"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 200-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес халықтың шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын жекелеген санаттарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Бірінші Вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Халықтың шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын жекелеген санаттарының тізбесіне қосымша |
Халықтың шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын жекелеген санаттарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.11.2022 № ҚР ДСМ-146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Шұғыл стоматологиялық көмек алуға жататын халықтың санаттары |
1. | 18 жасқа дейінгі балалар |
2. | Жүкті әйелдер |
3. | Ұлы Отан соғысының ардагерлері |
4. | 1, 2, 3-топтағы мүгедектігі бар адамдар |
5. | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар |
6. | Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар |
7. | Жасы бойынша зейнеткерлер |
8. | Инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар |
9 | Мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар |
10 | Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар |
Жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын халықтың санаттары | |
1. | 18 жасқа дейінгі балалар |
2. | Жүкті әйелдер |