2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 41-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметтері департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қатамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Нурымбетов |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйегі № 349 бұйрығымен бекітілген |
Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтері
Ескерту. Үлгілік норматив жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.03.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с | Ұйым жұмыскерлерінің орташа жылдық саны, бірлік | Сан нормативтері, бірлік |
1 | 50-ге дейін | 0,5 |
2 | 51-100 | 1 |
3 | 101-150 | 1,5 |
4 | 151-200 | 2 |
5 | 201-250 | 2,5 |
6 | 251-300 | 3 |
7 | 301-350 | 3,5 |
8 | 351-400 | 4 |
9 | 401-450 | 4,5 |
10 | 451-500 | 5 |
11 | 500-1000 | 5,5 |
12 | 1001-1500 | 6 |
13 | 1501-2000 | 6,5 |
14 | 2001-2500 | 7 |
15 | 2501-3000 | 7,5 |
16 | 3001-3500 | 8 |
17 | 3501-4000 | 8,5 |
18 | 4001-4500 | 9 |
19 | 4501-5000 | 9,5 |
20 | 5001 және одна көп | 10 |
Ескертпе:
Бүтін емес мәні бар сан нормативтері көрсетілген шекті мәннен кем емес санды анықтайды.
0,5 мәні еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндетті басқа маманға жүктеуді немесе қызмет ерекшелігін ескере отырып, жеке бір маманды бекітуді білдіреді. Мәні 1,5, 2,5, 3,5, 4,5, 5,5, 6,5, 7,5, 8,5, және 9,5 жұмыс берушінің қызметтің ерекшелігін ескере отырып, қажеттілікті толығымен дөңгелектеу арқылы өз бетінше анықтау мүмкіндігін білдіреді.
Еңбекті қорғау қызметі жұмыскерлерінің саны (Ч) мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы Ч – жұмыскерлердің саны, адам;
Фn - бір жұмыскердің бір жылдағы жұмыс уақытының пайдалы қоры. Бір жылдағы жұмыс күндерінің оның орташа ұзақтығына туындысы ретінде айқындалады.
Tн – нормаланатын жұмыстың жылдық еңбек сыйымдылығы, адам-сағ.;
Нормаланатын жұмыстардың жылдық еңбек сыйымдылығы (Тн) орындалатын жұмыстың әр түрінің көлемін ескере отырып мынадай формула бойынша айқындалады:
мұндағы Нврi – жұмыстың нақты нормаланатын түрін орындаудың уақыт нормалары, адам-сағ.;
Vi – жыл ішінде орындалатын нақты жұмыс түрінің көлемі i = 1, 2, ..., n - орындалған жұмыс түрлері.
Жұмысты орындау уақытының нормативі (Нвр) мынадай формула бойынша айқындалады:
Мұндағы Нвр – нақты бір жұмыс түрін (функцияны) орындау уақыты, адам-сағ.;
Ton – норматив бойынша белгіленген нормаланатын жұмысты орындау уақытының нормативі, адам-сағ.;
К – жұмыс орнына ұйымдық-техникалық қызмет көрсетуге, демалысқа (жұмысты орындау кезінде мәжбүрлі үзілістерді, гимнастикалық жаттығуларды қосқанда) және жеке қажеттіліктерге, сондай-ақ дайындық-қорытынды жұмыстарға кететін уақытты жедел уақыттың пайыздық қатысынан ескеретін коэффициент. Жұмыскерлердің жұмыс уақытын хронометражды қадағалауды талдау нәтижелері бойынша К жедел уақыт көлемінің 10%-ына тең болып қабылданады.