 | МАҚТААРАЛ АУДАНЫ | МАХТААРАЛЬСКИЙ Р-Н | |
1960 | 217 | ОТЫРАР АУДАНЫ | ОТРАРСКИЙ РАЙОН | |
1960 | 223 | ТӨЛЕ БИ АУДАНЫ | ТОЛЕБИЙСКИЙ РАЙОН | |
1960 | 226 | ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ | КАЗЫГУРТСКИЙ РАЙОН | |
1960 | 234 | САЙРАМ АУДАНЫ | САЙРАМСКИЙ РАЙОН | |
1960 | 237 | САРЫАҒАШ АУДАНЫ | САРЫАГАШСКИЙ РАЙОН | |
1960 | 243 | СОЗАҚ АУДАНЫ | СУЗАКСКИЙ РАЙОН | |
1960 | 249 | ТҮЛКІБАС АУДАНЫ | ТЮЛЬКУБАССКИЙ Р-Н | |
1960 | 252 | ШАРДАРА АУДАНЫ | ШАРДАРИНСКИЙ РАЙОН | |
1960 | 256 | КЕЛЕС АУДАНЫ | КЕЛЕССКИЙ РАЙОН | |
1960 | 258 | ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ | ЖЕТЫСАЙСКИЙ РАЙОН | |
1960 | 403 | АРЫС | АРЫСЬ | |
1960 | 406 | КЕНТАУ | КЕНТАУ | |
1960 | 412 | ТҮРКІСТАН | ТУРКЕСТАН | |
ШЕТЕЛ | 9999 | 404 | БАЙҚОҢЫР | БАЙКОНЫР |
9999 | 456 | ТӨРЕТАМ | ТЮРЕТАМ | |
9999 | 500 | ҚР ІІМ КҚҚК | КМС МВД РК | |
9999 | 600 | ҚР СІМ КҚД | ДКС МИД РК | |
9999 | 999 | ШЕТЕЛ | ЗАГРАНИЦА |
Нысан
"БЕКIТЕМIН
___________________________
(ішкі істер органының атауы)
___________________ бастығы
____________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)
20_____ж. "____"_________
Жарамсыз жеке басты куәландыратын құжаттарды, 1974 жылғы үлгідегі паспорттарды, шекара аймағы тұрғынының куәлiктерiн, толтыру кезiнде бүлiнген формулярлар бланкiлерiн жоюдың №_______ АКТІСІ
20__ ж. "___"___________
Бiз, төменде қол қойғандар __________________________________________
_____________________________________________________________________
(комиссия мүшелерiнiң лауазымы және Т.А.Ә. (ол болған кезде) көрсетiледi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20__ж. "_____"_________________бастап
20__ж. "_____"______________________
20__ж. "_____"________ 20__ж. "____"______________ дейiнгi мерзiмдегi
жарамсыз жеке басты куәландыратын құжаттарды, шекара аймағы тұрғынының
куәліктерін, формулярлар бланкiлерiн жою үшiн осы актіні құрдық. оның iшiнде:
р/с № | Жойылатын құжаттың түрлері | Жойылған құжаттан қиып алынған нөмір (актіге жапсырылады) | Азаматтың Т.А.Ә. (ол болған кезде) | Жою себебі | Ескерту |
Тексерiлген және жоюға әзiрленген барлығы _________ құжат
Құжаттар бiздiң көзiмiзше өртеу жолымен (ұсақтау және т.б.) жойылды.
Комиссия мүшелерiнiң қолы:
_________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде)
Ескерту: жою актісі жойылатын құжаттың әрбір түріне жеке жасалады.
Нысан
Ішкі істер органының мөртабаны
20___жылғы "___"__________
шығыс №
Аудандық (қалалық) ішкі істер органдарында ресімделген формулярларды жөнелтуге арналған ТІЗІЛІМ
__________________________________________________________________
аудандық, қалалық ішкі істер органының атауы
___________________________________________________________________
формулярды толтыру себебінің атауы
__________________________________________________________________
(дайындаудың тәртібі көрсетіледі: жедел немесе жалпы)
р/с № | Формулярдың нөмірі | Азаматтың Т.А.Ә. (ол болған кезде) | Толтыру себебі | Толтыру күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Барлығы тізілімге __________формуляр енгізілді, оның ішінде:
дайындауға_______________________________________________
(жеке басты куәландыратын құжаттың түрі көрсетіледі)
Ішкі істер органының басшысы _________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде)
Ескертпе:
тізілімде көрсетілген формулярларды қабылдадым:
_____________________________________________________________________
(облыстар, республикалық маңызы бар қалалары Полиция департаменттерінің уәкілетті
қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
Нысан
Ішкі істер органының мөртабаны
20___жылғы "___"__________
шығыс №
Формулярларды ПД-дан ІІМ КҚҚК-ге жолдауға арналған ЖИЫНТЫҚ ТІЗІЛІМІ
_____________________________________________________________________
Полиция департаментінің атауы
_____________________________________________________________________
формулярды толтыру себебінің атауы
_____________________________________________________________________
(дайындаудың тәртібі көрсетіледі: жедел не жалпы)
р/с | Аудандық, қалалық көші-қон қызметі бөліністерінің атауы | Аудандық, қалалық бөліністері тізілімінің шығыс № мен күні | Формулярлар саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
Барлығы жиынтық тізілімге__________тізілім, ____________формуляр енгізілді.
ПД КҚҚБ бөлімінің бастығы _____________________ _________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде)
Пысықтауға қайтарылған формулярларды тіркеу ЖУРНАЛЫ
№ р/с | Формулярдың нөмірі | Азаматтың Т.А.Ә. (ол болған кезде) | Қайтару себебі | ҚР ІІМ КҚҚК шығыс № және күні | ПД кіріс №, күні және шығыс №, күні | КҚҚб-дан кіріс №, күні және шығыс № күні | Құжаттың дайындалған күні |
Нысан
Ішкі істер органының мөртабаны
20___жылғы "___"__________
шығыс №
Дайындалған құжаттарды, формулярларды ІІМ КҚҚК-ден ПД-ға, ПД-дан ҚАІІб-ге жолдауға арналған ТІЗІЛІМ
р/с № | Журналдардың нөмірі | Құжаттар саны | Формулярлар саны | Ескертпе |
1 | ||||
ЖИЫНЫ: |
_________________________________________________________________________
ҚР ІІМ КҚҚК Басқармасының уәкілетті қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде) қолы
Тізілімде санамаланған құжаттарды тапсырдым:
__________________________________________________________________________
Қалалық, облыстық Полиция департаментінің уәкілетті қызметкерінің Т.А.Ә.
(ол болған кезде) қолы
Тізілімде санамаланған құжаттарды қабылдадым:
__________________________________________________________________________
Қаланың, ауданның Полиция басқармасының (бөлімінің) уәкілетті қызметкерінің
Т.А.Ә. (ол болған кезде) қолы