2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"171. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 431 "Жаңа объектілер салу және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау" ерекшелiгi бойынша:
1) мердiгерлiк ұйым төлеу сомасына жабдықты жеткiзу бойынша шарттық мiндеттемелердi уақтылы орындауға екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн берген жағдайда инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде дайындаудың технологиялық мерзiмi бiр жылдан асатын күрделi энергетикалық жабдықтар құнының;
2) әскери мақсаттағы жаңа объектілерді салуға және қолданыстағы бар объектілерді реконструкциялауға жұмсалатын шығындарға ақы төлеу үшін;
3) мердiгерлiк ұйым төлеу сомасына жабдықты жеткiзу бойынша шарттық мiндеттемелердi уақтылы орындауға екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн немесе азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын ұсынған жағдайда инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын медициналық жабдықтар мен медициналық техниканың құнының 50 пайыздан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға рұқсат етiледi.
Әскери мақсаттағы заттар мен материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеуге бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 149 "Өзге қорларды сатып алу" маманданымы бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Әскери мақсаттағы көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 413 "Көлік құралдарын сатып алу" маманданымы бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеуге бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 414 "Машиналар, жабдықтар, құралдар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарын сатып алу" маманданымы бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.";
84-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (Ерназарова З.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Мерзімді міндеттемелердің егжей-тегжейі
Кезеңі:________________________________
Өлшем бірлігі: _________________________
Қоры:_________________________________
Орналасқан жері:________________________
Мемлекеттік мекеме:_____________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі / Кіші
бағдарлама:____________________________
Ерекшелiк:_____________________________
Күні | өтінім № | Шарттың /қосымша келісімнің нөмірі мен күні | Ақша алушының ЖСН (БСН) | Ақша алушының атауы | Хабарлама № | Тағайындау | Міндеттеме сомасы | Төлеуге берілетін шоттың № | Төлем күні | Орындалған міндеттемелер бойынша төлем | Міндеттеменің қалдығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Жиыны: |
Жауапты орындаушы _________________
(қолы)
Мөрдің орны
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрі;
БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi