"Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 20460 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16509 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 206-жол алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 февраля 2018 года № 67 "Об утверждении Перечня импортируемых товаров, по которым налог на добавленную стоимость уплачивается методом зачета и правил его формирования"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 апреля 2020 года № 30. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 апреля 2020 года № 20460

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 февраля 2018 года № 67 "Об утверждении Перечня импортируемых товаров, по которым налог на добавленную стоимость уплачивается методом зачета и правил его формирования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 16509, опубликован 16 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      в Перечне импортируемых товаров, по которым налог на добавленную стоимость уплачивается методом зачета, утвержденном указанным приказом:

      строку, порядковый номер 206, исключить.

      2. Департаменту налоговой и таможенной политики Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
Р. Даленов