ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 01.03.2021 дейін (осы бұйрықтың 7-т. қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 133 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға шекті бағаларды белгілеу тәртібінің 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары (бұдан әрі – шекті бағалар) белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар аумағында осындай өткізу жүзеге асырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) апта сайын, аптаның әрбір бейсенбісінен кешіктірмей ұсынсын.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары апта сайын жұма күндері осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің аумақтық бөлімшелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын мәліметтердің негізінде осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырған жағдайда, нұсқамалар шығарсын және олар орындалмаған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартсын.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика және ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.
7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.02.2021 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 125 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 22 бірлескен бұйрығына қосымша |
Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары
№ | Атауы | Тауар нарығының географиялық шекаралары | Шекті баға (ҚҚС-ты есепке алғанда) |
1. | Сұйытылған мұнай газы | Нұр-Сұлтан қ. | 70 тг/л |
2. | Алматы қ. | 69 тг/л | |
3. | Ақтөбе облысы | 54 тг/л | |
4. | Атырау облысы | 53 тг/л | |
5. | Ақмола облысы | 57 тг/л | |
6. | Алматы облысы | 70 тг/л | |
7. | Шығыс Қазақстан облысы | 68 тг/л | |
8. | Жамбыл облысы | 64 тг/л | |
9. | Батыс Қазақстан облысы | 68 тг/л | |
10. | Қостанай облысы | 65 тг/л | |
11. | Қызылорда облысы | 60 тг/л | |
12. | Қарағанды облысы | 73 тг/л | |
13. | Маңғыстау облысы | 50 тг/л | |
14. | Павлодар облысы | 63 тг/л | |
15. | Солтүстік Қазақстан облысы | 65 тг/л | |
16. | Түркістан облысы | 57 тг/л | |
17. | Шымкент қ. | 55 тг/л |