"Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 11-1-4/168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 мамырда № 20755 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13958 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 11-1-4/76 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18706 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 11-1-4/168
бұйрыққа қосымша

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі) 89-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдіктерді есепке алу тәртібін анықтайды.

      2. "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу" көрсетілетін мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және туған жері, төлқұжат нөмірі, кіммен және қашан берлгенін көрсетіп, оларды есепке қою туралы жазбаша өтінішті (еркін нысанда жазылған), сондай-ақ келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты.

      1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны (бұдан әрі - Ковенция) ратификациялаған мемлекеттерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар және Конвенцияны ратификациялаған елдердің азаматтары болып табылатын шетелдіктер үшін осы мемлекеттегі қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратынн органдарының қолдаухатын ұсыну қажет;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi толтырылған есепке алу карточкасы;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда он сегіз жасқа толғанға дейін оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептерді асырап алу агенттіктері немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсыну бойынша өзіне міндеттеме жүктеу туралы нотариалды куәландырылған, сондай-ақ заңдастырылған немесе апостильденген өтініш-келісім.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Осы Қағидалардың 3-тармағында қарастырылған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда немесе осы Қағидалармен қарастырылған талаптардың бұзылуы арқылы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірушілер ретінде есепке қояды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қойылғаны туралы тиісті анықтама береді. Анықтаманың көшірмесі есепке алу карточкасына қоса тіркеледі.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

      6. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      7. Есепке алу карточкалары әліпби тәртібімен "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдар, шетелдiктер" бөлімі бойынша есепке алу үшін қабылданған картотекада сақталады.

      8. Есепке алынған көрсетілетін қызметті алушылар туралы ақпарат жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-күніне дейін (1 шілдеге дейін және 1 қаңтарға дейін) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне, одан әрі есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін (10 шілдеге және 10 қаңтарға дейін) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне беру үшін жіберіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық мемлекеттік органның көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау бойынша уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына тікелей келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.

  Жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап алуға
тілек білдірген,
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын,
Қазақстан Республикасынан тыс
жерде тұрақты тұратын
адамдарды, шетелдiктердi
есепке алу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Бала асырап алу агенттігінің атауы (ресми бланкіде)

      Мекенжай:

      телефон:

      20___ жылғы "____" _____                              № ____________________

  Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесінің атауы

Қолдаухат

      "____" (бала асырап алу агенттігінің атауы, ____ жылғы "____" лицензия нөмірі ______, Қазақстан Республикасында аккредиттеу мерзімі) Қазақстан Республикасының азамат(-тар)ы болып табылатын жетім баланы (-балаларды), ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (-балаларды) асырап алуға тілек білдірген тұлғаны/тұлғаларды консулдық есепке қоюды сұрайды.

      Бұл азамат Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сай келеді (-келмейді).

      Лауазымды адамның қолы                        Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________

  Жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап алуға
тілек білдірген,
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын,
Қазақстан Республикасынан тыс
жерде тұрақты тұратын
адамдарды, шетелдiктердi
есепке алу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

_______________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы)



Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу карточкасы

1.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


2.

Туған күні және жері


3.

Паспорттың нөмірі, кім және қашан берген


4.

Азаматтығы


5.

Тұрғылықты мекенжайы


6.

Білімі


7.

Жұмыс орны


8.

Жұбайының (зайыбының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


9.

Күні және туған жері


10.

Паспорттың нөмірі, кім және қашан берген


11.

Азаматтығы


12.

Тұрғылықты мекенжайы


13.

Білімі


14.

Жұмыс орны


  Қолы _______________________
20__ жылғы "____" __________
  Жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап алуға
тілек білдірген,
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын,
Қазақстан Республикасынан тыс
жерде тұрақты тұратын
адамдарды, шетелдiктердi
есепке алу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесінің атауы)
азамат/ша (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), азаматтығы)
____________________________
мекен жайы және телефон
нөмірі; _____________________

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда он сегіз жасқа толғанға дейін оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептерді асырап алу агенттіктері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсыну бойынша өзіне міндеттеме жүктеу туралы өтініш-келісім

      Мен, ___________________________, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда ол он сегіз жасқа толғанға дейін асырап алу агенттіктері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық ағдайы туралы есептерді ұсынуға міндеттенемін.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырап алынған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың кәмелеттiк жасқа (18 жас) толғанға дейiн Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтайтындығы және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің уәкілетті қызметкері баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайының және денсаулық жағдайының сәйкестiгiн тексеру мақсатында баланы асырап алушыларға кез келген уақытта баруға құқығы бар екендiгi маған белгiлi.

      20___ жылғы "___" ___________                        _______________________

      (өтiнiш берушiнiң қолы)

  Жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап алуға
тілек білдірген,
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын,
Қазақстан Республикасынан тыс
жерде тұрақты тұратын
адамдарды, шетелдiктердi
есепке алу қағидаларына
4-қосымша

"Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға тілек білдірген тұлғалар/тұлға ретінде есепке алынғандығы туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

Жеке тұлғаларға мемлекеттiк қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес, Салық кодексінің 628-бабында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, консулдық алым ставка мөлшері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушімен сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі - қабылдамайтын күн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті брондауға болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету органдарының мекенжайлары, Сыртқы істер министрлігінің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13958 болып тіркелген) бекітілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты.
1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны (бұдан әрі - Ковенция) ратификациялаған мемлекеттерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар және Конвенцияны ратификациялаған шетелдіктер үшін осы мемлекеттегі қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқаратын органдарының қолдаухатын ұсыну қажет;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi толтырылған есепке алу карточкасы;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда он сегіз жасқа толғанға дейін оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептерді асырап алу агенттіктері немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсыну бойынша өзіне міндеттеме жүктеу туралы нотариалды куәландырылған, сондай-ақ заңдастырылған немесе апостильденген өтініш-келісім.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар, оның ішінде электронды түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 7777.

  Жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап алуға
тілек білдірген,
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын,
Қазақстан Республикасынан тыс
жерде тұрақты тұратын
адамдарды, шетелдiктердi
есепке алу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      20__ жылғы "_____" ___________ №_____________

Анықтама

      Осымен _________________________________________________ азаматтары/азаматы

      (елдің атауы)

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толық) ______________________________________

      Туған күні _________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толық) ______________________________________

      Туған күні _________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-аналарының

      қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға тілек білдірген тұлғалар/тұлға ретінде есепке

      алынғандығын растаймыз. Қазақстан Республикасының

      Қазақстан Республикасының

      шетелдегі мекемесі қызметкерінің

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толық)                  қолы

      (мөрге арналған орын)

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 11-1-2/262 "Об утверждении Правил учета лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан"

Приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 27 мая 2020 года № 11-1-4/168. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 мая 2020 года № 20755

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 11-1-2/262 "Об утверждении Правил учета лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13958, опубликован 4 августа 2016 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 3 статьи 89 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      Правила учета лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 22 февраля 2019 года № 11-1-4/76 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Постановка на учет лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18706, опубликован 27 мая 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Департаменту цифровизации Министерства иностранных дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого заместителя министра иностранных дел Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр иностранных дел
Республики Казахстан
М. Тілеуберді

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство образования и науки
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр иностранных дел
Республики Казахстан
от 27 мая 2020 года
№ 11-1-4/168

Правила учета лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Правила учета лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан (далее – Правила), разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 89 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье" (далее – Кодекс "О браке (супружестве) и семье") и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" (далее – Закон "О государственных услугах") и определяют порядок учета граждан Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, и иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан.

      2. Государственная услуга "Постановка на учет лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан" оказывается загранучреждениями Республики Казахстан (далее – услугодатель) гражданам Республики Казахстан, постоянно проживающим за пределами Республики Казахстан, иностранцам, желающим усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан, либо их доверенным лицам (далее – услугополучатель).

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      3. Для получения государственной услуги услугополучатель представляет услугодателю письменное заявление (в произвольной форме) о постановке на учет с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии), даты и места рождения, номера паспорта, кем и когда выдан, а также следующие документы:

      1) ходатайство агентства по усыновлению, аккредитованного Комитетом по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан в соответствии с Кодексом "О браке (супружестве) и семье" по форме согласно приложению 1 к Правилам.

      Для лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих в стране, ратифицировавшей Конвенцию о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам, подписанную в городе Минске 22 января 1993 года (далее – Конвенция), и иностранцев, являющихся гражданами страны, ратифицировавшей Конвенцию, необходимо представить ходатайство органов данной страны, осуществляющих функции по опеке или попечительству;

      2) заполненная учетная карточка лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан, с фотографией по форме согласно приложению 2 к Правилам;

      3) нотариально заверенное, а также легализованное или апостилированное заявление-согласие о взятии на себя обязательств в случае усыновления ребенка-сироты, ребенка, оставшегося без попечения родителей, являющегося гражданином Республики Казахстан, на предоставление через агентства по усыновлению или услугодателя в Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан отчетов об условиях его жизни, обучения, воспитания и состоянии здоровья до достижения восемнадцатилетнего возраста по форме согласно приложению 3 к Правилам.

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги приведен в стандарте государственной услуги "Постановка на учет лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан" согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      В случае предоставления неполного пакета документов, предусмотренных пунктом 3 настоящих Правил, либо предоставления с нарушениями требований, предусмотренных настоящими Правилами, услугодатель отказывает в их принятии.

      4. При представлении услугополучателем полного пакета документов, согласно перечню предусмотренному пунктом 3 настоящих Правил, услугодатель в течение трех рабочих дней со дня приема документов, ставит услугополучателя на учет в качестве желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан, и выдает соответствующую справку о постановке на учет по форме, согласно приложению 5 к настоящим Правилам. Копия справки прикрепляется к учетной карточке.

      5. В оказании государственной услуги отказывается по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям настоящих Правил.

      6. В соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона "О государственных услугах" услугодатель обеспечивает внесение данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги.

      7. Учетные карточки хранятся в алфавитном порядке в картотеке принятых на учет по разделу "Лица, являющиеся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающие за пределами Республики Казахстан, иностранцы, желающие усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики".

      8. Информация об услугополучателях, принятых на учет, один раз в полгода до 1 числа месяца, следующего за отчетным периодом (до 1 июля и до 1 января) направляется в Департамент консульской службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан для дальнейшей передачи в Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан до 10 числа месяца следующего за отчетным периодом (до 10 июля и 10 января).

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) центральных государственных органов, а также услугодателей и (или) их должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг

      9. Жалоба на решения, действия (бездействие) центральных государственных органов и (или) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг может быть подана на имя руководителя центрального государственного органа, услугодателя либо в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, в соответствии с законодательством Республики Казахстан

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес непосредственно оказывающего государственную услугу услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.

      В случае несогласия в соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 4 Закона "О государственных услугах" услугополучатель может обжаловать результаты рассмотрения в судебном порядке.

  Приложение 1
к Правилам учета лиц,
являющихся гражданами
Республики Казахстан,
постоянно проживающих
за пределами Республики
Казахстан, иностранцев,
желающих усыновить детей
сирот, детей, оставшихся
без попечения родителей,
являющихся гражданами
Республики Казахстан
  Форма

Наименование агентства по усыновлению (на официальном бланке)

      Адрес:
телефон:
"___" _______ 20__ года № __________________

  Наименование
загранучреждения
Республики Казахстан

Ходатайство

      "________" (наименование агентства по усыновлению, номер лицензии, от "____"
________ года, дата аккредитации в Республике Казахстан) просит осуществить постановку
на учет лицо/лиц, желающее/желающих усыновить ребенка-сироту (детей-сирот), ребенка
(-детей), оставшегося(-шихся) без попечения родителей, являющегося(-щихся)
гражданином(-ами) Республики Казахстан,
_____________________________________________________________________________.

      Данный(-ые) гражданин(-не) соответствуют всем требованиям законодательства
Республики Казахстан.

      Подпись должностного лица фамилия, имя, отчество (при наличии)
______________________

  Приложение 2
к Правилам учета лиц,
являющихся гражданами
Республики Казахстан,
постоянно проживающих
за пределами Республики
Казахстан, иностранцев,
желающих усыновить детей-
сирот, детей, оставшихся без
попечения родителей,
являющихся гражданами
Республики Казахстан
  Форма

__________________________________________________________________
(наименование загранучреждения Республики Казахстан)

     


Учетная карточка лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан

1.

Фамилия, имя, отчество (при наличии)


2.

Дата и место рождения


3.

Номер паспорта, кем и когда выдан


4.

Гражданство


5.

Адрес местожительства


6.

Образование


7.

Место работы


8.

Фамилия, имя, отчество (при наличии) супруги(-га)


9.

Дата и место рождения


10.

Номер паспорта, кем и когда выдан


11.

Гражданство


12.

Адрес местожительства


13.

Образование


14.

Место работы


  Подпись _____________
"___" _______20__ года
  Приложение 3
к Правилам учета лиц,
являющихся гражданами
Республики Казахстан,
постоянно проживающих
за пределами Республики
Казахстан, иностранцев,
желающих усыновить детей-
сирот, детей, оставшихся без
попечения родителей,
являющихся гражданами
Республики Казахстан
  Форма
  В _________________________
(Наименование
загранучреждения
Республики Казахстан)
от гражданина/ки (фамилия,
имя, отчество (при наличии),
гражданство)
____________________________
адрес и номер телефона:
____________________________

Заявление-согласие о взятии на себя обязательств в случае усыновления ребенка-
сироты, ребенка, оставшегося без попечения родителей, являющегося гражданином
Республики Казахстан, на предоставление через агентства по усыновлению или
загранучреждения Республики Казахстан в Комитет по охране прав детей
Министерства образования и науки Республики Казахстан отчетов об условиях его
жизни, обучения, воспитания и состоянии здоровья до достижения
восемнадцатилетнего возраста

      Я, _______________________________________, в случае усыновления ребенка-
сироты, ребенка, оставшегося без попечения родителей, являющегося гражданином
Республики Казахстан, обязуюсь предоставлять через агентства по усыновлению либо
загранучреждения Республики Казахстан в Комитет по охране прав детей Министерства
образования и науки Республики Казахстан отчеты об условиях его жизни, обучения,
воспитания и состоянии здоровья до достижения им восемнадцатилетнего возраста.

      Мне известно, что в соответствии с законодательством Республики Казахстан,
усыновленный ребенок-сирота, ребенок, оставшийся без попечения родителей, являющийся
гражданином Республики Казахстан, до достижения совершеннолетия (18 лет) сохраняет
гражданство Республики Казахстан и уполномоченный сотрудник загранучреждения
Республики Казахстан в любое время имеет право посетить усыновителя с целью проверки
соответствия условий его жизни, обучения, воспитания и состояния здоровья.

      "___" ___________20__года __________________ (подпись заявителя)

  Приложение 4
к Правилам учета лиц,
являющихся гражданами
Республики Казахстан,
постоянно проживающих
за пределами Республики
Казахстан, иностранцев,
желающих усыновить детей-
сирот, детей, оставшихся
без попечения родителей,
являющихся гражданами
Республики Казахстан

Стандарт государственной услуги
"Постановка на учет лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан"

1

Наименование услугодателя

Загранучреждения Республики Казахстан

2

Способы предоставления государственной услуги

Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется загранучреждениями Республики Казахстан.

3

Срок оказания государственной услуги

3 (три) рабочих дня

4

Форма оказания оказания государственной услуги

Бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

Справка о принятии на учет как лица/лицо желающие/желающее усыновить ребенка-сироту, ребенка, оставшегося без попечения родителей, являющегося гражданином Республики Казахстан либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается физическим лицам на платной основе в соответствии с размерами ставок консульского сбора, в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" (далее – Налоговый Кодекс), за исключением случаев, прямо предусмотренных статьей 628 Налогового кодекса.
Оплата консульского сбора осуществляется в наличной или безналичной форме через банки второго уровня или организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций.

7

График работы

С понедельника по пятницу включительно, с 9:00 до 18:30 часов с перерывом на обед с 13:00 до 14:30 часов, кроме выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года.
Прием документов осуществляется услугодателем с 09:30 до 12:30 часов, а выдача результатов оказания государственной услуги с 16:00 до 17:00 часов. Среда – неприемный день.
Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания, возможно бронирование очереди посредством интернет-ресурса услугодателя.
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан: www.mfa.gov.kz.

8

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

1) ходатайство агентства по усыновлению, аккредитованного Комитетом по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье" по форме согласно приложению 1 к Правилам учета лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан утвержденным приказом исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 11-1-2/262 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13958) (далее – Правила).
Для лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих в стране, ратифицировавшей Конвенцию о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам, подписанную в городе Минске 22 января 1993 года (далее – Конвенция), и иностранцев, являющихся гражданами страны, ратифицировавшей Конвенцию, необходимо представить ходатайство органов данной страны, осуществляющих функции по опеке или попечительству;
2) заполненная учетная карточка лиц, являющихся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан, иностранцев, желающих усыновить детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся гражданами Республики Казахстан, с фотографией по форме согласно приложению 2 к Правилам;
3) нотариально заверенное, а также легализованное или апостилированное заявление-согласие о взятии на себя обязательств в случае усыновления ребенка-сироты, ребенка, оставшегося без попечения родителей, являющегося гражданином Республики Казахстан, на предоставление через агентства по усыновлению или услугодателя в Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан отчетов об условиях его жизни, обучения, воспитания и состоянии здоровья до достижения восемнадцатилетнего возраста по форме согласно приложению 3 к Правилам.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям Правил.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов услугополучателем – 30 (тридцать) минут.
Максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 20 (двадцать) минут.
Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на интернет-ресурсе www.mfa.gov.kz раздел "Государственные услуги", Единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 7777.

  Приложение 5
к Правилам учета лиц,
являющихся гражданами
Республики Казахстан,
постоянно проживающих
за пределами Республики
Казахстан, иностранцев,
желающих усыновить детей-
сирот, детей, оставшихся
без попечения родителей,
являющихся гражданами
Республики Казахстан
  Форма

      "___" ______ 20___ года № ______________

Справка

      Настоящим подтверждаем, что граждане/гражданин __________________________
(название страны)
Фамилия, имя, отчество (при наличии) (полностью) ___________________________
Дата рождения __________________________________________________________
Фамилия, имя, отчество (при наличии) (полностью) ___________________________
Дата рождения __________________________________________________________
приняты на учет как лица/лицо желающие/желающее усыновить ребенка-сироту,
ребенка, оставшегося без попечения родителей, являющегося гражданином
Республики Казахстан.
Фамилия, имя, отчество (при наличии) сотрудника загранучреждения Республики
Казахстан подпись (место для печати)