БҰЙЫРАМЫН:
"Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
50-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"50. Бөлшек сауданы жүзеге асыратын сатушы, Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында шектеу белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауарды сатып алуға жүгінетін әрбір адамға тауарды өткізеді.
Алкоголь өнімін және (немесе) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды сатушыда сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда, сатушы:
1) жеке басын куәландыратын құжатты (оның ішінде шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжатты) ұсынуды талап етеді;
2) егер жеке басын куәландыратын құжат (оның ішінде шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжат) ұсынылмаған жағдайда, алкоголь өнімін және (немесе) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды сатудан бас тартады.".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |