Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылауға жататын мәні жоғары, орташа және төмен тәуекел субъектілердің (объектілердің) тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 20 қазаны № ҚР ДСМ - 144/2020 бұйрығына қосымша |
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тәуекелі жоғары бақылау субъектілері (объектілері):
1) Стационарлық көмек көрсететін субъетілер (объектілер) (аудандық аурухана, нөмірленген аудандық аурухана, көпбейінді ауданаралық аурухана, қалалық аурухана, көпбейінді қалалық аурухана, көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, көпбейінді облыстық аурухана, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы);
2) Босандыру субъектілері (объектілері);
3) Медициналық жедел жәрдем және медициналық авиация көрсететін субъектілер (объектілер);
4) Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);
5) Стоматологиялық емхана (орталық, кабинет);
6) Фтизиопульмонологиялық ұйымдар;
7) Онкологиялық орталық немесе диспансер;
8) Ядролық медицина орталығы;
9) Апаттар медицинасы ұйымдары;
10) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.
2. Тәуекелі орташа бақылау субъектілері (объектілері):
1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету субъектілері (объектілері) (медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулатория, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы, нөмірленген аудандық емхана, аудандық емхана, қалалық емхана);
2) Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін субъектілер (объектілер);
3) Патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);
4) Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);
5) Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін субъектілер (объектілер);
6) Дәстүрлі медицинаның субъектілері (объектілері).
3. Тәуекелі төмен бақылау субъектілері (объектілері):
1) Қалпына келтіретін емдеуді және медициналық оңалтуды жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері);
2) Паллиативтік көмек пен мейіргер күтімін көрсететін бақылау субъектілері (объектілері);
3) Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін бақылау субъектілері (объектілері).