"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 42 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 шiлдеде № 20981 болып тіркелді. Бұйрық 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 31.12.2020 дейін (осы бұйрықтың 4 т. қараңыз)

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16458 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесінде 9) тармақшадағы "тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады." деген сөздер "тұлға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) коммерциялық емес ұйымдардан қайырымдылық көмек алатын тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады және 2020 жылғы 15 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 42 "Об утверждении Перечня категорий физических лиц, имеющих право на социальную поддержку в соответствии с законодательством Республики Казахстан"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 июля 2020 года № 57. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 июля 2020 года № 20981. Срок действия приказа - до 31.12.2020 года

      Примечание ИЗПИ!
      Срок действия приказа - до 31.12.2020 (п.4 приказа).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 42 "Об утверждении Перечня категорий физических лиц, имеющих право на социальную поддержку в соответствии с законодательством Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 16458, опубликован 13 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее дополнение:

      в Перечне категорий физических лиц, имеющих право на социальную поддержку в соответствии с законодательством Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      дополнить подпунктом 10) следующего содержания:

      "10) лицом, получающим благотворительную помощь от некоммерческих организаций.".

      2. Департаменту налоговой и таможенной политики Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и действует до 31 декабря 2020 года включительно и распространяется на отношения, возникшие с 15 марта 2020 года.

      Министр национальной
экономики Республики Казахстан
Р. Даленов

 

      "СОГЛАСОВАН"

      Министерство финансов

      Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"

      Министерство труда

      и социальной защиты населения

      Республики Казахстан