"Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістержәне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 шiлдедегi № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 шiлдеде № 20998 болып тіркелді

      "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20164 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтық:

      атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;

      тұрақты негізде мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      тұрақты негізде мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

      мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға;

      халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға ұсынылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше санаттарға жататын әрбір адамға тек бір негіз бойынша ғана азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беріледі немесе ақшалай қаражат аударылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беру немесе ақшалай қаражат аудару төтенше жағдай жарияланған айдан бастап және төтенше жағдай режимінің қолданылуы аяқталған айды қоса алғанда, осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес айқындалған құрамда (мөлшерде) ай сайын жүзеге асырылады.

      Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген және 2020 жылғы шілдедегі жағдай бойынша тиісті мәртебесі бар адамдарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтығын беру немесе ақша қаражатын аудару осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес айқындалған құрамда (мөлшерде) 2020 жылғы шілде үшін бір рет жүзеге асырылады.

      Азық-түлік-тұрмыстық және тұрмыстық жиынтықты беру немесе ақша қаражатын аудару 2020 жылғы 30 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелерінің, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының және "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Ж. Шапкеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 14 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2020 года № 109 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере и обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 июля 2020 года № 285. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июля 2020 года № 20998

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года "О мерах по обеспечению социально-экономической стабильности", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2020 года № 109 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере и обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20164, опубликованный 26 марта 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере и обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения и ограничительных мероприятий";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила оказания некоторых государственных услуг в социально-трудовой сфере и порядка обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения и ограничительных мероприятий.";

      в Правилах оказания некоторых государственных услуг в социально-трудовой сфере и порядка обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения, утвержденных вышеуказанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила оказания некоторых государственных услуг в социально-трудовой сфере и порядка обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения и ограничительных мероприятий";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Продуктово-бытовой набор предоставляется на период чрезвычайного положения и ограничительных мероприятий:

      детям в возрасте от шести до восемнадцати лет, из числа получателей адресной социальной помощи;

      детям-инвалидам до шестнадцати лет, за исключением инвалидов, постоянно проживающих в медико-социальных учреждениях за счет государственного бюджета и инвалидов, находящихся в местах лишения свободы;

      инвалидам первой, второй и третьей группы всех возрастов, за исключением инвалидов, постоянно проживающих в медико-социальных учреждениях за счет государственного бюджета и инвалидов, находящихся в местах лишения свободы;

      воспитывающим ребенка-инвалида;

      безработным, зарегистрированным в местном органе по вопросам занятости населения.

      Каждому лицу, относящемуся к нескольким категориям, указанным в части первой настоящего пункта, продуктово-бытовой набор выдается или денежные средства перечисляются только по одному основанию.

      Выдача продуктово-бытового набора или перечисление денежных средств лицам, указанным в части первой настоящего пункта, осуществляется ежемесячно с месяца объявления чрезвычайного положения и по месяц окончания действия режима чрезвычайного положения включительно в составе (размере), определенном в соответствии с пунктом 27 настоящих Правил.

      В связи с введением ограничительных мероприятий лицам, указанным в части первой настоящего пункта и имеющим соответствующий статус по состоянию на июль 2020 года, выдача продуктово-бытового набора или перечисление денежных средств осуществляется единовременно за июль 2020 года в составе (размере), определенном в соответствии с пунктом 27 настоящих Правил.

      Выдача продуктово-бытового набора или перечисление денежных средств производится в срок не позднее 30 августа 2020 года.".

      2. Департаменту развития политики социальной помощи Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта;

      4) доведение настоящего приказа до областных, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкент управлений координации занятости и социальных программ, территориальных подразделений Комитета труда, социальной защиты и миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан", акционерного общества "Центр развития трудовых ресурсов".

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Шапкенова С. Ж.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 14 июля 2020 года.

      Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
Б. Нурымбетов