"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 29 шiлдедегi № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 шiлдеде № 21040 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13288 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 29 шілдедегі
№ 324 бұйрығына - қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91
бұйрығына қосымша

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс негізінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) білім алушыларын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (бұдан әрі - ОӘК) уақытылы және толық қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

      2. Осы Қағидалар мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз ету тәртібін, оларды орындау мерзімдерін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік), оның ведомстволық бағынысты ұйымы - "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрі - "Оқулық" РҒПО), Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі - Департамент), жергілікті білім беру саласындағы атқарушы органдардың және білім беру ұйымдарының функцияларын бекітуді айқындайды.

      3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері әлеуметтік мәртебесіне қарамастан "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде тегін оқулықтармен, ОӘК-мен, оның ішінде электрондық оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) білім беру ұйымдарының оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілу мониторингі - Оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, құралдар және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегілердің тiзбесiне (бұдан әрі - Тізбе) енген оқу басылымдарымен қамтамасыз ету (оқу әдебиеттерін мемлекеттік сатып алу қорытындылары, жеткізу жөніндегі шарт жасасуы, баспалардың жөнелтуі, тасымалдаушы ұйымдардың жеткізуі, баламалы оқулықтар арасынан мектептердің оқулықтар мен ОӘК-ді таңдау процесі, мектеп кітапханаларындағы кітап қорының жай-күйі туралы ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату;

      2) баспа - оқулық, ОӘК мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуді және басып шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорын;

      3) оқулық - оқу пәнін жүйелі түрде баяндайтын, тиісті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін оқу басылымының түрі (қағаз немесе электронды);

      4) оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) - оқулықпен бірге жүретін және білім алушылардың оқу пәндерінің мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған, мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықты, хрестоматияны, 1 және 2-сыныптарға арналған жұмыс дәптерлерін, диктанттар жинағын, міндеттер мен жаттығулар жинағын, карта-атласты, оның ішінде электрнонды тасымалдағышта қамтитын оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы;

      5) электрондық оқулық - үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін және білім алушыға өз бетінше немесе педагогтің көмегімен интерактивті режимде оқу курсын немесе оның бөлімін меңгеруге, тапсырмаларды орындауға және өзінің оқу жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін бағдарламалық-әдістемелік оқыту кешені.

2-тарау. Білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен, оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету тәртібі

      5. Білім беру ұйымдарының кітапхана қорын Тізбеге енген оқулықтармен және ОӘК-мен, оның ішінде электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері үшін әрбір 5 (бес) жыл сайын және арнайы білім беру ұйымдары үшін әрбір 6 (алты) жыл сайын білім алушылар контингентіне сәйкес сатып алу және жыл сайын оқулықтармен және ОӘК-мен, оның ішінде электрондық оқулықтардың қажетті санын қосымша сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

      6. Республикалық білім беру ұйымдары, сондай-ақ шетел мектептерінде білім алатын отандастарымыз оқулықтармен және ОӘК-мен республикалық бюджет қаражаты есебінен халықаралық келісімдерге сәйкес қамтамасыз етіледі.

      7. Білім беру ұйымдары жыл сайын 25 мамырға дейін білім алушылар контингентіне оқулықтар мен ОӘК санының жеткіліктілігіне қарай кітап қорын түгендеуді жүргізеді және келесі оқу жылына арналған кітап қорынан білім алушыларға оқулықтар және ОӘК береді.

      8. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 30 қыркүйекке дейін білім беру ұйымдарында білім алушылардың болжамды санын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін есепке ала отырып айқындайды және оның негізінде келесі оқу жылына оқулықтар мен ОӘК-ті, оның ішінде электрондық оқулықтарды сатып алуға, өтінімді қалыптастырады.

      9. Баспалар жыл сайын қазан айында Министрлікке оқулықтар мен ОӘК-нің бағдарлы бағасын жолдайды.

      10. Баспалар жыл сайын 30 қазаннан кешіктірмей өз ұйымдарының сайтында оқулықтар мен ОӘК-ді және сатып алуға жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру үшін оқулықтар мен ОӘК-нің алдын ала прайс-парағын орналастырады.

      11. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес Министрлік Тізбені жыл сайын 28 наурызға дейін бекітеді және оны білім беру ұйымдары мен баспалардың танысуы үшін Министрліктің сайтында орналастырады.

      12. Тізбе бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде баспалардың сайтында Тізбеге енгізілген оқулықтар мен ОӘК-дің прайс-парағы орналастырылады.

      13. Білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктері немесе әдістемелік бірлестіктері жоқ білім беру ұйымдарының педагогтері 5 сәуірге дейін алдағы оқу жылына оқулықтар мен ОӘК таңдауды жүзеге асырады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер толтырады.

      14. Мектеп кітапханашысы әдістемелік бірлестіктердің шешімдері немесе әдістемелік бірлестіктері жоқ білім беру ұйымдарының педагогін таңдау негізінде 10 сәуірге дейін Ұлттық білім беру деректер қоры (бұдан әрі - ҰБДҚ) арқылы оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық оқулықтар сатып алуға өтінімдер толтырады.

      15. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 15 сәуірге дейін ҰБДҚ-ға білім беру ұйымдары енгізген өтінімдер негізінде баспаға оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық оқулықтар сатып алуға өтінім жібереді.

      16. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 25 сәуірге дейін білім беру ұйымдарының өтінімдері негізінде оқулықтар мен ОӘК-ді басып шығаруды жүзеге асыратын баспалармен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен шарттар жасайды.

      17. Жергілікті атқарушы органдар оқулықтар мен ОӘК-ді басып шығаратын баспалармен "Оқулық басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 тамыздағы № 611 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12089 болып тіркелген) сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы болған жағдайда ғана шарт жасасады.

      18. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 30 сәуірге дейін оқулықтар мен ОӘК-ді басып шығаруды жүзеге асыратын ұйымнан білім беру ұйымдарына дейін оқулықтар мен ОӘК-ді жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің әлеуетті жеткізушілерін анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізуді ұйымдастырады.

      19. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 1 тамызға дейін білім беру органдары алдағы оқу жылына болжайтын көлемде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен ОӘК-ді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады.

      20. Жергілікті атқарушы органдар 10 тамызға дейін ҰБДҚ-ға енгізілген білім беру ұйымдарының өтініміне сәйкес оқулықтар мен ОӘК-ді, оның ішінде электрондық оқулықтарды бөлуді жүзеге асырады.

      21. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын Министрлікке білім беру ұйымдарының алдағы оқу жылына оқулықтармен, ОӘК-мен, оның ішінде электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілуі туралы қорытынды ақпаратты 10 тамызға дейін оқулықтардың, ОӘК-нің (болған жағдайда) қалған бөліктерімен қамтамасыз етілуі туралы ақпаратты 5 желтоқсанға дейін жібереді.

      22. Оқулықтарды сараптамаға тапсыру кезінде баспалар оқулықтардың сапасын қоғамдық бағалау порталында орналастыру үшін оқулықтың электронды нұсқасын "Оқулық" РҒПО-ға жібереді.

      23. "Оқулық" РҒПО Департаменттермен бірлесе отырып, 1 маусым және 10 қыркүйек аралығында он күн сайынғы мониторингті жүргізеді, оның барысында жергілікті атқарушы органдар жеткізу туралы, баспа - жөнелту туралы мәліметтерді ұсынып отырады.

      24. Бірінші оқу жылында қолдану мерзімінде оқулық және ОӘК-де полиграфиялық ақау анықталған жағдайда баспа оларды өз қаражаты есебінен ауыстыруды жүзеге асырады.

      25. Мектеп кітапханашысы 10 қыркүйекке дейін білім беру ұйымына жеткізілген оқулықтар мен ОӘК,оның ішінде электрондық оқулықтар туралы мәліметтерді ҰБДҚ-ға енгізеді.

      26. "Оқулық" РҒПО 10 қыркүйек және 10 қараша аралығында ҰБДҚ деректеріне сәйкес сатып алынған оқулықтар мен ОӘК әдістемелік бірлестіктердің немесе педагогтердің (әдістемелік бірлестіктер болмаған жағдайда) өтінімдеріне сәйкес мониторингті жүзеге асырады.

      27. "Оқулық" РҒПО ҰБДҚ арқылы мектеп кітапханаларының жай-күйіне және олардың оқулықтармен, ОӘК-мен, оның ішінде электрондық оқулықтармен, көркем, ғылыми-көпшілік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен толықтырылу процесіне тұрақты түрде мониторингті жүзеге асырады және оның нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар жолдайды.

      28. Жергілікті атқарушы органдар қажеттілік туындаған жағдайда аудан, қала, облыс ішіндегі білім беру ұйымдарының арасында оқулықтар мен ОӘК-ді қайта бөлуді жүргізеді.

  Қосымша
мемлекеттік білім беру
ұйымдарының білім алушылары
мен тәрбиеленушілерін
оқулықтар
мен және оқу-әдістемелік
кешендермен қамтамасыз
ету қағидаларына
  Нысаны
  Кітапхана меңгерушісіне
____________________________
____________________________
(білім беру ұйымының атауы)
____________________________
кітапхана меңгерушсінің (тегі,
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда),
кімнен______________________
(әдістемелік бірлестіктің атауы
немесе педагогтің тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)

Оқулықтар мен ОӘК таңдау бойынша Өтінім

Оқулық немесе ОӘК атауы

Сынып

Баспа

Авторлар

Басылым жылы

Саны
(дана)






















      Әдістемелік бірлестік мүшелерінің немесе педагогтің қолы ________________________

      Өтініш беру күні "___" _____________ 20___ жыл

      Қабылдады: ________________________________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

О внесении изменения в Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 91 "Об утверждении правил обеспечения учебниками и учебно-методическими комплексами обучающихся и воспитанников государственных организаций образования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 июля 2020 года № 324. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2020 года № 21040

      В соответствии с подпунктом 19-2) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 91 "Об утверждении правил обеспечения учебниками и учебно-методическими комплексами обучающихся и воспитанников государственных организаций образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 13288, опубликованный 10 марта 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      Правила обеспечения учебниками и учебно-методическими комплексами обучающихся и воспитанников государственных организаций образования, утвержденный указанным приказом изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
А. Аймагамбетов

  Приложение к приказу
Министра образования и
науки Республики Казахстан
от 29 июля 2020 года № 324
  Приложение к приказу
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от "28" января 2016 года № 91

Правила обеспечения учебниками и учебно-методическими комплексами обучающихся и воспитанников государственных организаций образования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила обеспечения учебниками и учебно-методическими комплексами обучающихся и воспитанников государственных организаций образования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 19-2) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" с целью своевременного и полного обеспечения учебниками и учебно-методическими комплексами (далее – УМК) организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего образования, общего среднего образования, специализированные общеобразовательные и специальные учебные программы на основе государственного заказа (далее – организации образования).

      2. Данные Правила определяют порядок обеспечения учебниками и УМК обучающихся и воспитанников государственных организаций образования, сроки исполнения, закрепление функций Министерства образования и науки Республики Казахстан (далее – Министерство), его подведомственной организации – Республиканского научно-практического центра "Учебник" (далее – РНПЦ "Учебник"), территориальных департаментов Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки Министерства (далее – Департаменты), местных исполнительных органов в области образования и организаций образования.

      3. Обучающиеся и воспитанники организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования, специализированные общеобразовательные и специальные учебные программы, независимо от социального статуса в соответствии с подпунктом 7) пункта 3 статьи 47 Закона Республики Казахстан "Об образовании" от 27 июля 2007 года обеспечиваются бесплатными учебниками, УМК и в том числе электронными учебниками в объеме, прогнозируемом органами образования на учебный год, за счет средств местных и республиканского бюджетов.

