"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде анықтау мүмкін еместігін растайтын құжат нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде анықтау мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі |
А. Смаилов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 406 бұйрығына 1 қосымша |
|
нысан |
Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде анықтау мүмкін еместігін растайтын құжат
Мен (біз) __________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
______ сағат ______ минут "___"_________ 20__ жыл
(құжатты дайындау күні мен уақыты)
"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы
7 наурыздағы Заңының 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес борышкердің,
сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды тұлғаларының
орналасқан жері бойынша тексеру жүргіздім (жүргіздік) мынадай мақсаттар үшін (тиісті
жолды көрсетіңіз):
1) борышкердің орналасқан жері бойынша болмауын не болуын растау; ☐
2) борышкер құрылтайшысының (қатысушысының) орналасқан жері бойынша болмауын не болуын растау; ☐
3) лауазымды тұлғаның орналасқан жері бойынша болмауын не болуын растау. ☐
________________________________________________________________________________
(борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атауы)
________________________________________________________________________________
(борышкер құрылтайшысының (қатысушысының) тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса), атауы)
________________________________________________________________________________
(лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атауы)
борышкердің жеке/бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________________________________
құрылтайшының (қатысушының) жеке/бизнес сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________________
лауазымды тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________________
Тексеру борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының)
және лауазымды тұлғаларының орналасқан жерін анықтау мүмкін еместігін растайтын
құжатты жасау сәтінде тіркеу деректерінде көрсетілген _________________________________
мекенжай бойынша жүргізілді:
Тексеруге қатысу үшін тартылған куәгерлер
1.________________________________________________________________________
(тартылған куәгердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын
құжаттың атауы және нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы)
2.________________________________________________________________________
(тартылған куәгердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын
құжаттың атауы және нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы)
Тексеру барысында расталды (тиісті ұяшықты көрсетіңіз):
1) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болуы
борышкер ☐
борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы) ☐
борышкердің лауазымды тұлғасы ☐
2) борышкердің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмауы
Борышкер ☐
борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы) ☐
борышкердің лауазымды тұлғасы ☐
Тексеруді жүргізген лауазымды адам:
______________________________ _____________ ______________________________
мемлекеттік кірістер органы (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қызметкерінің
Куәгерлер:
_________________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
_________________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 406 бұйрығына 2-қосымша |
Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде белгілеу мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде анықтау мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау қағидасы (бұдан әрі - Қағаидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Банкроттық туралы іс қозғамай жоқ борышкерді тарату туралы өтінішпен сотқа жүгіну мақсатында Қағидалар аумақтық мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының (бұдан әрі - аумақтық органның лауазымды адамы) борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде анықтау мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Тексеру құжатын жасау тәртібі
3. "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске сәйкес әрекетсіз деп танылған заңды тұлғаға қатысты салықтық берешек, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу бойынша барлық шаралар мен әдістер қабылданған жағдайда, аумақтық органның лауазымды тұлғасы мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйелерінің тіркеу деректерінде көрсетілген борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды тұлғаларының орналасқан жеріне баруды қамтамасыз етеді.
Бұл адамдардың нақты белгілеу мүмкін еместігін анықталған кезде, 6 айдан кейін екінші рет бару қамтамасыз етіледі.
4. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүргізілген нәтижелері бойынша аумақтық органның лауазымды адамы осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тәртіпте тартылған екі немесе одан да көп куәгерлердің қатысуымен осы бұйрықтағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі - Құжат) толтырылады.
5. Аумақтық органның лауазымды адамы мен борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) әрекеттерінің нәтижелеріне қызығушылық танытпайтын кәмелеттік жасқа толған және әрекетке қабiлеттi азамат борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшылары (қатысушылары) және лауазымды тұлғалары тұрған жерінде болуы немесе болмауы фактілерін растау үшін куәгер ретінде тартылады.
Аумақтық органның лауазымды адамы, сондай-ақ жүргізілетін құрылтайшының (қатысушының) және борышкердің лауазымды тұлғасы өзіне қатысты іс-әрекеттер қолданып жатса куәгер ретінде қатыспайды.
6. Егер сапар барысында куәгерлер ескертулер жасаған болса, онда мұндай ескертулер Құжатта тіркеледі.
7. Құжатқа аумақтық органның лауазымды адамы және жүргізілген тексеруге барлық қатысушылар қол қояды.
8. Тексеру Құжатын жасау кезінде орындалған фотографиялық суреттер мен негативтер, бейнежазбалар немесе басқа материалдар (олар болған кезде) тексеру құжатына қоса беріледі.