"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10664 тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларының реттік нөмірлері 1-жолдарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Мәдениет және спорт министрі | А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 19 мамыры № 132 Бұйрыққа 1-қосымша |
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
№ р/с | Бiлiктiлiк талаптары мен шарттары | Құжаттар тізбесі |
1 | 2 | 3 |
1. |
Құрамында орта техникалық және кәсіптік білімі (реставрация), кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маман немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе магистр, бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар, тиісті мамандық (архитектура) бойынша ғылыми қызметкер болуы. | Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарының 1- қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер (бұдан әрі –Біліктілік талаптары) және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі |
2. |
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың болуы: | Осы Біліктілік талаптарының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі |
Бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігіні растайтын реставратор маман немесе ғылыми қызметкер туралы мәліметтер.
1. Реставратор маман немесе ғылыми қызметкер туралы деректер:
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________
2) ғылыми дәрежесі, мамандығы және біліктілігі ____________________
3) білімі туралы дипломының нөмірі, берілген уақыты _______________
4) дипломды берген оқу орнының атауы ___________________________
5) жұмыс орны _________________________________________________
6) атқаратын лауазымы __________________________________________
7) жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi
және күнi ____________________________________________
8) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудегі
еңбек өтілі_____________________________________
2. Ғылыми-реставарациялау жұмыстары саласындағы жетекшілік еткен жобалар туралы ақпарат:
1) жобаның атауы _____________________________________________
2) қызметтер мен жұмыстарды көрсетуге арналған шарт _____________
Жетекші __________________________ |
_________________ |
Толтырылған күні: "_" ____ 20_ жыл | Мөр үшін орын |
Бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарна сәйкестікті растайтын мамандандырылғани жабдықтар туралы мәліметтер:
1) мамандандырылған жабдықтардың атауы және моделі ______________
2) саны ________________________________________________________
3) сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты) ________________
4) мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының
нөмірі және жасалған күні _____________________________________________
5) шарт жасалған заңды және (немесе) жеке тұлғаның атауы ___________
Жетекші __________________________ |
_________________ |
Толтырылған күні: "_" ____ 20_ жыл | Мөр үшін орын |
Қазақстан Республикасы | |
Мәдениет және спорт министрі | |
2020 жылғы 19 мамыры | |
№ 132 Бұйрыққа | |
2-қосымша |
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.03.2023 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ р/с | Бiлiктiлiк талаптары мен шарттары | Құжаттар тізбесі |
1 | 2 | 3 |
1. |
Құрамында тиісті мамандық (археология және этнология, тарих) бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе магистр, бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкер болуы. | Осы Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі |
2. |
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың болуы: | Осы Біліктілік талаптарының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі |
3. | Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.03.2023 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. |
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымша |
|
нысан |
Бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестікті растайтын ғылыми қызметкер туралы мәліметтер.
1. Ғылыми қызметкер туралы деректер:
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________
2) ғылыми дәрежесі, мамандығы және біліктілігі ____________________
3) білімі туралы дипломының нөмірі, берілген уақыты _______________
4) дипломды берген оқу орнының атауы ___________________________
5) археология жұмыстары саласындағы еңбек өтілі __________________
6) жұмыс орны _________________________________________________
7) атқаратын лауазымы __________________________________________
8) жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi
және күнi ______________________________________________________
9) еңбек өтілі __________________________________________
2. Археология жұмыстары саласындағы жетекшілік еткен жобалар туралы ақпарат:
1) жобаның атауы ______________________________________________
2) қызметтер мен жұмыстарды көрсетуге арналған шарт _____________
Жетекші ___________________________ |
_________________ |
Толтырылған күні: "_" ____ 20_ жыл | Мөр үшін орын |
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымша |
|
нысан |
Бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарна сәйкестікті растайтын мамандандырылғани жабдықтар туралы мәліметтер:
1) мамандандырылған жабдықтардың атауы және моделі ________________
2) саны __________________________________________________________
3) сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты) __________________
4) мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының нөмірі және
жасалған күні ________________________________________
5) шарт жасалған заңды және (немесе) жеке тұлғаның атауы _____________
Жетекші ____________________ |
_________________ |
Толтырылған күні: "_" ____ 20_ жыл | Мөр үшін орын |