ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 23-11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамассыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 23-11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мынадай автокөлiк құралдарына иелiк ететiн отандық және шетел тасымалдаушыларына қолданылады:
1) автобустар, шағын автобустар;
2) жүк автомобильдерi (олардың тiркеменi қоса алғанда рұқсат етiлетiн жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тiркеменi қоса алғанда рұқсат етiлетiн пайдалы жүктемесi 3,5 тоннадан астам);
3) мамандандырылған автомобильдер (белгiлi бiр жүк түрiн тасымалдауға арналған);
4) арнайы автомобильдер (әртүрлi, көбiнесе көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған).
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) автокөлiк құралдарына рұқсат беру карточкасы - автокөлiк құралын жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдалануға рұқсат беретiн құжат;
2) жолсапар - автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелi пунктiне жүруi және жөнелту пунктiне керi оралуы;
3) жүктердiң халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлiгi - Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына жүктердiң халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға құқық беретiн құжат;
4) көрсетілетін қызметті алушы - халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыратын отандық және шетелдік тасымалдаушылар;
5) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
7) отандық рұқсат - Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуіне рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар);
8) отандық тасымалдаушы - Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильді қатынастар туралы халықаралық келісімшарттарына сәйкес шет мемлекеттің аумағындағы халықаралық автомобильді тасымалдауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
9) рейс - автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелi пунктiне дейiн жүрiп өтуi;
10) рұқсат беру құжаты - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын құжат (отандық немесе шетелдiк рұқсат, арнайы рұқсат);
11) рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасы (бұдан әрi - алмасу квотасы) - шет мемлекеттермен алмасу үшiн келiсiлген шетелдiк рұқсаттардың саны;
12) транзиттiк жүрiп өту (транзит) - жөнелту және межелi пункттерi осы мемлекеттiң аумағынан тыс орналасқан мемлекеттiң аумағы арқылы жүкпен немесе жүксiз автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi;
13) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті;
14) үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар - автокөлiк құралының тiркелу мемлекетi болып табылмайтын екi мемлекет арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi тасымалдау;
15) шетелдiк рұқсат - Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағымен жүріп өтуіне рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ екінші елдің аумағынан үшінші елдің аумағына тасымалдаулар);
16) шетелдік тасымалдаушы - Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильді қатынастар туралы халықаралық келісімшарттарға сәйкес шет мемлекеттің аумағындағы халықаралық автомобильді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік жеке және заңды тұлғалар.
4. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне рұқсат беру жүйесi Заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттарда (бұдан әрi - Келiсiм) және осы Қағидаларда айқындалады.
5. Жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының шет мемлекеттiң аумағына (аумағынан) кiруi (шығуы), шет мемлекеттiң аумағы арқылы транзитi мынадай түрлердегi шетелдiк рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
1) жүктерді тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар;
3) күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар.
6. 1992 жылғы 26 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмге сәйкес отандық тасымалдаушылар Қытай Халық Республикасының аумағына автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде мыналар қажет:
1) жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды орындаған кезде, отандық тасымалдаушыға тасымалды жөнелту пунктiнен межелi пунктке дейiн күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен "А" түрiнiң рұқсаты;
2) баратын және керi қайтатын бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалын орындау кезiнде "В" түрiнiң рұқсаты;
3) баратын және керi қайтатын керi бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жүктерді автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде "С" түрiнiң рұқсаты;
4) анықталған маршруттар бойынша жүктерді автомобиль көлігімен баратын және кері қайтатын бір рейсті орындау құқығымен тасымалдау кезінде "D" түрiнiң рұқсаты.
"А", "В", "С", "D" түрiндегi рұқсаттар ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібі 1-параграф. Шетелдік рұқсаттарды алмасу және үлестіру квотасын айқындау
7. Уәкілетті органның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-ресурстар арқылы шетелдік рұқсаттамаларға жылдық өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы отандық тасымалдаушыларды хабарландырады.
Жылдық өтінімдерді отандық тасымалдаушылар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы береді.
8. Отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдер жыл сайын 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде қабылданады.
Жылдық өтiнiмде:
1) отандық тасымалдаушының жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрi және атауы;
2) елдер және орындалатын тасымалдардың түрлерi бөлiнiсiнде шетелдiк рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады.
