"2019 - 2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 177 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 мамырда № 20568 болып тіркелді

      "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 12-1-бабы 2-тармағының 2-бөлігіне, "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 9 хаттамасының 4.1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2019 - 2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20324 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу жылы 2020 жылғы 25 мамырда аяқталсын.

      2. Қорытынды аттестаттауды:

      1) 9 (10) және 11 (12) - сыныптардың білім алушылары тапсырмайды, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі;

      2) экстернат нысанында оқитындар қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, тоқсан бойынша жиынтық бағалау нысанында тапсырады;

      3) шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың бітірушілері қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып онлайн режимінде қорытынды бітіру емтихандары және мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында тапсырады;

      4) халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер 11 (12) сынып үшін 10 сыныптағы жылдық бағасын ескере отырып оқыған елдегі ағымдағы бағаларының негізінде тапсырады.

      3. Облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдары 2019-2020 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191болып тіркелген) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      7-тармақ алынып тасталынсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 апреля 2020 года № 129 "О завершении 2019-2020 учебного года и проведении итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 мая 2020 года № 177. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2020 года № 20568

      В соответствии с частью 2 пункта 2 статьи 12-1 Закона Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года "О чрезвычайном положении", подпунктом 4) пункта 1 Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года "О мерах по обеспечению социально-экономической стабильности" и пунктом 4.1 Протокола заседания Государственной комиссии по обеспечению режима чрезвычайного положения при Президенте Республики Казахстан от 3 апреля 2020 года № 9, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 апреля 2020 года № 129 "О завершении 2019-2020 учебного года и проведении итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования" (зарегистрирован в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 20324, опубликован от 10 апреля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      пункты 1, 2, 3, 4, 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "1. Учебный год в организациях среднего образования независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности завершить – 25 мая 2020 года.

      2. Итоговая аттестация для:

      1) обучающихся 9 (10) и 11 (12) классов не проводится, аттестат выдается на основании годовых оценок текущего учебного года;

      2) обучающихся в форме экстерната проводится в форме суммативного оценивания за четверть с применением дистанционных образовательных технологий;

      3) выпускников 9 (10) и 11 (12) классов, выезжающих за границу для поступления на учебу или на постоянное место жительство при предъявлении подтверждающих документов, проводится в форме итоговых выпускных экзаменов и государственных выпускных экзаменов с применением дистанционных образовательных технологий в режиме онлайн.

      4) обучающихся, выехавших на учебу за рубеж по линии международного обмена и окончивших там образовательные учреждения, за 11 (12) класс проводится на основании текущих оценок в стране пребывания с учетом годовой оценки 10 (11) класса.

      3. Управлениям образования областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкент, а также республиканским организациям среднего образования обеспечить завершение 2019-2020 учебного года в соответствии с требованиями настоящего приказа, Типовыми правилами текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в организациях образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 "Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся для организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования", (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 5191).

      4. Комитету дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.";

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      6. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.";

      пункт 7 исключить.

      2. Комитету дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан А. Аймагамбетов