Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 20278 болып тіркелді.

      "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 343 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру;

      оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсы ретінде Интернет желісінде "www.kgd.gov.kz" мекенжайы бойынша орналасқан электрондық ақпараттық ресурс (бұдан әрі – интернет-ресурс) түсініледі.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен сәйкес қолданылады.

2-тарау. Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру тәртібі

      4. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін (бұдан әрі – Әкімшілер тізімі) интернет-ресурста орналастыруды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.

      Әкімшілер тізімі әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламалары тізілімінің деректері негізінде құрылады.

      5. Әкімшілер тізімі әкімші қызметін бастағаны және (немесе) тоқтатқаны туралы хабарламаны Комитетке ұсынған және (немесе) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламалары тізілімінен хабарламасы алып тасталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жаңартылады.

      Әкімшілер қызметінің нәтижелері туралы мәліметтер Әкімшілер тізіміне тоқсан сайын өткен тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірілмей енгізіледі.

3-тарау. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау тәртібі

      6. Комитеттің аумақтық органы кредиторлар жиналысының хаттамасы негізінде:

      оңалтуды басқарушыны – ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде;

      банкроттықты басқарушыны – ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тағайындайды.

      7. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы Комитеттің аумақтық органының бұйрығымен тағайындалады.

      Тағайындау туралы бұйрық екі данада жасалады және Комитеттің аумақтық органының басшысы, не болмаса оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды, сондай-ақ мөрмен расталады.

      8. Бұйрықтың бір данасы оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыға бұйрықтың екінші данасына алғаны жөнінде қол қойдырып қолма-қол беріледі, бұйрықтың екінші данасы Комитеттің аумақтық органында сақталады.

      Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны тағайындау туралы бұйрық қабылданған күні Комитеттің аумақтық органы оны интернет-ресурсқа орналастырады.

      9. Заңның 12-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтаған кезде Комитеттің аумақтық органы анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлардың алғашқы жиналысына және кредиторлар жиналысына оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не Заңның 12-бабы 8-тармағының 3) тармақшасы негізінде әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының хабарламасын алып тасталғандығы туралы хабарламаны жіберуге міндетті.

      10. Комитеттің аумақтық органы ұсынылған кандидатураны тағайындаудан бас тартқан кезде кредиторлар жиналысы уәжді бас тартуды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей Заңның 69-бабы 2-тармағының жетінші бөлігіне және 93-бабы 4-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау үшін басқа кандидатураны ұсынуға міндетті.

      11. Тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы өздерінің өкілеттіктерін орындауын бастады деп саналады.

4-тарау. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды шеттету тәртібі

      12. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы Заңның 12-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда Комитеттің аумақтық органының бұйрығымен жүктелген өкілеттіліктерін орындаудан:

      1) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тасталғаны туралы хабарламаны алған;

      2) әкімшіден арыз түскен;

      3) кредиторлар жиналысының хаттамасы түскен;

      4) тексеру актісі шығарылған;

      5) Заңның 18-бабының 7-тармағында көзделген хабарламаны жіберген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шеттетіледі.

      13. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны шеттету туралы бұйрық қабылданған күні Комитеттің аумақтық органы оны интернет-ресурсқа орналастырады.

      14. Осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттетілу туралы бұйрық қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органы ол туралы кредиторлар жиналысын хабардар етеді.

      Кредиторлар жиналысын тиісті түрде хабардар ету деп кредиторлар жиналысының төрағасына жазбаша хабарлама жіберу саналады.

      15. Кредиторлар жиналысы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комитеттің аумақтық органына оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының кандидатурасын білдіреді.

      16. Оңалту рәсімін қолдану немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны тағайындау туралы Комитеттің аумақтық органы бұйрығының күші жойылуға жатады.

      Оңалту рәсімін қолдану немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органы оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны тағайындаудың күші жойылуы туралы бұйрық шығарады және оны қабылданған күні интернет-ресурсқа орналастырады.

      17. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттаманы, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды:

      борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған және кредиторлар жиналысы мүлікті басқару жөніндегі өкілеттіктерді оңалтуды басқарушыға жүктеу туралы шешімін өзгерткен жағдайда – борышкерге шеттету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

      оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы шеттетілген жағдайда – жаңа тағайындалған оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыға тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің интернет-
ресурсында әкімші қызметін
жүзеге асыру құқығы бар
адамдардың тізімін
орналастыру, оңалтуды және
банкроттықты басқарушыларды
тағайындау мен шеттету
қағидаларына
қосымша
  нысан

Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар тізімі

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Әкімшінің байланыс деректері

Хабарламалар тізіліміне әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды енгізу күні

Әкімші ретінде жұмыс өтілі (жылдарда)

Ағымдағы жылы оңалту рәсімі жүзеге асырылып жатқан борышкерлер саны

тұрғылықты жерінің
мекен-жайы

электрондық поштаның мекен-жайы

телефон нөмірі

      кестенің жалғасы

Ағымдағы жылы оңалту рәсімі тоқтатылған борышкерлер саны

оның ішінде мынадай негіздер бойынша:

Барлығы

оңалту рәсімінің мақсатына қол жеткізілді ("Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабы
1-тармағының
1) тармақшасы

оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелер кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асып түсті
("Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағының
3) тармақшасы)

      Кестенің жалғасы

Ағымдағы жылы оңалту рәсімі тоқтатылған борышкерлер саны

Ағымдағы жылы банкроттық рәсімі жүзеге асырылып жатқан борышкерлер саны

оның ішінде мынадай негіздер бойынша:

оңалту жоспарын іске асыру нәтижесінде борышкер-заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген орган),
құрылтайшысына (қатысушысына), кредиторға нұқсан келтірілді
("Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы және 4-тармағының1) тармақшасы)

оңалтуды басқарушының әрекеттерімен (әрекетсіздігімен)борышкер-заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган),
құрылтайшысы (қатысушысы), кредитор мүдделеріне нұқсан келтірілді
("Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы және 4-тармағының 2) тармақшасы)

кредиторлар жиналысын өткізу туралы кредитор тиісінше хабардар етілмеген
("Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабы 4-тармағының 3) тармақшасы)

      кестенің жалғасы

Ағымдағы жылы банкроттық рәсімі аяқталған борышкерлер туралы мәлімет

Барлығы

оның ішінде мүліктік массасымен

оның ішінде

мәлімделген талаптар сомасы (мың теңгеде)

банкроттық рәсімі барысында өндірілген сома (мың теңгеде)

әкімшілік шығыстарды өтеуге бағытталған сома (мың теңгеде)

кредиторлар талаптарының қанағаттандырылған сомасы
(мың теңгеде)

      кестенің жалғасы

Ағымдағы жылы Комитет және оның аумақтық органы анықтаған бұзушылықтардың саны,
олар мыналардың нәтижелері бойынша анықталды

Ағымдағы жылы салынған әкімшілік жазалар саны

Әкімшінің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер

бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау

бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау

жоспардан тыс тексерулер

Біліктілігін арттыру туралы сертификат

Қосымша оқытудан, даярлаудан, қайта даярлаудан өткендігін растайтын өзге құжат (диплом, куәлік
және басқалары)







  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 343 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9478 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған) бұйрығы.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтары тізбесінің 10-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде 2016 жылғы 7 маусымда жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14768 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде 2017 жылғы 17 ақпанда жарияланған).

      4. "Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 1067 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17935 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде 2018 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған).

Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан списка лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2020 года № 343. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 апреля 2020 года № 20278.

      В соответствии с подпунктом 13) статьи 15 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года "О реабилитации и банкротстве" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила размещения на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан списка лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих.

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Первый Заместитель
Премьер-Министра
Республики Казахстан-Министр финансов
А. Смаилов

  Утвержден приказом Первого
заместителя Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министра финансов Республики
Казахстан от 1 апреля 2020 года № 343

Правила размещения на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан списка лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила размещения на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан списка лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 13) статьи 15 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года "О реабилитации и банкротстве" (далее – Закон) и определяют порядок:

      размещения на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан списка лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора;

      назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих.

      2. Под интернет-ресурсом Министерства финансов Республики Казахстан в рамках настоящих Правил понимается электронный информационный ресурс, размещенный в сети Интернет по адресу "www.kgd.gov.kz" (далее – интернет-ресурс).

      3. Понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан о реабилитации и банкротстве.

Глава 2. Порядок размещения списка лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора

      4. Размещение на интернет-ресурсе списка лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора (далее – Список администраторов), по форме согласно приложению к настоящим Правилам осуществляется Комитетом государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Комитет).

      Список администраторов формируется на основании данных реестра уведомлений лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора.

      5. Список администраторов обновляется не позднее трех рабочих дней со дня подачи администратором в Комитет уведомления о начале и (или) прекращении деятельности и (или) исключения уведомления из реестра уведомлений лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора.

      Сведения о результатах деятельности администраторов вносятся в Список администраторов Комитетом ежеквартально не позднее 25 числа месяца, следующего за истекшим кварталом.

Глава 3. Порядок назначения реабилитационного и банкротного управляющих

      6. Территориальный орган Комитета на основании протокола собрания кредиторов назначает представленную кандидатуру:

      реабилитационным управляющим – в течение двух рабочих дней со дня представления;

      банкротным управляющим – в течение пяти рабочих дней со дня представления.

      7. Назначение реабилитационного или банкротного управляющего производится приказом территориального органа Комитета.

      Приказ о назначении издается в двух экземплярах и подписывается руководителем территориального органа Комитета, либо лицом, его замещающим, и заверяется печатью.

      8. Один экземпляр приказа вручается реабилитационному или банкротному управляющему нарочно, под роспись о получении на втором экземпляре приказа, второй экземпляр приказа хранится в территориальном органе Комитета.

      Приказ о назначении реабилитационного или банкротного управляющего в день принятия размещается территориальным органом Комитета на интернет-ресурсе.

      9. В случае выявления обстоятельств, препятствующих назначению кандидатуры реабилитационным или банкротным управляющим согласно части первой пункта 5 статьи 12 Закона, территориальный орган Комитета в течение пяти рабочих дней со дня выявления направляет мотивированный отказ первому собранию кредиторов и собранию кредиторов в назначении кандидатуры реабилитационного или банкротного управляющего либо сообщение об исключении уведомления реабилитационного или банкротного управляющего из реестра уведомлений лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора, на основании подпункта 3) пункта 8 статьи 12 Закона.

      10. Собрание кредиторов в случае отказа территориального органа Комитета в назначении представленной кандидатуры не позднее пятнадцати рабочих дней со дня получения мотивированного отказа обязано в соответствии с частью седьмой пункта 2 статьи 69 и частью пятой пункта 4 статьи 93 Закона представить другую кандидатуру для назначения реабилитационным или банкротным управляющим.

      11. Реабилитационный и банкротный управляющий считается приступившим к выполнению своих полномочий с даты вынесения приказа о назначении.

Глава 4. Порядок отстранения реабилитационного и банкротного управляющих

      12. Реабилитационный или банкротный управляющий отстраняется от выполнения возложенных полномочий приказом территориального органа Комитета в случаях, предусмотренных пунктом 7 статьи 12 Закона, в течение двух рабочих дней со дня:

      1) получения сообщения об исключении уведомления из реестра уведомлений лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора;

      2) поступления заявления от администратора;

      3) поступления протокола собрания кредиторов;

      4) вынесения акта проверки;

      5) направления извещения, предусмотренного пунктом 7 статьи 18 Закона.

      13. Приказ об отстранении реабилитационного и банкротного управляющих в день принятия размещается территориальным органом Комитета на интернет-ресурсе.

      14. В течение одного рабочего дня после принятия приказа об отстранении от выполнения возложенных полномочий в случаях, предусмотренных подпунктами 1), 2), 4) и 5) пункта 12 настоящих Правил, территориальный орган Комитета уведомляет об этом собрание кредиторов.

      Надлежащим уведомлением собрания кредиторов признается направление письменного уведомления председателю собрания кредиторов.

      15. Собрание кредиторов не позднее пятнадцати рабочих дней со дня получения уведомления представляет в территориальный орган Комитета кандидатуру реабилитационного или банкротного управляющего.

      16. В случае отмены решения суда о применении реабилитационной процедуры или признании банкротом подлежит отмене приказ территориального органа Комитета о назначении реабилитационного или банкротного управляющего.

      Территориальный орган Комитета выносит приказ об отмене назначения реабилитационного или банкротного управляющего в течение пяти рабочих дней со дня отмены решения суда о применении реабилитационной процедуры или признании банкротом и в день принятия размещает его на интернет-ресурсе.

      17. Реабилитационный или банкротный управляющий передает учредительные документы, учетную документацию, правоустанавливающие документы на имущество должника, печати (при наличии), штампы, материальные и иные ценности, принадлежащие должнику:

      в случае отмены решения суда о признании должника банкротом и изменения собранием кредиторов решения о возложении полномочий по управлению имуществом на реабилитационного управляющего – должнику, в течение трех рабочих дней со дня вынесения приказа об отстранении;

      в случае отстранения реабилитационного или банкротного управляющего – вновь назначенному реабилитационному или банкротному управляющему, в течение трех рабочих дней со дня его назначения.

  Приложение к Правилам
размещения списка лиц,
имеющих право осуществлять
деятельность администратора,
назначения и отстранения
реабилитационного и
банкротного управляющих
  форма

Список лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора

Фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность)

Контактные данные администратора

Дата включения в реестр уведомлений лиц, имеющих право осуществлять деятельность администратора

Стаж работы в качестве администратора (в годах)

Количество должников, в отношении которых осуществляется реабилитационная процедура в текущем году

адрес местожительства

адрес электронной почты

номер телефона

      продолжение таблицы

Количество должников, в отношении которых прекращена реабилитационная процедура в текущем году

из них по следующим основаниям:

Всего

цель реабилитационной процедуры достигнута
(подпункт 1) пункта 1 статьи 82 Закона Республики Казахстан "О реабилитации и банкротстве")

денежные обязательства, возникшие после применения реабилитационной процедуры, превысили двадцать процентов от общей суммы кредиторской задолженности (подпункт 2) пункта 1 и подпункт 3) пункта 3 статьи 82 Закона Республики Казахстан "О реабилитации и банкротстве")

в результате реализации плана реабилитации
причинен ущерб собственнику имущества (уполномоченный им орган), учредителю (участник) юридического лица – должника, кредитору
(подпункт 1) пункта 3 и подпункт 1) пункта 4 статьи 82 Закона Республики Казахстан "О реабилитации и банкротстве")

      Продолжение таблицы

Количество должников, в отношении которых прекращена реабилитационная процедура в текущем году

Количество должников, в отношении которых осуществляется процедура банкротства в текущем году

из них по следующим основаниям:

действиями (бездействиями) реабилитационного управляющего причинен ущерб имущественным интересам собственника имущества (уполномоченный им орган), учредителя (участника) юридического лица – должника,
кредитора
(подпункт 2) пункта 3 и подпункт 2) пункта 4 статьи 82 Закона Республики Казахстан "О реабилитации и банкротстве")

кредитор ненадлежаще уведомлен о проведении собрания кредиторов
(подпункт 3) пункта 4 статьи 82 Закона Республики Казахстан "О реабилитации и банкротстве")

      продолжение таблицы

Сведения о должниках, в отношении которых завершена процедура банкротства в текущем году

Всего

в том числе с имущественной массой

из них

сумма, заявленных требований (в тысячах тенге)

сумма, вырученная в ходе процедуры банкротства (в тысячах тенге)

сумма, направленная на погашение административных расходов (в тысячах тенге)

сумма удовлетворенных требований кредиторов (в тысячах тенге)

      продолжение таблицы

Количество нарушений, выявленных Комитетом и его территориальным органом в текущем году по результатам

Количество наложенных административных взысканий в текущем году

Сведения о повышении квалификации администратора

профилактического контроля без посещения субъекта контроля

профилактического контроля с посещением субъекта контроля

внеплановых проверок

Сертификат о повышении квалификации

Иной документ, удостоверяющий прохождение дополнительного обучения, подготовки, переподготовки (диплом, удостоверение и другие).







  Приложение 2 к приказу

Перечень утративших силу некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан

      1. приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2014 года № 189 "Об утверждении Правил учета временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих, а также Правил повышения квалификации временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9478, опубликован 2 июля 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      2. пункт 10 Перечня приказов Министерства финансов Республики Казахстан, в которые вносятся изменения, утвержденного приказом Министра финансов Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 139 "О внесении изменений в некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13622, опубликован 7 июня 2016 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2016 года № 705 "О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14768, опубликован 17 февраля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      4. приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2018 года № 1067 "О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2014 года № 189 "Об утверждении Правил учета временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих, а также Правил повышения квалификации временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17935, опубликован 21 декабря 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).