Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысының 2020 жылғы 22 мамырдағы № 20-01-38.20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 маусымдағы № 20805 болып тіркелді.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      2. Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасы

      Президенті Әкімшілігі Басшысы

      Е.Қошанов

  Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігі
Басшысының
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 20-01-38.20 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Еңбек кодексі) 139-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі - ведомстволық бағынысты ұйымдар) азаматтық қызметшілерін (бұдан әрі - азаматтық қызметшілер) аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Бөлім - ведомстволық бағынысты ұйымның қызметін үйлестіретін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі;

      2) басшы - Президент Кеңсесі бастығының бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты ұйымының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес А блогының (басқарушы персонал) лауазымын атқаратын адам;

      3) маман - Президент Кеңсесі бастығының бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты ұйымының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес В (негізгі персонал) және С (әкімшілік персонал) блогының лауазымын атқаратын адам.

      3. Азаматтық қызметшілерді аттестаттау кәсіптік және біліктілік даярлығының, іскерлік қасиеттерінің деңгейін айқындау, біліктілік санаттарын және атқаратын лауазымдарға сәйкестігін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.

      4. Аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемшарты мамандардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.

      5. Аттестаттау кезеңдерін өткізу мерзімдері көзделетін ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін аттестаттау өткізудің жалпы кестесін (бұдан әрі - жалпы кесте) ведомстволық бағынысты ұйым әзірлейді және бекіту үшін Бөлімге енгізеді.

      6. Азаматтық қызметшілер атқаратын лауазымдарының санаттарына байланысты аттестаттаудан тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссияларында өтеді:

      бірінші деңгей - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы аттестаттау комиссиялары;

      екінші деңгей - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының жанынан құрылған аттестаттау комиссиялары.

      Басшылар аттестаттаудан лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы бекітетін бірінші деңгейдегі аттестаттау комиссияларында өтеді.

      Аттестаттау комиссиялары Бөлім меңгерушісінен, Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты, Жалпы бөлім меңгерушілері немесе орынбасарларынан, Президент Кеңсесі бастығының орынбасары - бас бухгалтерден және басқа да лауазымды тұлғалардан құрылады.

      Тиісті бөлім меңгерушілері бірінші деңгейдегі аттестаттау комиссияларының төрағалары болып табылады.

      Мамандар аттестаттаудан екінші деңгейдегі аттестаттау комиссияларында өтеді.

      Екінші деңгейдегі аттестаттау комиссияларының лауазымдық құрамы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бекітіледі.

      7. Аттестаттаудың міндеттері:

      1) ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметі саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз ету;

      2) азаматтық қызметшілердің өздерінің қызметтік жұмысына байланысты міндеттерді іске асыруға жеке басының-кәсіби дайындығын арттыру;

      3) азаматтық қызметшіні қызметтік жұмысы шеңберінде үздіксіз білім алуға ынталандыру болып табылады.

      8. Азаматтық қызметшiлер азаматтық қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн, аттестаттаудан өтедi.

      Аттестаттау аталған мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізіледі

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша қатарынан алты айдан көп уақыт азаматтық қызметте болмаған азаматтық қызметшілер қызметке шыққаннан соң алты айдан кейін аттестатталады.

      Мыналарды:

      1) жалақысы сақталмайтын демалыстағы немесе оқу демалысындағы адамдарды;

      2) жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстағы әйелдерді қоспағанда, барлық азаматтық қызметшілер аттестаттаудан өтуге жатады.

      9. Аттестаттау мынадай бірқатар сабақтас кезеңдерді қамтиды:

      1) аттестаттауды өткізуге дайындық;

      2) тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссияларында әңгімелесуден өту;

      3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

2-тарау. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру

      10. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ведомстволық бағынысты ұйымның кадр қызметі (бұдан әрі - кадр қызметі) ұйымдастырады және мынадай іс-шараларды қамтиды:

      1) аттестатталушы азаматтық қызметшілерге қажетті құжаттарды дайындау (аттестаттау парағы, бағалау парағы және әңгімелесуге сұрақтар);

      2) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;

      3) түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде аттестаттауды өткізудің тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

      Басшыларға әңгімелесуге сұрақтар дайындауды Бөлім жүзеге асырады.

