"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 27/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 сәуірде № 20443 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10930 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 5-тармағына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары бекітілсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржы, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету қызметінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Масимов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 27/қе бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 11 бұйрығымен
бекітілген

Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары

      1. Осы көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары:

      1) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 73-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа);

      2) Заңның 77-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда курсанттарға, тыңдаушыларға;

      3) Заңның 78-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) қолданылады.

      2. Көлікпен жол жүру шығындары жол жүру құжаттарының негізінде:

      1) темір жол көлігімен жол жүру кезінде:

      купе вагонының тарифі бойынша (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, ұйықтайтын вагонның қалпын реттеу бойынша құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондарды қоспағанда (одан әрі - ҰВ);

      стационарлық емделуге баратын жағдайда дәрігерлік-консультативті комиссия төрағасының жазбаша растауымен және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (бұдан әрі - ҰҚК) - ҰҚК Төрағасының немесе оның бірінші орынбасарының;

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында - бірінші басшының жазбаша растауымен жұмсақ дивандары төменде орналасқан, ұйықтайтын вагонның қалпын реттеу бойынша құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондар (бұдан әрі - ҰВ) тарифі бойынша;

      2) су және автомобиль көлігімен жол жүру кезінде - сол жергілікті жердегі қолданылып жүрген жол жүру кұны бойынша;

      3) егер елді мекеннен тыс жерде орналасса, темір жол станциясына, айлаққа, әуежайға автокөлікпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;

      4) жол жүру билеттерін броньдау құны, сондай-ақ төсек керек-жарақтарын пайдаланған жағдайда;

      5) әуе көлігімен жол жүру кезінде - стационарлық емделуге баратын жағдайда дәрігерлік-консультативті комиссия төрағасының жазбаша растауымен және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:

      ҰҚК-де - ҰҚК Төрағасының немесе оның бірінші орынбасарының;

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында - бірінші басшының жазбаша растауымен экономикалық сынып тарифі бойынша өтеледі.

      3. Жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген көлікпен (әуе көлігін қоспағанда) жол жүрудің ең төменгі құны бойынша қызметкердің баянаты және темір жол көлігінің плацкарт вагоны тарифі бойынша ең төменгі құны туралы анықтама (еркін түрде) негізінде келісілген:

      ҰҚК-де - қаржылық-шарушылық қызметін бағыттайтын ҰҚК Төрағасының орынбасарымен;

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында - бірінші басшымен өтеледі.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 11 "Об утверждении норм возмещения сотрудникам органов национальной безопасности Республики Казахстан и членам их семей затрат за проезд на транспорте по территории Республики Казахстан и перевозку имущества"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 20 апреля 2020 года № 27/қе. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 апреля 2020 года № 20443

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 11 "Об утверждении норм возмещения сотрудникам органов национальной безопасности Республики Казахстан и членам их семей затрат за проезд на транспорте по территории Республики Казахстан и перевозку имущества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 10930, опубликован 10 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      заголовок указанного приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении норм возмещения затрат за проезд на транспорте";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 5 статьи 73, пунктом 4 статьи 77 и пунктом 4 статьи 78 Закона Республики Казахстан от 13 февраля 2012 года "О специальных государственных органах Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые нормы возмещения затрат за проезд на транспорте.";

      Нормы возмещения сотрудникам органов национальной безопасности Республики Казахстан и членам их семей затрат за проезд на транспорте по территории Республики Казахстан и перевозку имущества, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту военно-технического обеспечения Службы финансового, материально-технического и медицинского обеспечения Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Комитета национальной безопасности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. С настоящим приказом ознакомить сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
национальной безопасности РК
К. Масимов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Председателя Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
от 20 апреля 2020 года № 27/қе
  Утверждены
приказом Председателя
Комитета национальной
безопасности
Республики Казахстан
от 12 марта 2015 года № 11

Нормы возмещения затрат за проезд на транспорте

      1. Настоящие нормы возмещения затрат за проезд на транспорте распространяются на:

      1) сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан (кроме курсантов, слушателей) в случаях, предусмотренных пунктом 5 статьи 73 Закона Республики Казахстан от 13 февраля 2012 года "О специальных государственных органах Республики Казахстан" (далее – Закон);

      2) курсантов, слушателей в случаях, предусмотренных пунктом 4 статьи 77 Закона;

      3) членов семей сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан (кроме курсантов, слушателей) в случаях, предусмотренных пунктом 4 статьи 78 Закона.

      2. Затраты за проезд на транспорте возмещаются на основании проездных документов:

      1) при проезде железнодорожным транспортом:

      по тарифу купейного вагона (за исключением вагонов с двухместными купе с нижним расположением мягких диванов, мягкими креслами для сидения с устройством по регулированию его положения спального вагона (далее – СВ);

      по тарифу вагонов с двухместными купе с нижним расположением мягких диванов, мягкими креслами для сидения с устройством по регулированию его положения спального вагона (далее – СВ) при следовании на стационарное лечение с письменного подтверждения председателя врачебно – консультативной комиссии и при наличии срочности перемещения сотрудника с письменного подтверждения:

      в Комитете национальной безопасности Республики Казахстан (далее – КНБ) – Председателя КНБ или его первого заместителя;

      в ведомствах, территориальных и иных органах национальной безопасности Республики Казахстан – первым руководителем;

      2) при проезде водным и автомобильным транспортом – по существующей в данной местности стоимости проезда;

      3) по проезду автотранспортом (кроме такси) к железнодорожной станции, пристани, аэропорту, если они находятся за пределами населенного пункта;

      4) стоимость бронирования проездных билетов, а также стоимость пользования постельными принадлежностями;

      5) при проезде воздушным транспортом – по тарифу экономического класса при следовании на стационарное лечение с письменного подтверждения председателя врачебно – консультативной комиссии и наличии срочности перемещения сотрудника с письменного подтверждения:

      в КНБ – Председателя КНБ или его первого заместителя;

      в ведомствах, территориальных и иных органах национальной безопасности Республики Казахстан – первым руководителем.

      3. При отсутствии проездных документов расходы возмещаются по минимальной стоимости проезда транспортом (за исключением воздушного), указанным в подпунктах 1) и 2) пункта 2 настоящих Норм возмещения затрат за проезд на транспорте, на основании рапорта сотрудника и справки о минимальной стоимости проезда на железнодорожном транспорте по тарифу плацкартного вагона (в произвольной форме), согласованного:

      в КНБ – с заместителем Председателя КНБ, направляющим финансово-хозяйственную деятельность;

      в ведомствах, территориальных и иных органах национальной безопасности Республики Казахстан – первым руководителем.