      4. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) мониторинг обеспеченности организаций образования учебной литературой – сбор, хранение, обработка и распространение информации о ходе обеспечения учебными изданиями (итоги государственных закупок учебных изданий организациями образования, итоги заключения договоров на отправку издательствами и доставку учебных изданий транспортными компаниями, выбора школами учебников и УМК из числа альтернативных учебников, включенных в Перечень учебников, учебно-методических комплексов, пособий и другой дополнительной литературы, в том числе на электронных носителях (далее – Перечень), состояние книжного фонда в школьных библиотеках);

      2) издательство – предприятие, осуществляющее подготовку и издание учебников, УМК и учебно-методических пособий;

      3) учебник – вид учебного издания (бумажный или электронный), содержащий систематизированное изложение учебного предмета, соответствующего Государственному общеобязательному стандарту образования, типовой учебной программе;

      4) учебно-методический комплекс (УМК) – совокупность учебных и методических изданий, сопровождающих учебник и направленных на обеспечение освоения обучающимися содержания учебных предметов (дисциплин), включающий методическое руководство для учителя, хрестоматию, рабочие тетради для 1 и 2 классов, сборник диктантов, сборник задач и упражнений, картографический атлас, в том числе на электронном носителе;

      5) электронный учебник – программно-методический обучающий комплекс, соответствующий типовой учебной программе и обеспечивающий возможность обучающемуся самостоятельно или с помощью педагога в интерактивном режиме осваивать учебный курс или его раздел, выполнять задания и оценивать свои учебные достижения.

Глава 2. Порядок обеспечения организаций образования учебниками, учебно-методическими комплексами и учебно-методическими пособиями, в том числе электронными учебниками

      5. Обеспечение библиотечного фонда организаций образования учебниками и УМК, в том числе электронными учебниками, вошедшими в Перечень, осуществляется приобретением через каждые 5 (пять) лет для уровней начального, основного среднего, общего среднего образования и через каждые 6 (шесть) лет для организаций специального образования и ежегодным дозакупом необходимого количества учебников и УМК, в том числе электронных учебников, согласно контингенту обучающихся.

      6. Республиканские организации образования, а также соотечественники, обучающиеся в зарубежных школах, в соответствии с международными соглашениями обеспечиваются учебниками и УМК за счет средств республиканского бюджета.

      7. Организации образования ежегодно до 25 мая проводят инвентаризацию книжного фонда на предмет достаточности количества учебников и УМК на контингент обучающихся и выдают из книжного фонда учебники и УМК обучающимся на последующий учебный год.

      8. Местные исполнительные органы ежегодно до 30 сентября определяют прогнозное количество обучающихся в организациях образования на следующий учебный год с учетом контингента обучающихся и воспитанников и на его основании формируют заявки на приобретение учебников и УМК, в том числе электронных учебников, на предстоящий учебный год.

      9. Издательства ежегодно в октябре направляют в Министерство ориентировочные цены на учебники и УМК.

      10. Издательства ежегодно не позднее 30 октября размещают на сайтах своих организаций предварительные прайс-листы на учебники и УМК для формирования бюджетной заявки местными исполнительными органами на приобретение учебников и УМК.

      11. В соответствии с подпунктом 27-1) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" Министерство ежегодно до 28 марта утверждает Перечень и размещает его на сайте Министерства для ознакомления организаций образования и издательств.

      12. В течение пяти рабочих дней после утверждения Перечня на сайтах издательств размещаются прайс-листы на учебники и УМК, включенные в Перечень.

      13. Методические объединения организаций образования или педагоги организаций образования, в которых отсутствуют методические объединения, до 5 апреля осуществляют выбор учебников и УМК на предстоящий учебный год и заполняют заявки по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      14. Школьный библиотекарь на основании решений методических объединений или выбора педагогов организаций образования, в которых отсутствуют методические объединения, до 10 апреля через Национальную образовательную базу данных (далее – НОБД) заполняют заявки на приобретение учебников и УМК, в том числе электронных учебников.

      15. Местные исполнительные органы ежегодно до 15 апреля на основании заявок, включенных организациями образования в НОБД, направляют в издательства заявку на приобретение учебников и УМК, в том числе электронных учебников.

      16. Местные исполнительные органы ежегодно до 25 апреля заключают договоры с издательствами, осуществляющими выпуск учебников и УМК, в порядке, предусмотренном Гражданским кодексом Республики Казахстан, на основании заявок организаций образования.

      17. Местными исполнительными органами заключение договоров с издательствами, выпускающими учебники и УМК, осуществляется при наличии заключения санитарно-эпидемиологической экспертизы учебных изданий на соответствие их приказу Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 августа 2015 года № 611 "Об утверждении гигиенических нормативов к учебным изданиям" (зарегистрирован в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 12089).

      18. Местные исполнительные органы ежегодно до 30 апреля организуют проведение процедур государственных закупок по определению потенциальных поставщиков услуги по доставке учебников и УМК от издательств, осуществляющих выпуск учебников и УМК, до организаций образования.

      19. Местные исполнительные органы ежегодно до 1 августа организуют приобретение и доставку учебников и УМК организациям образования, реализующим общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования, специализированные общеобразовательные и специальные учебные программы, в объеме, прогнозируемом органами образования на предстоящий учебный год.

      20. Местные исполнительные органы до 10 августа осуществляют распределение учебников и УМК, в том числе электронных учебников, согласно заявкам организаций образования, включенным в НОБД.

      21. Местные исполнительные органы ежегодно направляют в Министерство итоговую информацию об обеспеченности учебниками и УМК, в том числе электронными учебниками, организаций образования к предстоящему учебному году до 10 августа и информацию об обеспеченности остальными частями учебников и УМК (при наличии) до 5 декабря.

      22. При сдаче учебников на экспертизу издательства направляют в РНПЦ "Учебник" электронную версию учебника для размещения на портале общественной оценки качества учебников.

      23. РНПЦ "Учебник" совместно с Департаментами проводит ежедекадный мониторинг в период с 1 июня по 10 сентября, в ходе которого местные исполнительные органы представляют сведения о доставке, издательства – об отгрузке.

      24. При обнаружении полиграфического брака в течение первого учебного года использования учебника и УМК издательство осуществляет их замену за счет собственных средств.

      25. Школьный библиотекарь до 10 сентября вносит в НОБД данные об учебниках и УМК, в том числе электронных учебниках, доставленных в организацию образования.

      26. РНПЦ "Учебник" с 10 сентября по 10 ноября осуществляет мониторинг соответствия приобретенных учебников и УМК заявкам методических объединений или педагогов (при отсутствии методических объединений) согласно данным НОБД.

      27. РНПЦ "Учебник через НОБД на постоянной основе осуществляет мониторинг состояния школьных библиотек и процесса пополнения фондов школьных библиотек учебниками и УМК, в том числе электронными учебниками, художественной, научно-популярной и учебно-методической литературой, по его результатам представляет рекомендации местным исполнительным органам.

      28. Местные исполнительные органы при необходимости проводят перераспределение учебников и УМК между организациями образования внутри района, города, области.

  Приложение к Правилам
обеспечения учебниками
и учебно-методическими
комплексами обучающихся и
воспитанников государственных
организаций образования
  Форма
  Заведующему библиотекой
____________________________
____________________________
(наименование организации образования)
____________________________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии)
зав. библиотекой)
от ____________________________
(наименование методического
объединения или фамилия, имя,
отчество (при его наличии) педагога

Заявка по выбору учебников и УМК

Наименование учебника или УМК

Класс

Издательство

Авторы

Год издания

Количество (экз.)






















      Подписи членов методического объединения или подпись педагога
___________________
Дата подачи заявления "___" _____________ 20___ года

      Принял: ________________________________________________ ________________
                  (фамилия, имя, отчество (при его наличии)             (подпись)