      11. Кадр қызметі:

      1) аттестаттауға жататын азаматтық қызметшілерді айқындайды және осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес аттестатталуға жататын адамдар туралы Бөлімді хабардар етеді;

      2) аттестатталатын адамдардың тізімін мынадай қажетті мәліметтерді: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні, білімі, мамандығы, аттестаттау кезіндегі атқаратын лауазымын көрсете отырып дайындайды. Жеке мәліметтер Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады;

      3) аттестаттау өткізу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      4) аттестатталатын азаматтық қызметшілердің әңгімелесуге уақтылы келуін қамтамасыз етеді.

      12. Ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы кадр қызметінің ұсынуымен аттестатталатын азаматтық қызметшілердің тізімін және аттестаттау комиссиясының құрамын бекітеді.

      13. Кадр қызметі аттестаттауды өткізу мерзімі туралы оны өткізудің басталуына дейін кем дегенде бір айдан кешіктірмей, азаматтық қызметшілерді жазбаша хабардар етеді.

      14. Кадр қызметі азаматтық қызметшіге тікелей басшысынан қызметтік мінездеме сұратады. Аттестатталуға жататын адамның тікелей басшысы қызметтік мінездеме дайындап, оны аттестаттаудан өткізу басталғанға дейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей кадр қызметіне жолдайды.

      15. Қызметтік мінездеме аттестатталушы азаматтық қызметшінің кәсіби, іскерлік және жеке басы қасиеттерінің, сондай-ақ қызметтік жұмысы нәтижелерінің жан-жақты әрі шынайы бағасын қамтиды.

      16. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін 7 күнтізбелік күн мерзімнен кешіктірмей азаматтық қызметшіні оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.

      17. Аттестатталушы өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспейтінін мәлімдеуге және аттестаттау комиссиясының отырысы барысында талқылануы тиіс балама ақпаратты кадр қызметіне жібере алады.

      18. Аттестатталушы азаматтық қызметшіге кадр қызметі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда аттестаттау парағын ресімдейді.

      19. Кадр қызметі жиналған материалдарды аттестаттау комиссиясына ұсынады. Материалдарға аттестатталушы азаматтық қызметшіге қатысты қосымша құжаттар (ақпарат, мәліметтер) қоса берілуі мүмкін.

      20. Аттестаттау комиссиясының төрағасы аттестаттау комиссиясының қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның қызметі мен қабылдайтын шешімдеріне жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда, оның өкілеттіктері аттестаттау комиссиясы мүшелерінің біріне жүктеледі.

      21. Аттестаттау комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

      22. Аттестаттау комиссиясының отырысы, оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      23. Аттестаттау комиссиясының мүшелері ерекше пікір білдіре алады, оны білдірген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалады және хаттамаға қоса беріледі.

3-тарау. Аттестаттауды өткізу

      24. Азаматтық қызметшілерді аттестаттау жиналған және кадр қызметі ұсынған материалдардың негізінде жүзеге асырылады.

      25. Әңгімелесудің нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы "1" - ден "5" - ке дейінгі баға қояды.

      26. Аттестатталушы дәлелді себептермен комиссия отырысына келмеген жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия айқындайтын неғұрлым кейінгі мерзімге ауыстырылады.

      Дәлелді себептер мыналар болып табылады:

      1) ұзақ мерзімді іссапарда болуы немесе науқастануы салдарынан жұмыста болмауы;

      2) жалақысы сақталмайтын не кезекті еңбек демалысында, кәсіптік даярлауда, қайта даярлауда және біліктілігін арттыруда болуы.

      Азаматтық қызметші аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, аттестаттау комиссиясы аттестатталушы адамды қайта аттестаттаудан өткізуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

      Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себептермен екі рет келмеген азаматтық қызметші жұмыстан босатуға ұсынылады.

      27. Аттестаттау комиссиясы отырыс барысында ұсынылған материалдарды зерделейді, азаматтық қызметшімен әңгімелесу өткізеді.

      Әңгімелесу кезінде аттестатталушы азаматтық қызметшіге қойылатын сұрақтар оның атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкестігін анықтауға, іскерлік және жеке басы қасиеттерінің деңгейін айқындауға бағытталады.

      Аттестаттау комиссиясының отырысында сонымен қатар азаматтық қызметшінің атқарған жұмысы туралы қысқаша есеп тыңдалады.

      Аттестатталатын қызметшілер аттестаттау комиссиясының отырысында өздерінің кәсіби қызметін растайтын материалдарды ұсына алады.

      28. Ұсынылған материалдарды зерделеу және аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесінің азаматтық қызметшімен әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес аттестатталатын азаматтық қызметшіге бағалау парағы толтырылады, одан кейін аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      4-5 балл - атқаратын лауазымына сәйкес келеді (кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген);

      2-3 балл - қайта аттестаттауға жатады (кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жеткіліксіз меңгерген);

      1 балл - атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (кандидат сұраққа жауап ұсынбады).

      29. Қайта аттестаттау осы Қағидаларда айқындалған тәртіпте бастапқы аттестация өткен күннен кейін үш айдан соң өткізіледі.

      Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауды өткізе отырып, мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

      30. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен, аттестатталатын қызметшінің қатысуынсыз қабылданады.

      Дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Аттестаттау комиссиясының құрамына кіретін аттестатталуға жататын азаматтық қызметшілер жалпы негіздер бойынша аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте олар өз кандидатурасына дауыс беруге қатыса алмайды.

      31. Қабылданған шешім аттестаттау комиссиясының отырысы болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хаттама түрінде ресімделіп, оған аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      32. Әңгімелесу барысы дыбыс немесе бейнежазба құралдарын қолдану арқылы тіркеледі.

      33. Аттестаттау комиссиясының азаматтық қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешімді қабылдауы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес онымен еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылады.

      34. Аттестаттау комиссиясының шешімі азаматтық қызметшінің аттестаттау парағына енгізіледі, онымен кадр қызметі таныстырады.

      Азаматтық қызметші аттестаттау парағымен танысудан бас тартқан жағдайда, танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акті жасалады.

      35. Азаматтық қызметшінің аттестаттау парағы, оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады.

      Аттестаттау комиссиясының отырысын өткізудің дыбыс немесе бейнежазбасы кадр қызметінде бір жыл сақталады.

4-тарау. Аттестаттау комиссиясының шешімдеріне шағымдану

      36. Азаматтық қызметшілер аттестаттау комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

      37. Осы Қағидалардың талаптарын бұзушылық анықталған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы бірінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясының шешімін жояды және қайта аттестаттауды тағайындайды.

      38. Осы Қағидалардың талаптарын бұзушылық анықталған жағдайларда, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясының шешімін жояды және қайта аттестаттауды тағайындайды.

      39. Қайта аттестаттау осы Қағидалардың 27-29-тармақтарына сәйкес өткізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің
ведомстволық бағынысты
мемлекеттік мекемелерінің
азаматтық қызметшілерін
аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
1-ҚОСЫМША
  Нысан

Аттестаттау парағы

      Аттестаттау түрі:


- кезекті;

- қайталама;

      (керектісін Х белгісімен белгілеу)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      2. Туған күні "____" _______________ ______ ж.

      3. Білімі туралы, біліктілігін арттыру (соңғы 3 жылда), қайта даярлау (қашан және

      қандай оқу орнын тәмамдаған, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі, біліктілігін

      арттыру, қайта даярлау туралы құжаттар) туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда), олардың берілу күні

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күні

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      6. Жалпы еңбек өтілі - _______________________________________________________

      7. Азаматтық қызметші лауазымдарындағы жұмыс өтілі - _________________________

      8. Соңғы үш жылдағы тәртіптік және әкімшілік жазалары

      ________________________________________________________________________________

      9. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертулері мен ұсыныстары:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      10. Аттестатталушының қызметтік мінездемесіне сәйкес азаматтық қызметшінің

      қызметін тікелей басшысының бағалауы:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      11. Отырысқа аттестаттау комиссиясының __________ мүшесі қатысты.

      12. Аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі толтыратын, қоса берілетін бағалау

      парағына сәйкес, дауыс беру нәтижелері бойынша азаматтық қызметшінің қызметін бағалау:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) ____;

      2) қайта аттестаттауға жатады (дауыс саны) _______;*

      3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) ____.

      13. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (негіздемелерімен қоса)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      14. Ескертпелер ____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ________________________________________

      (қойылған қолы, қойылған қолдың толық жазылуы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы:_________________________________________

      (қойылған қолы, қойылған қолдың толық жазылуы)

      Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ________________________________________

      (қойылған қолы, қойылған қолдың толық жазылуы)

      ____________________________________________

      (қойылған қолы, қойылған қолдың толық жазылуы)

      ____________________________________________

      (қойылған қолы, қойылған қолдың толық жазылуы)

      ____________________________________________

      (қойылған қолы, қойылған қолдың толық жазылуы)

      Аттестаттаудың өткізілген күні "____" ______________ 20___ ж.

      Аттестаттау қорытындысы бойынша комиссияның шешімі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Аттестаттау парағымен таныстым: ____________________________________________

      (азаматтық қызметшінің қойылған қолы, қойылған қолдың толық жазылуы, күні)

      Ұйымның М.О.

      Ескертпе: * қайта аттестаттаудан өту кезінде шығарылмайды

  Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің
ведомстволық бағынысты
мемлекеттік мекемелерінің
азаматтық қызметшілерін
аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
2-ҚОСЫМША
  Нысан

Аттестаттауға жататын азаматтық қызметшіні бағалау парағы (аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)

      Аттестаттау түрі: кезекті - |____|; қайталама - |____|

      (керектісін Х белгісімен белгілеу)

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _______________________________________________________

      Лауазымы_______________________________________________________________________

      Аттестатталушыны бағалау ________________________________________________________

      ("1" - ден "5" - ке дейін)

      Аттестаттау комиссиясы мүшесінің шешімі (аталғандардың бірі: атқаратын лауазымына

      сәйкес келеді, қайта аттестаттауға жатады*; атқаратын лауазымына сәйкес келмейді):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясы мүшесінің өз шешіміне негіздемесі:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының мүшесі ________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қойылған қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы _______________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қойылған қолы)

      Күні "___" ____________ 20__ жыл

      * қайта аттестаттаудан өту кезінде шығарылмайды

  Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің
ведомстволық бағынысты
мемлекеттік мекемелерінің
азаматтық қызметшілерін
аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
3-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің аттестаттау комиссиясының ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, аттестаттау комиссиясының төрағасы

      Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің қызметін үйлестіретін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері, аттестаттау комиссиясының мүшесі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, аттестаттау комиссиясының мүшесі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемесінің кадр қызметінің басшысы, аттестаттау комиссиясының мүшесі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері, аттестаттау комиссиясының мүшесі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемесі кадр қызметінің қызметкері, аттестаттау комиссиясының хатшысы

Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих подведомственных государственных учреждений Администрации Президента Республики Казахстан

Приказ Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 20-01-38.20. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июня 2020 года № 20805.

      В соответствии с пунктом 7 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и условия проведения аттестации гражданских служащих подведомственных государственных учреждений Администрации Президента Республики Казахстан.

      2. Отделу государственной службы и кадровой политики в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на начальника Канцелярии Президента Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Е.Кошанов

  УТВЕРЖДЕНЫ
приказом Руководителя
Администрации Президента
Республики Казахстан
от 22 мая 2020 года
№ 20-01-38.20

Правила и условия проведения аттестации гражданских служащих подведомственных государственных учреждений Администрации Президента Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и условия проведения аттестации гражданских служащих подведомственных государственных учреждений Администрации Президента Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 7 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года (далее – Трудовой кодекс) и определяют порядок и условия проведения аттестации гражданских служащих подведомственных государственных учреждений (далее – подведомственные организации) Администрации Президента Республики Казахстан (далее – гражданские служащие).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) Отдел – структурное подразделение Администрации Президента Республики Казахстан, координирующее деятельность подведомственной организации;

      2) руководитель – лицо, занимающее должность блока А (управленческий персонал) согласно Реестру должностей гражданских служащих подведомственных организаций Администрации Президента Республики Казахстан, утвержденному приказом начальника Канцелярии Президента;

      3) специалист – лицо, занимающее должность блоков В (основной персонал) либо С (административный персонал) согласно Реестру должностей гражданских служащих подведомственных организаций Администрации Президента Республики Казахстан, утвержденному приказом начальника Канцелярии Президента.

      3. Аттестация гражданских служащих осуществляется в целях определения уровня профессиональной и квалификационной подготовки, деловых качеств, установления квалификационных категорий и соответствия занимаемым должностям.

      4. Основным критерием оценки при аттестации является способность специалистов выполнять возложенные на них обязанности.

      5. Разработка общего графика проведения аттестации для подведомственных организаций, предусматривающего сроки проведения этапов аттестации (далее – общий график), осуществляется подведомственной организацией и вносится на утверждение Отделу.

      6. В зависимости от занимаемой должности гражданские служащие проходят аттестацию в аттестационных комиссиях соответствующего уровня:

      первый уровень – аттестационные комиссии, образованные при Администрации Президента Республики Казахстан;

      второй уровень – аттестационные комиссии, образованные при подведомственных организациях Администрации Президента Республики Казахстан.

      Руководители проходят аттестацию в аттестационных комиссиях первого уровня, состав которых утверждается начальником Канцелярии Президента Республики Казахстан.

      Аттестационные комиссии первого уровня состоят из заведующего Отделом, заведующих Отделом государственной службы и кадровой политики, Общим отделом или их заместителей, заместителя начальника Канцелярии Президента – главного бухгалтера и других должностных лиц.

      Председателями аттестационных комиссии первого уровня являются заведующие соответствующими отделами.

      Специалисты проходят аттестацию в аттестационных комиссиях второго уровня.

      Должностной состав аттестационных комиссии второго уровня утверждается согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      7. Задачами аттестации являются:

      1) обеспечение качества кадрового состава гражданской службы в сфере деятельности подведомственных организаций;

      2) повышение личностно-профессиональной готовности гражданских служащих к реализации задач, связанных с их служебной деятельностью;

      3) стимулирование к непрерывному образованию гражданского служащего в рамках служебной деятельности.

      8. Гражданские служащие проходят аттестацию по истечении каждых последующих трех лет пребывания на гражданской службе, но не ранее шести месяцев со дня занятия должности.

      Аттестация проводится не позднее шести месяцев со дня наступления указанного срока.

      Гражданские служащие, отсутствовавшие на гражданской службе более шести месяцев подряд по основаниям, предусмотренным законодательством Республики Казахстан, аттестуются не ранее чем через шесть месяцев после выхода на службу.

      Аттестации подлежат все гражданские служащие, за исключением:

      1) лиц, находящихся в отпуске без сохранения заработной платы или учебном отпуске;

      2) женщин, находящихся в отпуске в связи с беременностью и рождением ребенка (детей), усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей) либо отпуске без сохранения заработной платы по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет.

      9. Аттестация включает в себя ряд последовательных этапов:

      1) подготовка к проведению аттестации;

      2) собеседование в аттестационных комиссиях соответствующего уровня;

      3) вынесение решения аттестационной комиссии.

Глава 2. Организация подготовки к проведению аттестации

      10. Подготовка к проведению аттестации организуется кадровой службой подведомственной организации (далее – кадровая служба) и включает следующие мероприятия:

      1) подготовка необходимых документов на аттестуемых гражданских служащих (аттестационные листы, оценочные листы и вопросы к собеседованию);

      2) определение состава аттестационных комиссий;

      3) проведение разъяснительной работы, в том числе о порядке проведения аттестации.

      Подготовка вопросов к собеседованию руководителей осуществляется Отделом.

      11. Кадровая служба:

      1) определяет гражданских служащих, подлежащих аттестации, и уведомляет Отдел о лицах, подлежащих аттестации в соответствии с пунктом 9 настоящих Правил;

      2) подготавливает списки аттестуемых лиц с отражением следующих необходимых сведений: фамилия, имя, отчество (при наличии), индивидуальный идентификационный номер, дата рождения, образование, специальность, занимаемая должность на момент проведения аттестации. Личные данные заполняются в соответствии с документом, удостоверяющим личность гражданина Республики Казахстан;

      3) обеспечивает организацию разъяснительной работы о порядке проведения аттестации;

      4) обеспечивает своевременную явку аттестуемых гражданских служащих на собеседование.

      12. Руководитель подведомственной организаций по представлению кадровой службы утверждает список аттестуемых гражданских служащих и состав аттестационной комиссии.

      13. Кадровая служба письменно уведомляет гражданских служащих о сроках проведения аттестации не позднее месяца до ее начала.

      14. Кадровая служба запрашивает у непосредственного руководителя служебную характеристику на гражданского служащего. Непосредственный руководитель аттестуемого лица, подлежащего аттестации, подготавливает служебную характеристику и направляет ее в кадровую службу не позднее чем за 15 календарных дней до начала проведения аттестации.

      15. Служебная характеристика содержит всестороннюю и объективную оценку профессиональных, деловых и личностных качеств, а также результаты служебной деятельности аттестуемого гражданского служащего.

      16. Кадровая служба ознакомляет гражданского служащего с представленной на него служебной характеристикой в срок не позднее 7 календарных дней до заседания аттестационной комиссии.

      17. Аттестуемый может заявить о своем несогласии с представленной на него служебной характеристикой и направить в кадровую службу альтернативную информацию, подлежащую обсуждению в ходе заседания аттестационной комиссии.

      18. На аттестуемого гражданского служащего кадровой службой оформляется аттестационный лист по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      19. Кадровая служба представляет собранные материалы аттестационной комиссии. К материалам могут быть приложены дополнительные документы (информация, сведения) на аттестуемого гражданского служащего.

      20. Председатель аттестационной комиссии председательствует на заседаниях, планирует работу, осуществляет общий контроль за деятельностью аттестационной комиссии и исполнением принимаемых ею решений.

      В случае отсутствия председателя аттестационной комиссии его полномочия возлагаются на одного из членов аттестационной комиссии.

      21. Секретарь аттестационной комиссии осуществляет организационное обеспечение ее работы и не принимает участие в голосовании.

      22. Заседание аттестационной комиссии считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.

      23. Члены аттестационной комиссии могут выражать особое мнение, которое, в случае его наличия, излагается в письменном виде и прилагается к протоколу.

Глава 3. Проведение аттестации

      24. Аттестация гражданских служащих осуществляется на основе собранных и представленных кадровой службой материалов.

      25. По результатам собеседования аттестационной комиссией выставляются оценки: от "1" до "5".

      26. В случае неявки аттестуемого на заседание аттестационной комиссии по уважительной причине рассмотрение вопроса его аттестации переносится на более поздний срок, определяемой комиссией.

      Уважительной причиной является:

      1) длительная командировка или отсутствие на работе вследствие заболевания;

      2) нахождение в отпуске без сохранения заработной платы либо в очередном трудовом отпуске, на профессиональной подготовке, переподготовке и повышении квалификации.

      В случае неявки гражданского служащего на заседание аттестационной комиссии без уважительной причины аттестационная комиссия принимает решение о направлении аттестуемого лица на повторную аттестацию.

      Гражданский служащий, дважды не явившийся на заседание аттестационной комиссии без уважительной причины, рекомендуются к увольнению.

      27. В ходе заседания аттестационная комиссия изучает представленные материалы, проводит собеседование с гражданским служащим.

      Вопросы, задаваемые аттестуемому гражданскому служащему при собеседовании, направлены на выявление соответствия его занимаемой должности или выполняемой работе, определение уровня деловых и личностных качеств.

      На заседании аттестационной комиссии также заслушивается краткий отчет о деятельности работы гражданского служащего.

      Аттестуемые служащие на заседании аттестационной комиссии могут предоставлять материалы, подтверждающие их профессиональную деятельность.

      28. По результатам изучения представленных материалов и собеседования с гражданским служащим каждым членом аттестационной комиссии заполняется оценочный лист на аттестуемого гражданского служащего согласно приложению 2 к настоящим Правилам, после чего аттестационная комиссия принимает одно из следующих решений:

      4-5 баллов – соответствует занимаемой должности (кандидат полностью владеет темой заданного вопроса);

      2-3 балла – подлежит повторной аттестации (кандидат недостаточно владеет темой заданного вопроса);

      1 балл – не соответствует занимаемой должности (кандидат не представил ответ).

      29. Повторная аттестация проводится через три месяца со дня проведения первоначальной аттестации в порядке, определенном настоящими Правилами.

      Аттестационная комиссия, проведя повторную аттестацию, принимает одно из следующих решений:

      1) соответствует занимаемой должности;

      2) не соответствует занимаемой должности.

      30. Решение аттестационной комиссии принимается простым большинством голосов от общего количества присутствовавших на заседании членов аттестационной комиссии в отсутствие аттестуемого гражданского служащего.

      В случае равенства голосов голос председателя аттестационной комиссии является решающим.

      Гражданские служащие, входящие в состав аттестационной комиссии, подлежащие аттестации, проходят аттестацию на общих основаниях. При этом они не могут участвовать в голосовании по собственной кандидатуре.

      31. Решение оформляется в виде протокола в течение трех рабочих дней со дня заседания аттестационной комиссии и подписывается председателем, членами и секретарем аттестационной комиссии.

      32. Ход собеседования фиксируется с использованием средств аудио- или видеозаписи.

      33. Принятие аттестационной комиссией решения о несоответствии гражданского служащего занимаемой должности является основанием для расторжения с ним трудового договора согласно подпункту 4) пункта 1 статьи 52 Трудового кодекса.

      34. Решение аттестационной комиссии заносится в аттестационный лист гражданского служащего, с которым он ознакомляется кадровой службой.

      При отказе гражданского служащего от ознакомления с аттестационным листом составляется акт об отказе от ознакомления в произвольной форме.

      35. Аттестационный лист гражданского служащего, служебная характеристика на него хранятся в личном деле.

      Аудио- или видеозапись проведения заседания аттестационной комиссии хранится один год в кадровой службе.

Глава 4. Обжалование решений аттестационной комиссии

      36. Гражданские служащие могут обжаловать решение аттестационной комиссии в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      37. В случаях обнаружения нарушений настоящих Правил начальник Канцелярии Президента Республики Казахстан отменяет решения аттестационной комиссии первого уровня и назначает повторную аттестацию.

      38. В случаях обнаружения нарушений настоящих Правил руководитель подведомственной организации отменяет решения аттестационной комиссии второго уровня и назначает повторную аттестацию.

      39. Повторная аттестация проводится в соответствии с пунктами 27-29 настоящих Правил.

      __________________

  ПРИЛОЖЕНИЕ 1
к Правилам и условиям
  проведения аттестации
гражданских служащих
подведомственных
государственных учреждений
Администрации Президента
Республики Казахстан
  Форма

Аттестационный лист

      Вид аттестации:

     

- очередная;

     

- повторная

      (нужное отметить знаком Х)

      1. Фамилия, имя, отчество (при его наличии)
_______________________________________________________________________________
2. Дата рождения "____" _______________ ___ г.
3. Сведения об образовании, о повышении квалификации (за последние 3 года),
переподготовке (когда и какое учебное заведение окончил, специальность и квалификация
по образованию, документы о повышении квалификации, переподготовке)
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________

      4. Ученая степень, ученое звание (при наличии), дата их присвоения
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
5. Занимаемая должность и дата назначения
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
6. Общий трудовой стаж - ________________________________________________________
7. Стаж работы на должностях гражданского служащего - _____________________________
8. Дисциплинарные и административные взыскания за последние три года -
_______________________________________________________________________________
9. Замечания и предложения, высказанные членами аттестационной комиссии:
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
10. Оценка деятельности гражданского служащего непосредственным руководителем
согласно служебной характеристике аттестуемого:
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
11. На заседании присутствовало __________ членов аттестационной комиссии.
12. Оценка деятельности гражданского служащего по результатам голосования
согласно прилагаемому оценочному листу, заполняемому каждым членом
аттестационной комиссии:
1) соответствует занимаемой должности (количество голосов) ________;
2) подлежит повторной аттестации (количество голосов) ____________;*
3) не соответствует занимаемой должности (количество голосов)
_____________________________________________________________
13. Рекомендации аттестационной комиссии (с обоснованиями)
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
14. Примечания ________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Председатель аттестационной комиссии: __________________________________________
(подпись, расшифровка подписи)

      Секретарь аттестационной комиссии: _____________________________________________
(подпись, расшифровка подписи)

      Члены аттестационной комиссии: ___________________________________________
(подпись, расшифровка подписи)
_______________________________ (подпись, расшифровка подписи)
___________________________________________ (подпись, расшифровка подписи)
___________________________________________ (подпись, расшифровка подписи)

      Дата проведения аттестации "____" ______________ 20___ г.

      Решение комиссии по итогам аттестации
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________

      С аттестационным листом ознакомился(ась): ______________________________________
(подпись гражданского служащего, расшифровка подписи, дата)

      М.П. учреждения

      Примечание: * при проведении повторной аттестации не выставляется
________________

  ПРИЛОЖЕНИЕ 2
к Правилам и условиям
проведения аттестации
гражданских служащих
подведомственных
государственных учреждений
Администрации Президента
Республики Казахстан
  Форма

Оценочный лист на гражданского служащего,
подлежащего аттестации (заполняется членом аттестационной комиссии)

      Вид аттестации: очередная - |____|; повторная - |____| (нужное отметить знаком Х)

      Ф.И.О. (при его наличии) _________________________________________________
Должность ___________________________________________________________________
Оценка аттестуемого _____________________________________________ (от "1" до "5")
Решение члена аттестационной комиссии (одно из перечисленных: соответствует
занимаемой должности; подлежит повторной аттестации*; не соответствует занимаемой
должности): __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Обоснование членом аттестационной комиссии своего решения:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

      Член аттестационной комиссии __________________________________________________
(Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

      Секретарь аттестационной комиссии ______________________________________________
(Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

      Дата "___" ____________ 20__ года* при проведении повторной аттестации не вносится

________________

  ПРИЛОЖЕНИЕ 3
к Правилам и условиям
проведения аттестации
гражданских служащих
подведомственных
государственных учреждений
Администрации Президента
Республики Казахстан

ДОЛЖНОСТНОЙ СОСТАВ
аттестационной комиссии подведомственных государственных
учреждений Администрации Президента Республики Казахстан

      Заместитель директора подведомственной организации Администрации Президента Республики Казахстан, председатель аттестационной комиссии

      сотрудник структурного подразделения Администрации Президента Республики Казахстан, координирующего деятельность подведомственной организации, член аттестационной комиссии

      руководитель структурного подразделения подведомственной организации Администрации Президента Республики Казахстан, член аттестационной комиссии

      руководитель кадровой службы подведомственной организации Администрации Президента Республики Казахстан, член аттестационной комиссии

      главный бухгалтер подведомственной организации Администрации Президента Республики Казахстан, член аттестационной комиссии

      сотрудник кадровой службы подведомственной организации Администрации Президента Республики Казахстан, секретарь комиссии

________________