Ескерту. Күші жойылды - ҚРМемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.03.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 226 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19804 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:
"
28 | ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түскен мемлекеттік қызметшілер туралы статистикалық деректер | жыл сайын | 30 қыркүйекке дейін | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР Президентінің жанындағы МБА, ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті |
"; |
Аббревиатуралардың толық жазылуында:
орыс тіліндегі "ҚР МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;" жолға өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
"ҚР МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ҚР Президенті жанындағы МБА – "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;".
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты одан әрі орындау үшін Агенттіктің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын онымен таныстыруды;
3) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы |
А. Жаилғанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі