"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 453 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қазанда № 21484 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 5191 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырда № 81 (1307) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында:

      2-тарау алынып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады.

      Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тоқсандық баға формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

      Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде жартыжылдыққа баға формативті бағалау және БЖБ нәтижесі бойынша қойылады.

      Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда тоқсандық баға формативті бағалауды, бір БЖБ мен ТЖБ нәтижелерін ескеріп қойылады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. 1-сыныпта жылдық баға қойылмайды.

      Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру қорытындысымен сол сыныпта қайтадан оқытуға ұсыныс берілген және/немесе баланың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен орнында қалдырылатын білім алушыларды қоспағанда 1-сынып білім алушысы оқу жылын қайта оқуға орнында қалдырылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 "Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся для организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 октября 2020 года № 453. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 октября 2020 года № 21484

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 "Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся для организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования" (зарегистрирован в Государственном реестре нормативных правовых актов за № 5191, опубликован в газете "Юридическая газета" от 30 мая 2008 года № 81 (1481) следующие изменения:

      в Типовых правилах проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в организациях образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования, утвержденных указанным приказом:

      Главу 2 исключить;

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Формативное оценивание, в том числе домашней работы, проводится для мониторинга достижений обучающимися целей обучения и дальнейшего выстраивания дифференцированной работы на уроке и осуществляется через рекомендации педагога в письменной форме (в тетрадях или дневниках) или устно.

      В случаях ограничительных мер соответствующих государственных органов, в том числе карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера учебные достижения обучающихся оцениваются формативно с выставлением баллов. Оценивание учебных достижений обучающихся 2-11 (12) классов осуществляется в пределах от одного до 10 баллов.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Четвертная оценка выставляется на основании результатов формативного оценивания, СОР и СОЧ в процентном соотношении 50% на 50%.

      При учебной нагрузке 1 час в неделю оценка за полугодие выставляется по результатам формативного оценивания и СОР.

      В случаях ограничительных мер соответствующих государственных органов, в том числе карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера четвертная оценка выставляется с учетом формативного оценивания, результатов одного СОР и СОЧ.";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. В 1 классе годовая оценка не выставляется.

      Обучающиеся 1 класса не оставляются на повторный год обучения, за исключением обучающихся, которым рекомендован повторный год обучения на основании заключения психолого-медико-педагогической консультации и (или) по согласованию с родителями или законными представителями ребенка.".

      2. Комитету дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
А. Аймагамбетов