"Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 239 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20539 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11321 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарда:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17) күштік трансформатор - екі немесе одан да көп орамасы бар, айнымалы кернеу мен тоқтың бір немесе бірнеше жүйелерін электр магниттік индукциялау арқылы қуатты беру мақсатында әдетте сол жиілік кезінде басқа мәндері бар айнымалы кернеу мен тоқтың бір немесе бірнеше басқа жүйелеріне түрлендіруге арналған статикалық құрылғы;

      18) трансформатордың энергетикалық тиімділік сыныбы - трансформатордағы шығын деңгейімен (оның энергетикалық тиімділігімен) айқындалатын трансформатордың сипаттамасы;

      19) тоңазытқыш аспап - салқындатылуы бір немесе бірнеше тоңазытқыш агрегаттармен, табиғи конвекциямен және (немесе) өзгедей түзілмеген жүйемен қамтамасыз етілетін бір немесе бірнеше бөлімшелері бар зауытта дайындалған жылу оқшауландырылған камера;

      20) Frost Free/Фрост-фри жүйесі - бұл ішіне орнатылған желдеткіштің көмегімен әр түрлі бағыттарда ауа айналымы үнемі болатын жүйе, бұл мұздатқыш және тоңазытқыш бөлімдерінің қабырғаларында мұз бен қыраудың пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Талаптар технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының мына топтарына таралады:

      1) электр қозғалтқыштар;

      2) жарық көздері;

      3) цемент өндірісі;

      4) күштік трансформаторлар;

      5) тоңазытқыш аспаптар.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Электр қозғалтқыштарға арналған энергия тиімділігі бойынша талаптар";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жарық көздеріне арналған энергия тиімділігі бойынша талаптар";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Цемент өндірісі кезіндегі энергия тиімділігі бойынша талаптар";

      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тараулармен толықтырылсын:

      "5-тарау. Күштік трансформаторлар үшін энергия тиімділігі бойынша талаптар.

      21. Осы Талаптар кернеуі 6-10 кВ, қуаты 63-2500 кВА күштік тарату трансформаторларына қолданылады.

      22. Қуатты тарату трансформаторларының энергия тиімділігі:

      - бос жүріс шығындары (бұдан әрі-БЖ);

      - қысқа тұйықталу шығыны (бұдан әрі - ҚТ) деңгейлерімен сипатталады.

      23. Осы Талаптарда кернеуі 6-10 кВ күш трансформаторында (бос жүріс - "X" индексімен және қысқа тұйықталу - "К" индексімен) ең жоғары шығын деңгейінің 4-санаты белгіленеді: 1, 2, 3 және 4 "Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары шығындар деңгейінің санаттары (бос жүріс)" кестеде және "Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары шығындар деңгейінің санаттары (қысқа тұйықталу)" кестеде келтірілген, сондай-ақ "X" және "К" санаттарының үйлесіміне байланысты осы Талаптарға 7-қосымшадағы "Трансформаторлардың энергия тиімділігі сыныптарының әртүрлі үйлесімдері" кестесіне сәйкес энергия тиімділігі сыныптарының әртүрлі үйлесімдері болуы мүмкін.

      24. Күштік трансформаторларға энергия тиімділігі бойынша ең аз талаптар қойылады, демек энергия тиімділігі параметрлерінің бірі (бос жүрісті жоғалту және (немесе) қысқа тұйықталуды жоғалту) "Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары шығындар деңгейінің санаттары (бос жүріс)" және "Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары шығындар деңгейінің санаттары (қысқа тұйықталу)" кестелеріне сәйкес 2 және одан көп (X2, Х3, Х4 және (немесе) К2, К3) энергия тиімділігі сыныбына сәйкес келеді.

      6-тарау. Тоңазытқыш аспаптарға арналған энергия тиімділігі бойынша талаптар.

      25. Осы талаптар тұрмыстық жағдайларда тамақ өнімдерін сақтауға және/немесе мұздатуға арналған компрессиялық және абсорбциялық үлгідегі тұрмыстық электр тоңазытқыш аспаптарына, оның ішінде ішкі мәжбүрлі ауа айналымы бар және қырау түзілмеген жүйесі бар аспаптарға (Frost Free/Фрост-фри жүйесі) қолданылады.

      26. Тоңазытқыш аспаптарының энергия тиімділігінің көрсеткіші энергетикалық тиімділік индексі (EEI) болып табылады.

      27. Тоңазытқыш аспаптардың энергетикалық тиімділігін белгілеу үшін Энергетикалық тиімділік индексіне байланысты осы Талаптарға 8-қосымшаға сәйкес 10 сынып (кему бойынша) белгіленді.

      28. Энергетикалық тиімділік индексі 55-тен астам (EEI > 55) тоңазытқыш аспаптарды пайдалануға жол берілмейді.

      29. Тоңазытқыш аспаптардың энергетикалық тиімділік индексі ҚР СТ 51565-2017 "Энергетикалық тиімділік. Тұрмыстық тоңазытқыш және ұқсас аспаптар. Энергетикалық тиімділік көрсеткіштері және анықтау әдістері" стандартына сәйкес айқындалады.";

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 7 және 8-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 28 сәуірдегі
№ 239 бұйрығына
1-қосымша
  Технологиялық процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі
талаптарына 7-қосымша

Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары шығындар деңгейінің санаттары (бос жүріс)

Қуаты, кВА

Шығын XX, Вт

Энергия тиімділігінің сыныбы

X1

Х2

Х3

Х4

63

175

160

128

104

100

260

217

180

145

160

375

300

260

210

250

520

425

360

300

400

750

565

520

430

630

1000

696

730

560

1000

1400

957

940

770

1250

1500

1350

1150

950

1600

1950

1478

1450

1200

2500

2600

2130

2100

1750

Кернеуі 6-10 кВ күштік трансформатордағы ең жоғары шығындар деңгейінің санаттары (қысқа тұйықталу)

Қуаты, кВА

Шығын К3, Вт

Энергия тиімділігінің сыныбы

К1

К2

К3

63

1280

1270

1031

100

1970

1591

1475

160

2900

2136

2000

250

3700

2955

2750

400

5400

4182

3850

630

7600

6136

5600

1000

10600

9545

9000

1250

13500

13250

11000

1600

16500

15455

14000

2500

26500

23182

22000

Трансформаторлардың энергия тиімділігі сыныптарының әртүрлі үйлесімдері

ӘБЖ/ ӘҚТ

К1

К2

К3

X1

X1K1

Х1К2

Х1К3

X2

Х2К1

Х2К2

Х2К3

X3

Х3К1

Х3К2

Х3К3

X4

Х4К1

Х4К2

Х4К3

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 28 сәуірдегі
№ 239 бұйрығына
2-қосымша
  Технологиялық процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі
талаптарына 8-қосымша

Тоңазытқыш аспабының энергетикалық тиімділік индекстері

Энергия тиімділігінің сыныбы

Энергетикалық тиімділік индексі

A +++

EEI <22

A ++

22 ≤ EEI <33

A +

33 ≤ EEI <42

A

42 ≤ EEI <55

В

55 ≤ EEI <75

С

75 ≤ EEI <95

D

95 ≤ EEI <110

E

110 ≤ EEI <125

F

125 ≤ EEI <150

G (ең тиімді)

EEI>_150


О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 407 "Об установлении требований по энергоэффективности технологических процессов, оборудования, в том числе электрооборудования"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 28 апреля 2020 года № 239. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 апреля 2020 года № 20539

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 407 "Об установлении требований по энергоэффективности технологических процессов, оборудования, в том числе электрооборудования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11321, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 24 июня 2015 года) следующие изменения и дополнения:

      в Требованиях по энергоэффективности технологических процессов, оборудования, в том числе электрооборудования, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 2 дополнить подпунктами 17), 18), 19) и 20) следующего содержания:

      "17) силовой трансформатор - статическое устройство, имеющее две или более обмотки, предназначенное для преобразования посредством электромагнитной индукции одной или нескольких систем переменного напряжения и тока в одну или несколько других систем переменного напряжения и тока, имеющих обычно другие значения при той же частоте, с целью передачи мощности;

      18) класс энергетической эффективности трансформатора – характеристика трансформатора, определяемая уровнем потерь в трансформаторе (его энергетической эффективностью);

      19) холодильный прибор – теплоизолированная камера заводского изготовления с одним или несколькими отделениями, охлаждение которых обеспечивается одним или несколькими холодильными агрегатами, естественной конвекцией и (или) системой без инея образования;

      20) система Frost Free/Фрост-фри – это система, которой внутри постоянно происходит циркуляция воздуха в разных направлениях с помощью встроенного вентилятора, что позволяет избежать образования льда и инея на стенках морозильного и холодильного отделениях.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Настоящие Требования распространяются на следующую группу технологических процессов, оборудования, в том числе электрооборудования:

      1) электродвигатели;

      2) источники света;

      3) производство цемента;

      4) силовые трансформаторы;

      5) холодильные приборы.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Требования по энергоэффективности для электродвигателей";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Требования по энергоэффективности для источников света";

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Требования по энергоэффективности при производстве цемента";

      дополнить главами 5 и 6 следующего содержания:

      "Глава 5. Требования по энергоэффективности для силовых трансформаторов.

      21. Настоящие Требования распространяются на силовые распределительные трансформаторы напряжением 6-10 кВ мощностью 63-2500 кВА.

      22. Энергоэффективность силовых распределительных трансформаторов характеризуется уровнями:

      - потерь холостого хода (далее - ХХ);

      - потерь короткого замыкания (далее – КЗ).

      23. Настоящими Требованиями устанавливаются 4 категории уровня максимальных потерь в силовом трансформаторе напряжением 6-10 кВ (холостого хода - с индексом "X", и короткого замыкания - с индексом "К"): 1, 2, 3 и 4, приведенные в таблице "Категории уровня максимальных потерь в силовом трансформаторе напряжением 6-10 кВ (холостого хода)" и таблице "Категории уровня максимальных потерь в силовом трансформаторе напряжением 6-10 кВ (короткого замыкания)", а также в зависимости от сочетания категорий "X" и "К" возможны различные сочетания классов энергоэффективности согласно таблице "Различные сочетания классов энергоэффективности трансформатора" в приложении 7 к настоящим Требованиям.

      24. К силовым трансформаторам предъявляются минимальные требования по энергоэффективности, следовательно один из параметров энергоэффективности (потери холостого хода и (или) потери короткого замыкания) соответствует классу энергоэффективности 2 и более (X2, Х3, Х4 и (или) К2, К3) согласно таблицам "Категории уровня максимальных потерь в силовом трансформаторе напряжением 6-10 кВ (холостого хода)" и "Категории уровня максимальных потерь в силовом трансформаторе напряжением 6-10 кВ (короткого замыкания)".

      Глава 6. Требования по энергоэффективности для холодильных приборов.

      25. Настоящие требования распространяются на бытовые электрические холодильные приборы компрессионного и абсорбционного типа, предназначенные для хранения и/или замораживания пищевых продуктов в бытовых условиях, в том числе на приборы с внутренней принудительной циркуляцией воздуха и системой без образования инея (система Frost Free/Фрост-фри).

      26. Показателем энергоэффективности холодильных приборов является индекс энергетической эффективности (EEI).

      27. Для обозначения энергетической эффективности холодильных приборов в зависимости от индекса энергетической эффективности установлены 10 классов (по убыванию) согласно приложению 8 к настоящим Требованиям.

      28. Не допускается использование холодильных приборов с индексом энергетической эффективности более 55 (EEI > 55).

      29. Индексы энергетической эффективности холодильных приборов определяются согласно стандарту СТ РК 51565-2017 "Энергетическая эффективность. Приборы холодильные бытовые и аналогичные. Показатели энергетической эффективности и методы определения.".";

      дополнить приложениями 7 и 8 согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Б. Атамкулов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 28 апреля 2020 года № 239
  Приложение 7 к Требованиям по
энергоэффективности
технологических процессов,
оборудования, в том
числе электрооборудования

Категории уровня максимальных потерь в силовом трансформаторе напряжением 6-10 кВ (холостого хода)

Мощность, кВА

Потери XX, Вт

Класс энергоэффективности

X1

Х2

Х3

Х4

63

175

160

128

104

100

260

217

180

145

160

375

300

260

210

250

520

425

360

300

400

750

565

520

430

630

1000

696

730

560

1000

1400

957

940

770

1250

1500

1350

1150

950

1600

1950

1478

1450

1200

2500

2600

2130

2100

1750

Категории уровня максимальных потерь в силовом трансформаторе напряжением 6-10 кВ (короткого замыкания)

Мощность, кВА

Потери К3, Вт

Класс энергоэффективности

К1

К2

К3

63

1280

1270

1031

100

1970

1591

1475

160

2900

2136

2000

250

3700

2955

2750

400

5400

4182

3850

630

7600

6136

5600

1000

10600

9545

9000

1250

13500

13250

11000

1600

16500

15455

14000

2500

26500

23182

22000

Различные сочетания классов энергоэффективности трансформатора

РХХ/ РКЗ

К1

К2

К3

X1

X1K1

Х1К2

Х1К3

X2

Х2К1

Х2К2

Х2К3

X3

Х3К1

Х3К2

Х3К3

X4

Х4К1

Х4К2

Х4К3

  Приложение 2 к приказу
Министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 28 апреля 2020 года № 239
  Приложение 8 к Требованиям по
энергоэффективности
технологических процессов,
оборудования, в том
числе электрооборудования

Индексы энергоэффективности холодильного прибора

Класс энергоэффективности

Индекс энергоэффективности

A +++

EEI <22

A ++

22 ≤ EEI <33

A +

33 ≤ EEI <42

A

42 ≤ EEI <55

В

55 ≤ EEI <75

С

75 ≤ EEI <95

D

95 ≤ EEI <110

E

110 ≤ EEI <125

F

125 ≤ EEI <150

G (наименее эффективный)

EEI>_150