БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 26 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:
"56-1. Заңның 22-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген жағдайларда уәкілетті орган бекіткен тариф оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерген кезде тарифтер бекітілген тарифтің қалған қолданылу кезеңінің әрбір жылына жеке бекітіледі, бұл ретте орташа өлшемделген бекітілген тарифтің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін оның өзгеруі нәтижесінде қалыптасқан толық алынбаған немесе үстеме алынған кіріс сомасы тарифті жылдар бойынша есептеу кезінде ескеріледі.";
363-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті органның ведомствосы және тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган субъектінің инвестициялық бағдарламасының өзгеруі туралы жобаны оның ұсынылған күнінен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.";
634-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17, 18 және 18-1-баптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін пайдалануға алынған негізгі құралдарды күтіп-ұстау мен жөндеуді қоспағанда, субъектінің теңгерімінде жоқ негізгі құралдарды күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстар, сондай - ақ Қараөзек (Қызылорда облысы) - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана маршруты бойынша магистральдық газ құбырын күтіп-ұстау және жөндеу. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардан сенімгерлік басқару шарты бойынша алынған газ тарту желілерін күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығындар тарифке кезең кезеңмен оның қолданылу кезеңінің әрбір жылына қосылады. Күтіп-ұстау мен жөндеуге арналған шығындарды қосу кезеңдерін уәкілетті органның ведомствосы айқындайды. Жергілікті атқарушы органдардан сенімгерлік басқаруға алынған электр энергиясын беру желілерін күтіп-ұстауға (пайдалануға) және жөндеуге арналған шығындар тарифтік сметаның шығындары сомасынан Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көзделген инфляция деңгейінен аспауға тиіс;";
84-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілсін, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігі