БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарда:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) монополияға қарсы органды нақты уақыт режимінде тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне қашықтан кіру арқылы қамтамасыз етуі тиіс.";
14-тармақтың 4) және 5) тармақшақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қашықтан қол жеткізу режимінде жұмыс істеген кезде биржа сауда-саттыққа қашықтағы қатысушыларды және монополияға қарсы органның лауазымды адамдарын қосу үшін порттардың қажетті санын қамтамасыз етеді;
5) тауар биржасының уәкілетті органы (Директорлар кеңесі немесе Басқармасы) тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне қосылған және онда сауда-саттыққа қатысушылар мен монополияға қарсы органның лауазымды адамдары қашықтықтан қол жеткізу режимінде жұмыс істеген кезде шарттарды, талаптар мен техникалық сипаттамаларды айқындайтын нормативтік құжатты бекітеді;".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі