Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 шiлдедегi № 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 шiлдеде № 20997 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімдегі актінің тіркеу нөмері 20883 электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкі 2020 жылғы 24 маусымда жарияланды) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында:

      4-қосымшаның 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);

      2) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;

      5) баланың денсаулығы туралы анықтама;

      6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).

      Порталға:

      1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);

      2) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);

      3) баланың тууын куәландыратын құжат (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);

      5) баланың денсаулығы туралы анықтама (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);

      6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін) (сканерленген көшірмесі).

      Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы аумақта көрсетілетін қызметті алушылар шектеу іс-шараларын алып тастауға, төтенше жағдайдың қолданысын тоқтатуға қарай осы тармақтың бірінші абзацының 4), 5) және 6) тармақшаларында және екінші абзацының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тікелей білім беру ұйымдарына ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (М.Т Мелдебекова) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

О внесении дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 254 "Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере дошкольного образования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 июля 2020 года № 306. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июля 2020 года № 20997

       ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 254 "Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере дошкольного образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20883 опубликован 24 июня 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее дополнение:

      В Правилах оказания государственных услуг в сфере дошкольного образования:

      в приложении 4 пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. к услугодателю:

      1) направление на зачисление (действительно в течение пяти рабочих дней со дня выдачи);

      2) документ, удостоверяющий личность одного из родителей или законного представителя (для идентификации);

      3) документ, свидетельствующий о рождении ребенка (для идентификации);

      4) паспорт здоровья ребенка по форме, предусмотренной Инструкцией по заполнению и ведению учетной формы 026/у-3 "Паспорт здоровья ребенка", утвержденной приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 июня 2003 года № 469 (зарегистрирован в Государственном реестре нормативных правовых актов за № 2423);

      5)  справка о состоянии здоровья ребенка;

      6) заключение психолого-медико-педагогической консультации (для детей с особыми образовательными потребностями).

      На портал:

      1) направление на зачисление в дошкольную организацию (действительно в течение пяти рабочих дней со дня выдачи);

      2) документ, удостоверяющий личность одного из родителей или законного представителя (для идентификации);

      3) документ, свидетельствующий о рождении ребенка (для идентификации);

      4) паспорт здоровья ребенка по форме, предусмотренной Инструкцией по заполнению и ведению учетной формы 026/у-3 "Паспорт здоровья ребенка", утвержденной приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 июня 2003 года № 469 (зарегистрирован в Государственном реестре нормативных правовых актов за № 2423) (электронная копия);

      5) справка о состоянии здоровья ребенка (электронная копия);

      6) заключение психолого-медико-педагогической консультации (для детей с особыми образовательными потребностями) (сканированная копия, при наличии).

      В случаях осуществления ограничительных мероприятий соответствующими государственными органами, введения чрезвычайного положения, возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера на определенной территории, услугополучатели на данной территории предоставляют непосредственно в организации образования документы, перечисленные в подпункте 4), 5) и 6) абзаца первого и подпункте 4), 5) и 6) абзаца второго настоящего пункта по мере снятия ограничительных мероприятий, прекращения действия чрезвычайного положения.".

      2. Комитету дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Мелдебекова М.Т.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
А. Аймагамбетов