Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-110/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 21283 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 78-бабының 7-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 493 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 5845 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2009 жылғы 24 қараша, № 179 (1775) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық-әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 23 қыркүйегі
№ ҚР ДСМ-110/2020
бұйрығымен бекітілген

Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі

      1. Жіті инфекциялық аурулары.

      2. Туберкулез (белсенді туберкулездің кез-келген нысаны).

      3. Алапес.

      4. Стационарлық емдеуді талап ететін мерез (белсенді нысаны).

      5. Жұқпалы тері аурулары.

      6. Стационарлық емдеуді талап ететін орталық нерв жүйесінің жіті аурулары.

      7. Стационарлық емдеуді талап ететін трофиканың ауыр бұзылулары.

Об утверждении Перечня медицинских противопоказаний к помещению детей в дом ребенка и организации образования, организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-110/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 сентября 2020 года № 21283

      В соответствии с пунктом 7 статьи 78 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень медицинских противопоказаний к помещению детей в дом ребенка и организации образования, организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 октября 2009 года № 493 "Об утверждении Перечня медицинских противопоказаний к помещению детей в дом ребенка и организации образования, организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5845, опубликован 24 ноября 2009 года в газете "Юридическая газета" № 179 (1776)).

      3. Департаменту медико-социальной помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

  Приложение к приказу
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 23 сентября 2020 года
№ ҚР ДСМ-110/2020

Перечень медицинских противопоказаний к помещению детей в дом ребенка и организации образования, организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

      1. Острые инфекционные заболевания.

      2. Туберкулез (любая форма активного туберкулеза).

      3. Лепра.

      4. Сифилис (активная форма), требующая стационарного лечения.

      5. Заразные кожные заболевания.

      6. Острые заболевания центральной нервной системы, требующие стационарного лечения.

      7. Тяжелые нарушения трофики, требующие стационарного лечения.