Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 № ҚР ДСМ-170/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17353 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
Е. Биртанов |
Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтер
р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Тариф, теңге |
1 | Карантиндік емдеуге жатқызу бойынша тариф | төсек-күн | 10 413,96 |
2 | Провизорлық емдеуге жатқызу бойынша тариф | төсек-күн | 11 619,8 |
3 | Тәулік бойы стационарлардағы емделген жағдай үшін тариф | төсек-күн | 15 113,34 |
4 | Полимеразды тізбекті реакция әдісімен биологиялық материалдан COVID-19 вирусының РНК-сын анықтауға диагностикалық зерттеу тарифі | қызмет | 11 499,46 |
Жылу беру маусымы ұзақтығының коэффициенттері
№ | Өңірдің коды | Облыс | Жылыту маусымы ұзақтығының коэффициенті |
1 | 11 | Ақмола облысы | 1,0049 |
2 | 15 | Ақтөбе облысы | |
3 | 35 | Қарағанды облысы | |
4 | 39 | Қостанай облысы | |
5 | 55 | Павлодар облысы | |
6 | 59 | Солтүстік Қазақстан облысы | |
7 | 63 | Шығыс Қазақстан облысы | |
8 | 71 | Нұр-Сұлтан қаласы | |
9 | 23 | Атырау облысы | 1,0028 |
10 | 27 | Батыс Қазақстан облысы | |
11 | 47 | Маңғыстау облысы | |
12 | 43 | Қызылорда облысы | |
13 | 19 | Алматы облысы | 1,0000 |
14 | 31 | Жамбыл облысы | |
15 | 51 | Түркістан облысы | |
16 | 75 | Алматы қаласы | |
17 | 51 | Шымкент қаласы |
Экологиялық коэффициенттер
№ | Өңірдің коды | Облыс | Өңір | Коэффициент |
1 | 1536 | Ақтөбе облысы | Байған ауданы | 1,0779 |
2 | 1548 | Мұғалжар ауданы | 1,0779 | |
3 | 1556 | Темір ауданы | 1,0779 | |
4 | 1564 | Шалқар ауданы | 1,2595 | |
5 | 1568 | Ырғыз ауданы | 1,0779 | |
6 | 3560 | Қарағанды облысы | Ұлытау ауданы | 1,0779 |
7 | 3548 | Қарқаралы ауданы | 1,0243 | |
8 | 4310 | Қызылорда облысы | Қызылорда қ. | 1,1557 |
9 | 4319 | Байқоңыр қ. | 1,1557 | |
10 | 4332 | Арал ауданы | 1,2595 | |
11 | 4336 | Жалағаш ауданы | 1,1557 | |
12 | 4340 | Жаңақорған ауданы | 1,1557 | |
13 | 4344 | Қазалы ауданы | 1,2595 | |
14 | 4346 | Қармақшы ауданы | 1,1557 | |
15 | 4348 | Сырдария ауданы | 1,1557 | |
16 | 4352 | Шілікті ауданы | 1,1557 | |
17 | 5116 | Түркістан облысы | Арыс қ. | 1,0779 |
18 | 5126 | Түркістан қ. | 1,0779 | |
19 | 5148 | Отырар ауданы | 1,0779 | |
20 | 5156 | Созақ ауданы | 1,0779 | |
21 | 5164 | Шардара ауданы | 1,0779 | |
22 | 6332 | Шығыс Қазақстан облысы | Абай ауданы | 1,0283 |
23 | 6318 | Аягөз қ. | 1,0243 | |
24 | 6334 | Аягөз ауданы | 1,0243 | |
25 | 6336 | Бесқарағай ауданы | 1,0283 | |
26 | 6338 | Бородулиха ауданы | 1,0243 | |
27 | 6340 | Глубоковск ауданы | 1,0243 | |
28 | 6344 | Жарма ауданы | 1,0243 | |
29 | 6346 | Зайсан ауданы | 1,0202 | |
30 | 6320 | Зырян қ. | 1,0202 | |
31 | 6348 | Зырян ауданы | 1,0202 | |
32 | 6350 | Көкпекті ауданы | 1,0202 | |
33 | 6322 | Курчатов қ. | 1,0243 | |
34 | 6324 | Риддер қ. | 1,0243 | |
35 | 6328 | Семей қ. | 1,0243 | |
36 | 6358 | Тарбағатай ауданы | 1,0202 | |
37 | 6362 | Ұлан ауданы | 1,0243 | |
38 | 6364 | Ұржар ауданы | 1,0202 | |
39 | 6368 | Шемонайха ауданы | 1,0243 | |
40 | 6310 | Өскемен қ. | 1,0243 | |
41 | 5552 | Павлодар облысы | Аққу ауданы | 1,0202 |
42 | 5556 | Мамыр ауданы | 1,0243 | |
43 | 5536 | Баянауыл ауданы | 1,0162 |
Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдар үшін түзету коэффициенті
№ | Медициналық ұйымның атауы | Түзету коэффициенті | |
КДҚ | стационар | ||
1 | Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының "Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 1,0691 | 1,0121 |