БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықтың кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 62) тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 16-тармағы 189) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу":
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу (бұдан әрі - шектеу мен тыйым салу) Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 62) тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 16-тармағы 189) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
1) Шардара су қоймасының су айлағында 1 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
2) Түркістан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
3) сағадан Түркістан блысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
4) Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
5) Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
6) Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін балық аулауға тыйым салу енгізілсін.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
1) Арыс және Келес өзендерінде;
2) Сырдария өзенi Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөлiп тұру бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 километр (бұдан әрі - км), Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 км учаскеде;
3) Шығыс тасталым сызығынан (Құркелес өзенiнің сағасы) Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына дейiнгі Сырдария өзенiнде және Шардара су қоймасының (Шығыс тасталым, Құркелес, Отырлы өзендерiнiң сағасы, Корей шығанағы) негiзгi уылдырық шашу учаскелерiнде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
1) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе кенті) дейінгі Іле өзенінде және Іле өзенінің барлық атырауында;
2) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейін Іле өзенінде;
3) Қапшағай су қоймасының сол жақ жағалауындағы Үтік шоқысын (аңшылық шаруашылығы кордоны) және оң жақ жағалаудағы бұрынғы 90 км (қорықшылар үйі) және қосатын тік сызықтан Іле өзенінің ағысымен жоғарғы бағытта Шарын өзенінің сағасына дейін;
4) Жалаңашкөл көлінде;
5) Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде кәсіптік аулау құралдарын қолдана отырып, осы өзендердің сағаларын, ағындарын және жайылмаларын олардың Балқаш көліне құятын сағасынан және өзендердің барлық ұзындығы мен олардың негізгі ағындарының ағысы бойынша жоғары қарай пайдалана отырып жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.";
14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қара Ертіс өзенінде Зайсан көліне құйылудан ҚХР Мемлекеттік шекарасына дейін және Кендірлік және Ақсу өзендерінде Қара Ертіс өзеніне құйылудан Зайсан-Майқапшағай автожолына дейін;";
14-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып бастауынан сағасына дейінгі аралықтағы Боқан, Көкпектi, Күршiм, Бұқтырма, Нарым, Калжыр, Ақ-Қаба, Қара-Қаба өзендерiнде және олардың құймаларында;";
19-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Ақтөбе облысының басқа су айдындарында:
шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпа, тарақ балық - 10 сәуірден 10 мамыр қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан -10 мамырдан 5 маусымды алғандағы аралықта;
нәлім - 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;
ақсаха балық түрлері - 20 қазан мен 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
шаян - 1 ақпаннан 5 маусымға қоса алғандағы аралықта аулауға;";
21-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Каспий теңiзi қазақстандық секторы солтүстiк бөлiгiнің су айлағында 25 мамырдан 31 тамызды қоса алғандағы аралықта;";
21-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімін молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде 16 мамырдан 15 тамызды қоса алғандағы аралықта және мұз қатқан кезеңде;";
22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көктемдiк балық аулау маусымында 25 сәуiрге дейiн 5:3 (5 күн балық ауланады, 3 күн тыйым салынады), 25 сәуірден бастап 15 мамырға дейін 5:5 (5 күн балық ауланады, 5 күн тыйым салынады);";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Барлық суда 1 сәуірден 15 маусымды қоса алғандағы аралықта шаяндарды аулауға тыйым салу енгізілсін;";
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері":
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мынадай:
1) Шардара су қоймасының су айлағында 21 мамыр мен 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
2) Түркістан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 1 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
3) сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 31 мамырдан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
4) Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 11 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
5) Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарда 11 маусымнан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
6) артемия жұмыртқаларын жинау және дайындау үшін Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасы аумағының шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 тамыздан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
7) Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда маусымның 11-нен бастап балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері (бұдан әрі - пайдалану орындары мен мерзімдері) мұздың ыдырауына дейін белгіленсін.";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Кәсіпшілік емес аулау құралдарын қолдана отырып Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;";
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Ақтөбе облысының басқа су айдындарында:
шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпан, тарақ балық - 11 мамырдан 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан - 6 маусымнан 9 мамырды қоса алғандағы аралықта;
нәлім - 1 ақпаннан 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
ақсаха балық түрлері - 1 желтоқсаннан 19 қазанды қоса алғандағы аралықта;
шаян - 6 маусымнан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;";
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) балық аулауға тыйым салынған орындарды есептемегенде, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының солтүстiк бөлiгiнің су айлағында 1 қыркүйектен 24 мамырды қоса алғандағы аралықта;";
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімін молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыздан 15 мамырды қоса алғандағы аралықта;";
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу":
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу (бұдан әрі - шектеу мен тыйым салу) Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 62) тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 16-тармағы 189) тармақшасына сәйкес әзірленді.".
2. Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы |
Н. Жунусов |