9. Алмасу квотасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгілеу мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган ағымдағы жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде отандық тасымалдаушылардың шетелдік рұқсаттарға деген қажеттілігінің саны туралы жалпы жиынтық жылдық өтінімді қалыптастырады.
11. Уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат құжаттармен алмасу квотасын және олардың қолданылу мерзімін келіседі.
12. Уәкілетті орган шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарына отандық рұқсат бланкiлерiн беруді отандық тасымалдаушылар үшiн шетелдiк рұқсаттарды шетелдiк құзыреттi органдармен жүргiзiлген келiссөз хаттамаларында айтылған мөлшерде алуды жүзеге асырады.
13. Шетелдiк рұқсаттар аумақтық органдарға бөлуге жатады.
14. Аумақтық органдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiсiлген белгiленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесiн ескере отырып, күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды үлестiредi.
15. Аумақтық органдар бөлінісінде бөлінген шетелдік рұқсаттардың саны туралы мәліметтер Министрліктің интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілерде 10 қаңтарға дейін орналастырылады, сондай-ақ аумақтық органдарға берілген рұқсаттардың санын және отандық тасымалдаушылар аумақтық органдарға тапсырған шетелдік рұқсаттардың санын көрсете отырып, берілген шетелдік рұқсаттар туралы деректер Министрліктің интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады.
16. Отандық тасымалдаушылардың шетелдiк рұқсаттардың бланкiлерiне белгіленген алмасу квотасынан тыс қажеттілігі туындаған жағдайда уәкілетті орган шет мемлекеттiң құзыретті органдарымен хат алмасу арқылы ағымдағы жылға тиiстi шетелдiк рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасын келiседi.
2-параграф. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беру
17. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды ресiмдеудi және берудi аумақтық органдар жүзеге асырады.
18. Отандық тасымалдаушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты алуға өтінішті (бұдан әрі - шетелдік рұқсатты алуға арналған өтініш) Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы аумақтық органдарға жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Мыналар арқылы жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік корпорация:
жеке басын куәландыратын құжат ұсынылады (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Мемлекеттік корпорация қызметкері электрондық көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасынан шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Шетелдік рұқсатты алуға өтініш "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) портал:
порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Отандық тасымалдаушы өтініште және ұсынылатын құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
19. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды:
1) халықаралық автомобильдік тасымалдауын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі болған кезде;
2) жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасы болған кезде;
3) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы болған кезде;
4) шетелдік рұқсаттарды автоматты бөлу жүйесінде шетелдік рұқсаттарды бөлу кезде;
5) отандық тасымалдаушыға хабарламаны жолдаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шетелдік рұқсаттың тиісті бағанына енгізу үшін автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы мәліметті ұсыну және алым соммасының төленген кезде;
6) отандық тасымалдаушымен осы тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралына шетелдік рұқсатты қолдану фактісінің болмауы, сондай-ақ соңғы алты ай ішінде отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсатты басқа отандық тасымалдаушыға беру фактісінің болмауы кезде береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік, автокөлік құралдарына рұқсат карточкалары, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны, жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды, халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжатты (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы 18-тармақтың екінші бөлігінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
20. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, шетелдік рұқсатты алуға арналған өтінішті қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттар санын есептеу пайдаланылатын, қайтарылған, жоғалған, қайтарылмаған, шетелдік рұқсаттардың мерзімдерін бұза отырып қайтарылған жылжымалы құрамның (тіркемелерді, жартылай тіркемелерді және жүкті түсіру үшін механикалық көлбеу өздігінен тиелетін автомобильдерді есепке алмай) санын ескере отырып, шетелдік рұқсат бланкілерін автоматты бөлу жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Бланкілерді автоматты бөлу жүйесімен міндетті техникалық байқаудан өтпеген және (тахографтың мерзімдік тексеруден өту мерзімі өтіп кеткен) автокөлік құралдарының рұқсат ету карточкалары ескерілмейді.
Есеп айырысу әрбір ел және шетелдік рұқсаттардың түрлері бойынша бөлек жүргізіледі.
Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе осы Қағидалардың 29-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын (бұдан әрі - алым сомасы) төлеу үшін құжаттарды қарау және хабарлама беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Алым сомасы мақұлданған шетелдік рұқсаттардың санын айқындау нәтижелері бойынша төленуге жатады.
Отандық тасымалдаушы хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықаралық қатынаста жолаушылар, жүктер және багаж тасымалын жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы аумағынан шыққаны үшін төлеген алым сомасының түбіртегімен бірге аумақтық органға шетел рұқсаттарының тиісті графасына енгізу үшін автокөлік құралының мемлекеттік номері мен маркасы туралы мәліметтерді береді.
21. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) аумақтық органға алым сомасының төленгені туралы төлем құжаты келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында пайдаланушының кабинетіне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға хабарламаны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, хабарлама басып шығарылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дұрыстығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
22. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
23. Уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті ұйым не көлік саласындағы уәкілетті орган басшысының атына берілуі мүмкін.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті ұйымның не көлік саласындағы уәкілетті органның атына келіп түскен әзірлеушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен әзірлеушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Уәкілетті ұйым шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда әзірлеуші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
24. Алынған шетелдік рұқсаттарды отандық тасымалдаушы осы отандық тасымалдаушының рұқсат карточкаларында көрсетілген автокөлік құралына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына жаңадан сатып алынған және айдалатын автокөлік құралына пайдаланады.
Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруге жол берілмейді.
Отандық тасымалдаушының айдалатын автокөлік құралдарынан басқа, осы тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралдарына шетелдік рұқсаттарды пайдалануына жол берілмейді.
Рұқсат беру куәлігінің қолданылуы тоқтатылған немесе тоқтатылған кезде отандық тасымалдаушы алынған шетелдік рұқсаттарды қайтарады.
25. Отандық тасымалдаушы жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды алған сәттен бастап пайдалануға қарамастан күнтізбелік елу күннен кешіктірмей оларды берген орны бойынша аумақтық органға қайтаруы тиіс.
Отандық тасымалдаушылар шетелдік рұқсаттарды осы рұқсаттарды қоса бере отырып, қайтару күні, шетелдік рұқсаттардың нөмірі көрсетілген еркін нысанда жасалған ілеспе хатпен қайтарады.
Шетелдік рұқсат жоғалған жағдайда отандық тасымалдаушылар ішкі істер органдарында тіркелген өтініштердің немесе көрсетілген рұқсаттардың жоғалғаны және жарамсыздығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулардың орналастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жоғалғаны туралы аумақтық органдарға жазбаша нысанда хабарлайды.
Жоғалғаны туралы хабарламаны аумақтық органға ұсыну мерзімі күнтізбелік елу күннен аспауы тиіс.
Елдер мен түрлер бөлінісінде отандық тасымалдаушыдан шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтінімдерді қарау кезінде шетелдік рұқсаттардың мәлімделген саны осы Қағидаларда белгіленген мерзімде жоғалған және (немесе) қайтарылмаған немесе мерзімін бұза отырып, орындалған шетелдік рұқсаттардың санына мөлшерлес азайтылады.
26. Қайтарылған шетелдік рұқсаттар аумақтық органдарда қайтарылған сәттен бастап үш жыл бойы сақталады.
27. Аумақтық органдар елдер бөлінісінде берілген, қайтарылған және жоғалған шетелдік рұқсаттардың есебін жүргізеді.
Қайтарылған шетелдік рұқсаттарды есепке алу көліктік дерекқордың ақпараттық талдау жүйесінде және тасымалдар қауіпсіздігі серпінінің мониторингінде (бұдан әрі - ТБД АТЖ) жүзеге асырылады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі;
2) отандық тасымалдаушының атауы;
3) рұқсат түрі;
4) рұқсаттың қолданылу мерзімі;
5) рұқсатты қайтару күні;
6) қайтарылған шетелдік рұқсаттың нөмірі.
28. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан өтiнiмдердің келіп түсуiне қарай КДҚ АТЖ пайдалана отырып, белгiленген мерзiмде қызмет көрсетудi, сондай-ақ қайтарылған шетелдiк рұқсаттар туралы мәлiметтердi бір жұмыс күні ішінде енгiзудi қамтамасыз етедi.
29. Отандық тасымалдаушыға шетелдік рұқсатты беруден:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) аумақтық органдарда шетелдік рұқсаттардың болмауы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
30. Отандық тасымалдаушыға шетелдік рұқсатты беру кезінде бланкінің тиісті бағандарына тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы жазылады және мөр (мөртабан) және рұқсат берген адамның қолы қойылады.
Шетелдік рұқсатты Қазақстан Республикасымен шектесетін елдерге, оның ішінде рұқсат бланкілерімен алмасу квотасы отандық тасымалдаушылар өткен жылы нақты пайдаланған шетелдік рұқсаттардан аз елдерге берген кезде бланкінің тиісті бағандарына тасымалдаушының атауы, автокөлік құралының заңды мекенжайы, маркасы мен мемлекеттік нөмірі жазылады және рұқсат берген адамның мөрі (мөртабаны) мен қолы қойылады.
Шетелдік рұқсаттарда түзетуге жол берілмейді.
3-параграф. Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды отандық тасымалдаушыларға беру
31. Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды отандық тасымалдаушыларға ресiмдеудi және берудi аумақтық органдар жүзеге асырады.
32. Отандық тасымалдаушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды отандық тасымалдаушыларға алуға өтінішті (бұдан әрі - күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтініш) Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы аумақтық органдарға жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Мыналар арқылы жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік корпорация:
жеке басын куәландыратын құжат ұсынылады (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі.
Мемлекеттік корпорация қызметкері электрондық көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасынан шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтініш "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) портал:
порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау жолданады.
шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың электронды көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Отандық тасымалдаушы өтініште және ұсынылатын құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
33. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды:
1) шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі болған кезде;
2) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы болған кезде;
3) шетелдік рұқсаттарды автоматты бөлу жүйесінде жолаушылар мен багажды тасымалдау мерзімі күнтізбелік бір жылға жарамды шетелдік рұқсаттарды бөлу кезде;
4) отандық тасымалдаушыға хабарламаны жолдаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шетелдік рұқсаттың тиісті бағанына енгізу үшін автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы мәліметті ұсыну және алым соммасының төленген кезде.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау (жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны, жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжатты (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы 32-тармақтың екінші бөлігінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
34. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтінішті қарау, сондай-ақ берілетін күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар санын есептеу пайдаланылатын, қайтарылған, жоғалған, қайтарылмаған, шетелдік рұқсаттардың мерзімдерін бұза отырып қайтарылған жылжымалы құрамның санын ескере отырып, шетелдік рұқсат бланкілерін автоматты бөлу жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Бланкілерді автоматты бөлу жүйесімен міндетті техникалық байқаудан өтпеген автобустар, шағын автобустар ескерілмейді.
Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе осы Қағидалардың 42-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын (бұдан әрі - алым сомасы) төлеу үшін құжаттарды қарау және хабарлама беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Алым сомасы мақұлданған шетелдік рұқсаттардың санын айқындау нәтижелері бойынша төленуге жатады.
35. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) аумақтық органға алым сомасының төленгені туралы төлем құжаты келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында пайдаланушының кабинетіне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға хабарламаны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, хабарлама басып шығарылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дұрыстығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
36. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
37. Уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті ұйым не көлік саласындағы уәкілетті орган басшысының атына берілуі мүмкін.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті ұйымның не көлік саласындағы уәкілетті органның атына келіп түскен әзірлеушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен әзірлеушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Уәкілетті ұйым шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда әзірлеуші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
38. Отандық тасымалдаушының күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.
Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар олардың қолдану мерзiмдерi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрмей аумақтық органға қайтаруға жатады.
Отандық тасымалдаушылар күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды осы рұқсаттарды қоса бере отырып, қайтару күнi, шетелдiк рұқсаттардың нөмiрi көрсетiлген, еркiн нысанда жасалған iлеспе хатпен қайтарады.
Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат жоғалған жағдайда отандық тасымалдаушылар ішкі істер органдарында тіркелген өтініштердің немесе көрсетілген рұқсаттардың жоғалғаны және жарамсыздығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулардың орналастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жоғалғаны туралы аумақтық органдарға жазбаша нысанда хабарлайды.
Жоғалғаны туралы хабарламаны аумақтық органға ұсыну мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.
Отандық тасымалдаушыдан күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтінімдерді қарау кезінде шетелдік рұқсаттардың саны осы Қағидаларда белгіленген мерзімде жоғалған және (немесе) қайтарылмаған шетелдік рұқсаттардың санына мөлшерлес азайтылады.
39. Қайтарылған шетелдік рұқсаттар аумақтық органдарда қайтарылған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.
40. Аумақтық органдар елдер бөлінісінде берілген, қайтарылған және жоғалған шетелдік рұқсаттардың есебін жүргізеді.
Қайтарылған шетелдік рұқсаттарды есепке алу көліктік дерекқордың ақпараттық талдау жүйесінде және тасымалдар қауіпсіздігі серпінінің мониторингінде (бұдан әрі - ТБД АТЖ) жүзеге асырылады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі;
2) отандық тасымалдаушының атауы;
3) рұқсат түрі;
4) рұқсаттың қолданылу мерзімі;
5) рұқсатты қайтару күні;
6) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі;
7) қайтарылған шетелдік рұқсаттың нөмірі;
41. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан өтiнiмдердің келіп түсуiне қарай КДҚ АТЖ пайдалана отырып, белгiленген мерзiмде қызмет көрсетудi, сондай-ақ қайтарылған шетелдiк рұқсаттар туралы мәлiметтердi бір жұмыс күні ішінде енгiзудi қамтамасыз етедi.
42. Отандық тасымалдаушыға шетелдік рұқсатты беруден:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) аумақтық органдарда шетелдік рұқсаттардың болмауы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
43. Отандық тасымалдаушыға күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат берілген кезде бланктің тиісті бағандарына тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі, жүру маршруты жазылады және мөртаңба басылып, рұқсат берген адамның қолы қойылады.
Шетелдік рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.
4-параграф. Шетелдiк тасымалдаушыларға отандық рұқсаттарды беру
44. Отандық рұқсаттар шетелдiк тасымалдаушыларға тиiстi жылға айырбасталған рұқсаттар есебiнен олардың мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары бередi.
Егер халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмеген болса, осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес отандық рұқсаттардың қолданылу мерзімін автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген, тасымалдаушы орындайтын халықаралық автомобиль жүк тасымалдары рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады:
1) аумағында тасымалдаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекет пен басқа мүше мемлекет арасында;
2) Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен;
3) Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттер арасында.
Шетел мемлекетінің тасымалдаушылары Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүктерді тасымалдауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел тасымалдаушысы тіркелген елдің құзыретті органдары берген рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.
45. Отандық рұқсат, оның ішінде бірінші рейстің тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан кері бағытта жолшыбай жүк арту жағдайында бір жолсапар үшін жарамды болады.
"А", "D" түріндегі отандық рұқсаттар жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін жарамды, "В" мен "С" түріндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан 90 километрге дейін шегінде орналасқан шекара маңы терминалдарына дейін жарамды.
46. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында iлеспе жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн қосымша рұқсаты болған кезде ғана рұқсат етiледi.
Егер автокөлік құралы тіркелген елге тасымалдау жоспарланған болса, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға арналған қосымша отандық рұқсаттың болуы қажет.
Егер тасымалдау үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына жоспарланған жағдайда тасымалдауларға, қосымша рұқсаттың болуы қажет.
47. Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының тіркелу мемлекеті болып табылмайтын үшінші мемлекеттің аумағына кері бағытта бара жатқан шетелдік автокөлік құралына жолшыбай жүк артылған жағдайда, осы Қағидаларың 46-тармағында көзделген тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге тасымалдауды орындауға арналған қосымша отандық рұқсат болуы қажет.
48. Қазақстан Республикасының аумағына жүктiң жөнелту немесе межелi пунктi болып табылмайтын елдiң аумағына жүктi ауыстырып тиеу (тиеу/түсiру) арқылы үшiншi елдерден жүк тасымалдау Қазақстан Республикасының аумағына үшiншi елдерден тасымалды орындауға арналған рұқсат болған жағдайда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тасымалдау кезінде жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында кедендік транзит аяқталмаған жүкті қазақстандық автокөлік құралына және бастапқы тасымалдаушының тіркеу елінде тіркелмеген автокөлік құралына аударып тиеуге жол берілмейді.
49. Шетелдік автокөлік құралының тіркелу елінің аумағындағы заңнамаға сәйкес құрылған және тіркелген, үшінші елдердің кәсіпорындары мен филиалдарында өндірілетін жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде, үшінші елдерден/елдерге отандық рұқсаттар осы тасымалдардың мынадай ілеспе құжаттарымен расталған жағдайларда талап етілмейді:
халықаралық көліктік жүкқұжаты (CMR);
тауардың шығарылуы туралы сертификаты;
жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының шетелдік тасымалдаушыға жүк тасымалына тапсырысы;
шот-фактура (инвойс);
ветеринариялық сертификат, фитосанитариялық сертификат, өнімдердің (тауарлардың) санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (қажет болған жағдайда) сәйкестігі бөлігінде қауіпсіздікті растайтын құжат.
Бұл ретте, осы тасымал Қазақстан Республикасының аумағына кіруге отандық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
50. Автокөлік құралы тіркелген елдегі жүктерді қайта тиеу (тиеу/түсіру) арқылы Қазақстан Республикасының аумағына үшiншi елдерден жүктерді тасымалдауды басқа (әуе, теміржол, теңіз) көлік түрімен жүзеге асыру кезінде көрсетілген тасымалдар ілеспе құжаттармен (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жолдық тасымалдау кітапшасы, фитосанитариялық сертификат және халықаралық автомобиль тасымалдарын іске асыру кезінде пайдаланылатын және автокөлік құралын тиеу орнын растайтын және осындай тасымалдауда оларға еріп жүретін басқа да құжаттар) расталған жағдайда, үшінші елдерге/елдерден отандық рұқсат қағаз талап етілмейді. Бұл ретте осы тасымалдау Қазақстан Республикасының аумағына кіруге арналған отандық рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.
51. Қазақстан Республикасының аумағына жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушының тіркеу мемлекетінде тіркелген басқа тартқышқа немесе жүк автомобиліне ауыстырып тіркеуге рұқсат етіледі.
52. Шетел тасымалдаушысында тасымалдаушының тіркеу мемлекетінің құзыретті органы растаған рұқсат бланкісі болмаған жағдайда, жүкті отандық көлік құралына қайта тиеуге әкiмшiлiк жаза туралы қаулы орындалғаннан кейін рұқсат етіледі.
53. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмесе, Салық кодексімен белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Жүкті немесе жолаушыларды үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдауларға көрсетілген автокөлік құралдарымен тасымалдауды жүзеге асыруға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған, оның ішінде жүгі бар автокөлік құралдарын айдап өту кезінде ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру құжаттары талап етілмейді.
54. Мемлекеттерімен рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тепе-тең айырбастау жүргізілмеген шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүруі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмесе, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, соның ішінде халықаралық теңіз өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
55. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістің аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде аумақтық органдар:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының күнтізбелік 30 күннен аспайтын шығу мерзімін;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын көрсетеді.
Шетелдік автокөлік құралдарының транзиттік жүріп өтуі кезінде Қазақстан Республикасының аумағына келу және аумағынан кету мерзімдері баратын және кері де бағытта жүріп өту кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.
56. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсаттарда жол жүрер алдында мыналарды толтырады:
1) тасымалдаушының атауы мен оның толық мекенжайы;
2) автокөлік құралының нөмірі;
3) жүкті тиеу елі;
4) жүкті түсіру елі;
5) тасымалданатын жүктің атауы;
6) тасымалданатын жүктің салмағы.
Отандық рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.
57. Бос шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуi Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынастары туралы халықаралық шарттарда көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
58. Шетелдік тасымалдаушылар көліктік бақылау органдарына Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында берілген көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, құжаттардың жоқ болуы немесе сәйкессіздігі туралы хабарламалар береді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті көліктік бақылау органы берген хабарлама орандалмаған кезде халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға және хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқуға жол берілмейді.
59. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу) кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріне жақын көліктік бақылау органдарына отандық рұқсат қағаздарын осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуін тексеру, сондай-ақ отандық рұқсат бланкісінің үзбелі бөлігін алу үшін ұсынады.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға қажетті ілеспе құжаттар (халықаралық көлік жүкқұжаты (СМR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жол тасымалдау кітапшасы және тағы басқа құжаттар) Қазақстан Республикасының заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына талаптарына сәйкес болуы және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының талабы бойынша жүргізушілер ұсынылуы тиіс.
60. Егер Келiсiмдерде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту құқығын растайтын рұқсат беру құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункт арасында шетелдiк автокөлiк құралдарының жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруына құқық бермейдi.
Халықаралық қатынастағы жолаушылар, багаж және жүк тасымалын жүзеге асыратын сондай-ақ шетелдік автокөлік құралдарының транзитін, үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдауларды тіркеу, отандық рұқсат беру құжаттарын беруді тіркеу Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiрудi (шығуды) шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн, отандық рұқсат беру құжаттарын берудi тiркеу журналында электронды түрде жүзеге асырылады.
Журналда мынадай мәлiметтер көрсетiледi:
1) шетел тасымалдаушысының атауы;
2) тасымалдаушының елi;
3) тасымалдаушының орналасқан (тұрғылықты) орны;
4) жөнелту елi;
5) межелі елi;
6) қатынау маршруты;
7) автокөлiк құралының типi, маркасы;
8) автокөлiк құралының және тiркемесiнiң нөмiрi;
9) рұқсат түрi;
10) рұқсатты қолдану мерзiмi;
11) рұқсаттың берiлген күнi және нөмiрi (сериясы);
12) рұқсатты алған күнi (рұқсат берiлген кезде);
13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенiн растайтын құжаттың нөмiрi (бар болса) және күнi, алым сомасы (рұқсат берiлген кезде);
14) рұқсат құжатын алу туралы тасымалдаушының қолы (қағаз түрiнде рұқсат берiлген кезде).
5-параграф. Рұқсат беру құжаттарын дайындау және есепке алу
61. Отандық рұқсаттар бланкiлерiнің нысандары баспаханалық тәсiлмен дайындалады, реттiк нөмiрi және кемiнде үш қорғану дәрежесi болады.
62. Жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес отандық рұқсат бланкiсiнде мынадай деректемелер болады:
1) тасымалдауды жүзеге асыру құқығын рұқсат беру құжаты растайтын тасымалдау түрi;
2) сериясы мен нөмiрi;
3) қолданылу мерзiмi;
4) тасымалдаушының деректемелерi;
5) берiлген орны және күнi;
6) құзыреттi органның қолы мен мөрi;
7) қозғалыс маршруты;
8) автокөлiк құралының маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi;
9) жүктiң атауы;
10) автокөлiк құралының жүксiз жабдықталған салмағы;
11) жүру жолындағы бақылаушы органдардың бланкiнiң үзбелік бөлiгiнде орналасқан белгiлерi мен мөрiне арналған орындар;
12) бланкiнi пайдалану бойынша негiзгi нұсқаулар;
13) бланкінің негізгі және үзбелі бөліктеріндегі штрих-коды.
63. Автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi кезiнде бақылаушы органның белгiсi бар отандық рұқсат бланкiсiнiң үзбелі бөлiгi бақылаушы органда қалады және аумақтық органдарға жiберiледi.
64. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсат бланкiлерiн беру сенiмхат болған жағдайда жүкқұжаттар бойынша (серияларын және шетелдiк рұқсаттардың нөмiрлерiн көрсете отырып) жүзеге асырылады.
65. Жыл сайын 5 қаңтарға дейiнгi мерзiмде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары пайдаланылмаған отандық рұқсаттарды алынған орны бойынша аумақтық органға қайтаруды жүзеге асырады.
66. Мемлекеттік аумақтық кірістер органдары ай сайын үшiншi күннен кешiктiрмей аумақтық органдарға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi бойынша есептi және шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенi туралы түбiртектерi бар жүкқұжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 1-қосымша |
Нысаны ________________________________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсатты алуға өтініш
________________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
_______________________________
Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға мынадай
шетелдік рұқсаттар беруді сұраймын:
№ Р/с | Ел | Рұқсат түрі | Рұқсат жылы | Рұқсаттар саны |
Мекенжайы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны (болған жағдайда))
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Мыналар арқылы: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қағаз түрінде жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат (бұдан әрі - шетелдік рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен оның тыныс-тіршілігін шектейтін көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы:______________________)
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады____________________________________ Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ______________________________________________________________;
2) ______________________________________________________________;
3) ...
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
__________________________________________ _______________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) Т. А. Ә. (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә.__________________
Телефон___________________________
Алды: __________________________ _________________________
Көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. қолы
_____жылғы "___" ______________
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 4-қосымша |
Нысаны
________________________________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты алуға өтініш
________________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
_______________________________
Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға
арналған шетелдік рұқсатты мынадай көлік құралдарына беруді сұраймын:
№ р/с | Маршрут | Көлік құралының түрі/(класс) | Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі |
Мекенжайы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны (болған жағдайда))
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 5-қосымша |
"Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Мыналар арқылы: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаты қағаз түрінде не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен оның тыныс-тіршілігін шектейтін көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |