Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша өтілмеген берешегі бар агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 599 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17133 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі |
А. Смаилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 Бұйрығына 1 қосымша |
|
Нысан |
Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__ жылғы "___" ________ № ______________
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 256-бабы 2-тармағына сәйкес
_________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізге
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе) немесе толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), заңды
мекен жайы)
20__ жылғы "___" ________ жағдай бойынша Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша мынадай мөлшерде:
теңге
Атауы | Берешектің барлық сомасы | Негізгі төлем сомасы | Өсімпұл сомасы |
Әлеуметтік аударымдар |
берешегіңіздің бар екендігі туралы хабарлайды.
Әлеуметтік кодекстің 27-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Сіз әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынуға міндеттісіз. подпунктом 7 пункта 2 статьи 27
Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 5-тармағына сәйкес әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мынадай мерзімде:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне* сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне* сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген кезде Әлеуметтік кодекстің 3 және 6 тармақтарына сәйкес
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне* сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне* сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады;
2) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.
Бұл ретте Сізге Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қолданылатын болады.
Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, мөрі)
Хабарламаны алды
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе
төлеушінің / төлеушінің лауазымды тұлғасының атауы, қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)
Хабарлама төлеушіге табыс етілді
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)
Хабарлама төлеушіге жіберілді
__________________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
Ескертпе: *төлеуші тәукелді басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қандай тәуекел дәрежесіне жататыны туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында және "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшада қол жетімді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 Бұйрығына 2 қосымша |
|
Нысан |
Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__ жылғы "___" ________ № ________
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 3-тармағына сәйкес
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе
төлеушінің толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), заңды
мекенжайы)
төлеушінің кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатады.
Төлеуші осы өкімді алған сәттен бастап келіп түскен барлық қолма-қол ақша олар келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға есепке жатқызға тиіс.
Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, мөрі)
Өкімді алды
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе
төлеушінің / төлеушінің лауазымды адамының атауы, қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)
Өкім төлеушіге табыс етілді
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке
басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)
Өкім төлеушіге жіберілді
__________________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 Бұйрығына 3 қосымша |
|
Нысан |
Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарлама
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__ жылғы "___" ________ № ______________
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 256-бабының 2-тармағына сәйкес
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізге ____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(агенттің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе) немесе толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), заңды
мекен жайы)
20__ жылғы "__" ________ жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша мынадай мөлшерде
теңге
Атауы | Берешектің барлық сомасы | Негізгі төлем сомасы | Өсімпұл сомасы |
Міндетті зейнетақы жарналары | |||
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары | |||
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары | |||
Барлығы |
берешегіңіздің бар екендігі туралы хабарлайды.
Әлеуметтік кодекстің 40-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Сіз міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімін ұсынуға міндеттісіз.
Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 5-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімін міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мынадай мерзімде:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне* сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне* сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне* сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне* сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде банктік шоттар мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады;
2) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын пайдасына берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей банктік шоттардан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.
Бұл ретте Сізге Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, мөрі)
Хабарламаны алды
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе
төлеушінің / төлеушінің лауазымды тұлғасының атауы, қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)
Хабарлама агентке тапсырылды
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке
басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)
Хабарлама агентке жіберілді
__________________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
Ескертпе: *төлеуші тәукелді басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қандай тәуекел дәрежесіне жататыны туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында және "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшада қол жетімді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 Бұйрығына 4 қосымша |
|
Нысан |
Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша өтілмеген берешегі бар агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__ жылғы "___" ________ № ________
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 3-тармағына сәйкес
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе
төлеушінің толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН),
заңды мекенжайы)
агенттің кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатады.
Осы өкімді алған кезден бастап агент келіп түсетін барлық қолма-қол ақшаны, олар келіп түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға есепке жатқызға тиіс.
Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),
қолы, мөрі)
Өкімді алды
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе
агенттің/агенттің лауазымды адамының атауы, қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)
Өкім агентке табыс етілді
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)
Өкім агентке жіберілді
__________________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 Бұйрығына 5 қосымша |
|
Нысан |
Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__ жылғы "___" ________ № ______________
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабы 2-тармағына сәйкес
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізге _____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе) немесе толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), заңды
мекен жайы)
20__ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар бойынша мынадай мөлшерде:
теңге
Атауы | Берешектің барлық сомасы | Негізгі төлем сомасы | Өсімпұл сомасы |
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар |
берешегіңіздің бар екендігі туралы хабарлайды.
Заңның 31-бабы 4-1-тармағына сәйкес Сізге аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін ұсыну қажет. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне* сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кірістер органына көрсетілген тізімді ұсынады.
Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
1) банктік шоттары мен касса бойынша:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне* сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң шығыс операцияларын тоқтата тұрады;
2) аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей банктік шоттардан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.
Бұл ретте Сізге Заңның 31-бабы 1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),
қолы, мөрі)
Хабарламаны алды
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
немесе төлеушінің/төлеушінің лауазымды тұлғасының атауы, қолы, мөрі
(жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)
Хабарлама төлеушіге тапсырылды
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке
басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)
Хабарлама төлеушіге жіберілді
__________________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
Ескертпе: *төлеуші тәукелді басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қандай тәуекел дәрежесіне жататыны туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында және "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшада қол жетімді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 Бұйрығына 6 қосымша |
|
Нысан |
Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__ жылғы "___" ________ № ________
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 3-тармағына сәйкес
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе
төлеушінің толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН),
заңды мекенжайы)
төлеушінің кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Төлеуші осы өкімді алған сәттен бастап келіп түскен барлық қолма-қол ақша олар келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға есепке жатқызға тиіс.
Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары)
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),
қолы, мөрі)
Өкімді алды
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
немесе агенттің/агенттің лауазымды адамының атауы, қолы, мөрі
(жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)
Өкім төлеуші табыс етілді
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)
Өкім төлеуші жіберілді
__________________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)