"Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 450 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қыркүйекте № 21175 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жүктерді тасымалдау тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделеді, ал үйіп (бос) тасымалданатын жүктердің кейбір түрлерін тасымалдаған жағдайларда, өлшеу актісімен немесе таразыға тарту актісімен ресімделуі мүмкін.

      Автокөлік құралдарын уақыттық тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу бір жұмыс күні (ауысым) ішіндегі сағаттық есеппен жүргізіледі) автокөлік құралының жүрісін және жүк жөнелтушінің (жүк алушының) қарамағында болған уақытын көрсете отырып, жүргізушінің түскі үзіліс уақытын шегеріп жолдама парақта № 4-п нысаны бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазумен ресімделеді.

      Автокөлік құралдарын, олардың жұмысын кесімді тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу тасымалданған тонналар үшін жасалады) жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жолдама параққа № 4-с нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазуымен ресімделеді.

      Тауар-көлік жүкқұжаттарын, жолдама парақты жүк жөнелтушілермен (жүк алушылармен) ресімдеу қағаз тасығышта немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жолдама парақтар тасымалдаушымен берілген күнін, тасымалдаушының уәкілетті адамының қолымен, тасымалдаушының мөртабанын немесе мөрін көрсете отырып, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес № 4-п және № 4-с нысан бойынша бір ауысымға (рейске) ресімделеді.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің (мөртабанның) болуы талап етілмейді.

      Электрондық форматта жолдама парағын ресімдеу кезінде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген ақпарат оған электрондық түрде енгізіледі және тасымалдаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Жүкті басқа мекенжайға жіберу кезінде тауар-көлік жүкқұжатында "басқа мекенжайға жіберу" деген бағанда басқа мекенжайға жіберу туралы өкімге сәйкес жаңа жүк алушының атауы мен мекенжайы көрсетіледі. Тауар-көлік жүкқұжатына енгізілген өзгерістер қағаз тасығышта жүк жөнелтушінің қолымен және (немесе) оның мөрімен (мөртабанымен) расталады немесе электрондық құжат нысанында ресімделген кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің (мөртабанның) болуы талап етілмейді.";

      134-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Осы Қағидалардың 133-тармағында көрсетілген тауар-көлік жүкқұжаттарындағы жазулар қағаз тасығышта жүк жөнелтушінің (жүк алушының) және жүргізушінің қолдарымен немесе электрондық құжат нысанында ресімделген кезде жүк жөнелтушінің (жүк алушының) электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады. Жүк жөнелтушінің (жүк алушының), сондай-ақ жүргізушінің тауар-көлік жүкқұжаттарындағы біржақты жазулары, осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарамсыз болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 546 "Об утверждении Правил перевозок грузов автомобильным транспортом"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 1 сентября 2020 года № 450. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 сентября 2020 года № 21175

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 546 "Об утверждении Правил перевозок грузов автомобильным транспортом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12463, опубликованный 20 января 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах перевозок грузов автомобильным транспортом, утвержденных указанным приказом:

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Перевозка грузов оформляется товарно-транспортными накладными, а в случаях перевозки некоторых видов грузов, перевозимых насыпью (навалом), может оформляться актом замера или актом взвешивания.

      Использование автотранспортных средств с оплатой по повременному тарифу (оплата работы автотранспортного средства производится из почасового расчета в течение одного рабочего дня (смены), оформляется записями в путевом листе по форме № 4-п, согласно приложению 1 к настоящим Правилам с указанием пробега и времени нахождения автотранспортного средства в распоряжении грузоотправителя (грузополучателя) за вычетом времени обеденного перерыва водителя.

      Использование автотранспортных средств с оплатой их работы по сдельному тарифу (оплата работы автотранспортного средства производится за перевезенные тонны) оформляется записями грузоотправителя (грузополучателя) в путевом листе по форме № 4-с, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Оформление товарно-транспортных накладных, путевого листа грузоотправителям (грузополучателям) производится на бумажном носителе или в форме электронного документа подписанный электронной цифровой подписью.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Путевые листы оформляются перевозчиком на одну смену (рейс) с указанием даты выдачи, подписью уполномоченного лица перевозчика, штампом или печатью перевозчика, по форме № 4-п и № 4-с согласно приложениям 1 и 2 к настоящим Правилам.

      Не требуется наличие печати (штампа) для юридических лиц, относящихся к субъектам частного предпринимательства.

      При оформлении путевого листа в электронном формате, информация указанная в первом абзаце настоящего пункта вносится в него в электронном виде и заверяется электронной цифровой подписью перевозчика.";

      пункт 73 изложить в следующей редакции:

      "73. При переадресовке груза в товарно-транспортной накладной в графе "переадресовка" указываются наименование и адрес нового грузополучателя в соответствии с распоряжением о переадресовке. Изменения, внесенные в товарно-транспортную накладную, заверяются подписью грузоотправителя и (или) его печатью (штампом) на бумажном носителе или электронно цифровой подписью при оформлении в форме электронного документа.";

      пункт 134 изложить в следующей редакции:

      "134. Указанные в пункте 133 настоящих Правил записи в товарно-транспортной накладной заверяются подписями грузоотправителя (грузополучателя) и водителя на бумажном носителе или электронно цифровой подписью грузоотправителя (грузополучателя) при оформлении в форме электронного документа. Односторонние записи в товарно-транспортной накладной, как грузоотправителя (грузополучателя), так и водителя являются недействительными, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 19 настоящих Правил.".

      2. Комитету транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфрастуктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития Республики Казахстан
Б. Атамкулов

      "СОГЛСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового
развития, инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан